Бірінші бөлім кітаби ақындар (ХХ ғасыр басындағы түрік халықтары әдебиеті контекстінде) (монография)



бет23/23
Дата19.05.2018
өлшемі5,03 Mb.
#40515
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Қорытынды
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының өзіндік бір ерекшелігі – ежелгі дәстүрлі жазба әдебиеттің қайта өркендеп, Ясауи хикметтері сопылық ілім тұрғысынан да, поэзиялық дәстүр тұрғысынан да жалғасын тауып, кітаби ақындар шығармашылығында қисса-дастандар арқылы көрінуі.

Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы, сопылық ілімі дербес мектеп болып қалыптасып, ғасырларға ұласты. ХІІ ғасырлардан бастап Алтын Орда, қазақ хандығы дәуірлері әдебиетінде, жыраулар поэзиясында Ясауи сопылық ілімі, дәстүрлік өрнегі жалғасын тапты. Зар заман сарынында ерекше көрінді. Әсіресе, Ясауи сопылық ілімі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қатты өркендеген кітаби ақындар шығармашылығының басты рухани өзегі болды.

Қазақ әдебиетінің тарихында кітаби ақындық және оның басты шығармашылық дәстүрі – нәзирагөйлік Ясауи, Бақырғани шығармаларынан бастау алып, Алтын Орда дәуірінде ұлы Ұлыстың мемлекеттік рухани қазығы ретінде мұсылман дінін берік бекіту, ұлыстың түрік жұртының ислами өркениетін қалыптастыру мүддесімен қабыса келіп туындады. Кітабилықтың кейінгі кезеңі орыс отарлығына қарсы қолданылатын рухани қару, діни, әдеби, жалпы өркениеттік, бүгінгі тілмен айтқанда, діни ағартушылық қозғалыс ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қайта туып өркен жайды. Олар жырлаған басты тақырып дін болды. Сондықтан да дін тақырыбында көптеген қиссалар тудырды. Сонымен бірге, өзге тақырыптарды да, мысалы, ғашықтық, хикаялық қисса-дастандарды «Мың бір түн», «Кәлилә мен Димнә», «Тотынама», «Шаһнама» желілерінен алып, дербес нәзиралық туындылар етіп, діни-сопылық іліммен сабақтастықта жырлады. Бұл кітаби ақындықтың діни тақырыптан туындаған, өскен, өркен жайған, әдеби үдеріс ретінде дамыған көрінісі еді. Бұлай дейтініміз, олар жырлаған әр туындыда дерлік діни, діни-гуманистік, діни-фәлсафалық сарын шығарманың ішкі өзегіндегі тіні, арқауы болып өріліп жатады. Бұл бұрынғы діни фәлсафалық-сопылық, кейінгі діни ағартушылық аталған бағыт екені анық. Ясауи сопылық ілімі мен оны негіздеген хикметтері олардың діни ағартушылық және діни-әдеби шығармашылықтарына басты бағыт-бағдар болған. Қожа Ахмет Ясауи өзінің сопылық ілімін хикметтерінде жырлағанда басты-басты тақырыптары мыналар болды: Алланың бірлігі мен барлығы және Алладан қорқу, Хақ дидарына ғашық болу, мейірімділік, қайырымдылық, төзімділік, адал еңбекті үндеу, білім мен ғылым. Мысалы, кітаби ақын Жүсіпбек Шайхысламұлының «Қисса Мансұр әл-Халлаж» туындысы Ясауи сопылық ілімі, хикметтерімен идеялық сабақтастықта жырланған шығарма. Ахмет Ясауидің бірнеше хикметтерінде жырланатын сопы Мансұр әл-Халлаж оқиғасы Жүсіпбек шығармашылығында тұтастану, даралану үдерістерінен өтіп, дербес көркем шығармаға айналған. Бұл - ғасырларға жалғасып жатқан әдеби дәстүр сабақтастығы.

Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің, өмірлік ұстанымының негізін танытатын хикметтері қазақ ақындары тарапынан ғасырлар бойы жырланып келді. Сопы ақын хикметтерінің мәні мен маңызы қазақ ақындары жырлаған дәуірлер тынысына өзек боп өрілді. Жыраулар поэзиясы өкілдері шығармаларында көрініс беретін мұсылман діні, мұсылманшылық туралы ойлары Ясауи ілімімен, Бақырған шығармаларымен, Алтын Орда дәуірінде өркендеген мұсылмандық өркениетімізбен сабақтасып жатады. Әсіресе, отарлық дәуір аталатын ХІХ ғасыр ақындары шығармаларындағы зарлы әуен, зар заман сарыны Ахмет Ясауидің дәуір, дәуір тынысына орай құбылған адам болмысы туралы өрілген ойларымен тығыз сабақтастықта жырланды десек артық болмайды. Зар заманның ұлы жыршылары деуге болатын Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары, Кердері Әбубәкір толғаулары Ясауи толғаған заман жайымен үндесіп жатты. Қазақтың отарлық дәуірі әдебиетіндегі Ясауи сопылық ілімі мен дәстүрі тақырыптық, көркемдік тұрғыда Абай поэзиясына онан Шәкәрімге ұласты.

Сопылық ілімді негіз етіп жырлаған діни хикаялық қисса кейіпкерлерінің де барша мұрат-мақсаттарына жетуінің кілті – өздерінің хақ пейілділігі мен жан тазалығында. Діни нәзирашыл сопы ақындар ел көңіліне адалдық, мейірім, әділдік нұрын ұялатқысы келеді.

Дәстүрлі жазба әдебиет өкілдері – кітаби ақындардың негізгі шығармашылық жанры қиссалар болды, сонымен қатар назым, дастан, хикая секілді жанрлық атауларды қолданып отырды. Бірақ ең көп қолданған жанрлық атауы қисса болды. Бұл туындылар мұсылмандық, діни сопылық әдеби дәстүрге орай көп жағдайда Алла Тағалаға мадақ, хамд, сәнә жырлаумен басталып отырды. Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбардың пайғамбарлық қызметі, дін жолындағы қайраткерлік еңбегі ерекше жырланды. Сонан соң төрт шарияр, дін жолында қызмет еткен сахабалар мадақталды. Осы жолдардан кейін қисса авторы өзі жайлы, шығармашылық мақсаты туралы діни ойларын, өзі жазып отырған нәзиралық туындының түп негізі туралы мағұлматтарды да жасырмай көрсетіп отырды. Бұл - өзінше кітаби ақындарда шығармашылық дәстүр болып қалыптасқан ерекшелік. Бұл шығармашылық дәстүрдің бір бастау арнасы - Ахмет Ясауи хикметтері. Кітаби ақындар сопы ақынның хикметтерінің жолымен Мұхаммед пайғамбарды, төрт шариярды, сахабаларды жеке-жеке қиссалар етіп жырлаған.

Кітаби ақындар шығыс әдебиетіндегі түрлі тақырыпты қамтыған шығармаларды нәзира дәстүрінде жырлаумен қатар, төл фольклорлық, түрки-шағатайлық әдеби туындыларды да қайта жырлап жатты. Сондықтан да олардың көпшілігі қазақ арасына кең таралып, қазақ әдебиетіне сіңісті болып, фольклорлық дәстүрлермен ұштасып, төл туынды дәрежесіне жетіп жатады. Сондай шығармалардың қатарында адал жардың өмірін арқау еткен «Марғұба қатын», «Орданың хикаясы» қиссаларын ерекше атауға болады. Шығармалардың түп негізі Алтын Орда дәуірі әдебиетінің классикалық жәдігері «Қисасу-л-әнбиядан» бастау алады. Осы дәстүр сабақтастығының Алтын Орда дәуірі әдебиетіндегі көріністері ретінде Рабғузидің «Қисасу-л-әнбия», Махмуд Кердерінің «Наһжу-л-фарадис», сопы ақын Исламның «Муғину-л-мурид», авторы Шәрәф немесе Уафаи деп беріліп жүрген «Раунақу-л-ислам» секілді еңбектерді атауға болады. Осы дәстүр ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында ерекше дамыған дәстүрлі жазба әдебиетке және оның өкілдері-кітаби ақындар шығармашылығына жалғасқаны Ясауи хикметтері мен Рабғұзи қиссалары көптеген діни ғашықтық, хикаялық қиссаларға бастау болғаны анық көрінеді.

Діни кітаби ақындар жырлаған қиссалардың біршама бөлігі ғылым-білімді тақырыптық өзек етті, уағыздады. Сол арқылы қазақ әдебиетін тақырыптық, жанрлық және көркемдік жағынан өсірді. Осы әдеби үдерістің бір көркем көріністері ретінде «Сұлтан патша» қиссасын, Базар жыраудың «Айна-тарақ» дастанын, сол материалдармен сабақтастықта дүниеге келген Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романын айтуға болады. Қазақ әдебиетінде «Мың бір түннің» бір ертегісінің желісін өзек еткен үш нәзиралық шығарма сопылық ілімнің негізгі тақырыптарының бірі - білім, ғылым өркендеуінің адамзат баласының игілігі үшін зор мүмкіндіктер туғызатын ерекшелігін үндейді. Әйтсе де, осы арада бір дәстүр аясында туған үш туындыдан үш түрлі әдеби құбылысты аңғаруға болады. «Сұлтан патша» қиссасында прозалық туынды поэзиялық шығармаға айналу үдерісін бастан кешті. Сонымен бірге, қисса авторының өзі тарапынан ғылым-білімге үндеген өмірдегі таза бейілге, көңіл тазалығына, түрлі жаман пиғылдан арылуға, нәпсіні тыйып ұстауға шақырған қиссашыл діни ақынның сопылық ойлары анық аңғарылады. Ал Базар жырау ертегі оқиғасын қазақ еліне, хандық дәуірге алып келеді. Өлең өрнектері де 7-8 буынды толғау, жыр үлгісінде өрілген. Т.Жомартбаев романы ХХ ғасыр басындағы қазақ оқығандарының ағартушылық ойын, жастардың оқу оқуын, қазақ қызының теңіне қосылуын, жалпы, қазақ жастарының жарқын болашағын білім алу, өнер үйренумен бірлікте қарастырған көлемді прозалық шығарма, әрі жаңа роман жанрының туындысы. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандар отарлық дәуір тынысына орай діни-ағартушылық сапада қызмет етумен қатар қазақ әдебиетінің жанрлық, тақырыптық, көркемдік жағынан өсуіне көп ықпал етті.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сейфуллин С. 5 томдық шығармалар жинағы. 5-том. Алматы, 1988.

2. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 1-том, Астана «Фолиант», 2004

3. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989

4. А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы: «Жалын», 1991

5. Қазақ кітабының тарихы. А., 1999

6. Мұқанов С. Халық мұрасы. А., 1974

7. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. Алматы: «Ана тілі», 2004

8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. Алматы: «Ғылым», 1987

9. Қазақ поэзиясының антологиясы. Алматы, 1993

10. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Ауезов М. Мысли разных лет. Алматы 1959

11. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІ-том. 1-кітап. Алматы: «Ғылым», 1961. -611б

12. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, 1993

13. Радлов В.В. Ел қазынасы- ескі сөз. Алматы, 1994

14. «Бабалар сөзі» І том, Астана, 2004

15. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Астана: «Елорда», 2001, 224 б.

16. Субханбердина Ү., Сейфулина Д. Қазақ кітабының шежіресі 1807-1917 библиографиялық көрсеткіш. Алматы: «Рауан», 1996

17. Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы, Алматы, 1999

18. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Алматы: «Білім», 1999

19. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана, 2000

20. Саттаров Қ. Қазақтың халық романдық эпосы. Алматы, 1992

21. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-кітап. Алматы. 1975.

22. Қазақ прозасы. Хрестоматия. ІХ-ХІХ ғ. Үш томдық 1-т. А., 2001, 425-430-б.; Дала уәләйәтінің газеті. Әдеби нұсқалар. 1895-1898ж. А., 1990, 525-531.

23. Қиял-ғажайып ертегілер. Алматы, 2002

24. Ғашық-наме. Алматы: «Жазушы», 1979, -440

25. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Алматы, 1994

26. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. Алматы, 1987

27. Бабалар сөзі. ІІІ том. Астана, 2002

28. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. Алматы, 1958

29. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – А., Атамұра-Қазақстан, 1993.-128б.

30. Бабалар сөзі. Көп томдық. Т.1. Астана. 2002. -448б.

31. Ислам. Энциклопедический словарь. М., 1991.-С.315.

32. Фильштинский И.М. История арабской литературы Х-ХҮІІІ в. М., 1991. -С.726.

33. Шәді-төре Жаһангерұлы. Назым Сияр Шариф. Ташкент, 1914; Алматы, 2003.

34. Шәді Жәңгірұлы. «Назым сияр Шариф» қиссасы. Алматы: «Санат», 1995

35. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. Алматы, 2000.

36. Егеубаев А. Кісілік кітабы. –Алматы, 1998

37. Қожа Ахмет Ясауи. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). -Алматы, 1993

38. Баласағұн Ж. Құдатғу білік. Алматы: «Жазушы», 1986

39. Шайхулисламұлы Жүсіпбек. Қисса-и хазрет Йусуф алейһис-салам илән Зулейханың мәселесі. Қазан, 1918

40. Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі. Алматы, 2007

41. Eraslan K. Divan-i Hikmetten seçmeler. Ankara, 1983

42. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999

43. Ахметбек А. Қожа Ахмет Йассауи. Алматы: «Санат», 1998

44. Дәуітұлы С. «Диуани хикмет» және қазақ поэзиясы. –Алматы: Экономика. 2001. -350 б.

45. Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.

46. Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002

47. Cebecioglu E. Tasavvuf Terimleri ve Deyimler Sözlüğü. Ankara, 1997

48. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. - Алматы: Жазушы, 1974. -216 б.

49. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Әдеби мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1990.-348 б.

50. Амин аль Холи. Связи между Нилом и Волгой в ХІІІ-ХІҮ вв //Труды ХХҮ международного конгресса востоковедов. М., 1960

51. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. Алматы: «Өнер», 2010, 344 б.

52. Қамзабекұлы Д. // «Егемен Қазақстан» газеті, 1 қаңтар, 2015 жыл

53. «Жұлдыз» журналы, 1986, №11

54. Рабғузи. Қисса-сул-әнбийя-й. Адам-Атадан Мұхаммед ғалайһи-уәссәләмға дейін. Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. – Алматы: «Санат», 2001. -248 б

55. Әдеби жәдігерлер. 8-том. Насируддин Бурhануддин Рабғұзи. Пайғамбарлар қиссасы. Алматы: Таймас баспа үйі, 2010. -340 б

56. http://muslim.kz

57. Қожа Ахмет Йассауи. Хикметтер (Шағатай тілінен аударылған). Алматы: «Дайк-Пресс», 2000. -208 б.

58. Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур. Түркістан, «Тұран», 2007, 268 б

59. Калиганов И. Тысячилетние традиции болгарской литературы. В кн. Родник златоструйный: Памятники болгарской литературы ІХ-ХҮІІІ вв. –Москва: «Художественная литература», 1990, -527 с.

60. Рабғузи Насреддин. Қисас-ул әнбия. Араб тілінен аударған Әшім Әріпбайұлы. –Астана: Фолиант, 2008, -552 бет

61. Шәді төре. Ибраһим Пайғамбардың хикаяты. Алматы: «Қазақстан», 1999, 88 б

62. Шахнович М. Мифы о сотворении мира. - Москва, 1968. - 120 б.

63. Ақназаров К. С. Ислам діні жэне оның реакциялық мэні. - Алматы, Қазақстан, 1964. - 93 б.

64. Донини А. Люди, идолы и боги. Госполитиздат. - Москва, 1962. - 320 б.

65. Климович Л. И. Ислам. - Москва: Наука, 1965. - 333 б.

66. Әбдір К.Ә. Алма Қыраубаеваның әдеби зерттеушілік мұрасы. Алматы, 2010. КД

67. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Діни дастандар. 11-том. Астана, «Фолиант», 2005.

68. Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса-и Йусуф» Кул Али. М., 1979.

69. Баранов Х.К. Арабско-русский словарь. М., 1977.

70. Алмаз Ж, Кол Ғалинең «Кысса-и Йусуф» дастаны, - Совет әдәбияты, 1960, №2; «Кысса-и Иусуф» Али - булғаро-татарский памятник. - в кн.: Труды ХХҮ международного конгресса востоковедов. М., 1960, Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса-и Йусуф» Кул 'Али М., 1979 и т.д.

71. Ғашықтық дастандар. Алматы, 1994.

72. Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Сауд Арабия, Мәдине, 1991.

73. Киелі кітап. Стамбул, 1993

74. Шеййад Хамза. Юсуф и Зелиха, Москва, 1992

75. Қыраубаева А. Қазақ әдебиетіндегі шығыс қисса-дастандарының төркіні мен қалыптасуы. Докторлық диссертация, Алматы, 1997

76. Аникеева Н.А. //Шеййад Хамза, Юсуф и Зелиха, Москва, 1992

77. Бертельс Е.Э. Абу-л-Касим Фирдоуси и его творчество// Бертельс Е.Э. Избранные труды. Низами и Фузули. – Москва: Восточная литература, 1962. – 555 с.

78. Бертельс Е.Э. Избранные труды. Низами и Фзули. Москва, 1962, -548

79. Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар. Алматы: Жазушы, 1968. – 320б

80. Идрис Шах. Суфизм. Москва, 1994, -445 с

81. Қ.А.Иасауи. Диуани хикмет. Түркістан, 1993. -144б

82. Ғашықнаме. Алматы: «Жазушы», 1976, -4616

83. Камалқызы Ж. Ақылбек Сабалұлының әдеби мұрасы: филол. ғыл. канд. ... дисс. Автореф. – Түркістан, 1999. – 25 б.

84. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. –Астана: «Фолиант», 2004. Т.5. -344 б.

85. Ізтілеуов Т. Назым. Алматы: «Жазушы», 1982. -320 б

86. Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. Алматы: «Дешті Қыпшақ», 2007. -588 б

87. Дастандар. 1-том. –Алматы: «Жазушы», 1990

88. Қызыл жырау. –Түркістан: «Мұра», 1997. -120б

89. Мың бір түн. Төрт томдық. Т. 1. / ауд. Қ.Әбдіқадыров. – Алматы: ҚМКӘБ, 1961. – 407 б.

90. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар. 24-том. Астана, 2005. -352 б

91. Мың бір түн. Төрт томдық. 2-том. Алматы, 1993. -405 б.

92. Базар жырау. Шығармалары. - Алматы, 1986, 200 б.

93. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы: «Өлке», 1997. 250б

94. Қалың мал, Қамар сұлу, Қыз көрелік. Алматы, 1986

95. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 1-том, -Астана «Фолиант», 2004

96. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Діни дастандар. 13-том, Астана «Фолиант», 2004

97. Батырлар жыры. 5-том. - Алматы: «Жазушы», 1989

98. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. -Алматы, 1985

99. Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. –Алматы: «Рауан», 1995, -350 б

100. Оспанұлы Ә. Ысламнама// Майлықожа, Әмір Әмзе. Шымкент, 1996

101. Каскабасов С. Колыбель искусства. – Алма-Ата: «Өнер», 1992, -368 б

102. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 4-том. – Алматы: Ғылым, 1985. – 321 б.

103. Бабалар сөзі. Астана, 2002. 5-том.

104. Тысяча и одна ночь. /пер. с арабс. Салье М.А. 8 томов. – Москва: ГИХЛ, 1958-1960.

105. Сұлтан Шаһ Жаһанкирұғлы. Хикаят Қамар Заман. Тәшкент, 1911

106. Тысяча и одна ночь. Том 5. Ашхабад, 1993.

107. Сейтжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері... фил.ғыл.канд. дисс.автореф. Астана, 2003.

108. Мың бір түн. ІҮ томдық. Т. 2. Ауд. Қ.Әбдіқадыров. – Алматы: ҚМКӘБ, 1961. – 476 б.

109. Гринцер П.А. Древнеиндийская проза (Обрамленная повесть). – М,. 1963

110. Мың бір түн. 1-том. Алматы, 1993.

111. Алиев Г.Ю. Персоязычная литература Индии. М., 1968

112. Энциклопедия ислама. М., 1936

113. Шукасаптати. Семьдесят рассказов попугая. Перевод с санскрита М.А. Ширяева. Предисл. и примеч. В.А.Кальянова. М., 1960.

114. Панчатантра. М., 1962.

115. Двадцать пять рассказов Веталы. Перевод с санскрита И.Серебрякова. М., 1958

116. Зийа ад-Дин Нахшаби. Книга попугая (Тути-наме). М., 1979.

117. Зияаддин Нахшаби. Тотынама. Алматы: «Жазушы» баспасы, 2005

118. Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. Алматы, 1991

119. Еңсегенов Т. Казахская басня. Филол. ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1982.

120. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. А., 1963

121. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Составление и комментарии С.А.Каскабасова, Н.С.Смирновой, Е.Д.Турсунова. Алматы: «Ғылым», 1972.

122. Ізтілеуов Т. Назым. А., 1982

123. Ізтілеуұлы Т. Шаһнама. Рүстем-дастан. А., 2004

124. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-т. 2-к. А., 1965


*С.С.Ергөбекпен бірге жазылды.



ЕКІНШІ БӨЛІМ
АЛАШОРДАНЫ АҚТАУ ЖОЛЫНДА
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет