Бірінші есеп 104 бап бойынша қарастырылады



Дата09.03.2023
өлшемі15,04 Kb.
#171541
Байланысты:
Тлекова Тогжан
11 класс 2 вариант СОЧ3 (копия), 1 вариант СОЧ3 11 класс (копия), 1 вариант СОЧ3 11 класс (копия)

Бірінші есеп 104 бап бойынша қарастырылады.
Объект басқа адамның,яғни дәнекерлеушінің өмірі.Объективтік жағы болып абайсызда қазаға ұшырату табылады, яғни құлатып алған тақтайша адамды өлтірді.Субъективтік жағы деп абайсыздық танылады, себебі Коновалов пен Смирнов абайсызда тақтайшаны құлатып алды. Субъект 16 жасқа толған есі дұрыс адам, бұл жерде Коновалов пен Смирнов болады.

Екінші есеп 106-бап; 5 тармақ бойынша қарастырылады.


Объект болып басқа адамның денсаулығы, яғни Исаевтың денсаулығы келеді.Объективтік жағы деп денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, яғни ұрып-соғу танылады.Субъективтік жағы тікелей қасақаналық, себебі олар мәлімет алу мақсатында Исаевтың денсаулығына ауыр зиын келтірді. Субъект 14 жасқа толған есі дұрыс адам, бұл жерде Леонов пен Зорин болып табылады.

Үшінші есеп 101-бап бойынша қарастырылады.


Объект болып басқа адамның өмірі, яғни Дуняшкинның әйелінің өмірі табылады. Объективтік жағы болып аффект жағдайында жасалған адам өлтіру, бұл жерде Дуняшкин өз әйелін аффект жағдайында өлтірді. Субъективтік жағы болып қасақаналық, себебі аффект жағдайында жасалған қылмыс қасақана болып келеді.
Субъект 16 жасқа толған есі дұрыс адам, бұл жерде Дуняшкин болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет