Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет14/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам
8-osh soch geografija 8kl kaz
1 5-слайд

Сізге балаңызбен бірге мектепке бейімделу кезеңінен сәтті өтуге көмектесетін, әрі өзара түсіністік пен сенімге бағдарланған етене жақын қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін кейбір кеңестермен бөліскіміз келеді. Сонымен, балаңызға жақын бола түсуге, оның мінез-құлқын басқаруға және қолайсыздықтарды еңсеруге көмектесетін бірнеше құпия бар. Алғашқы үшеуіне кейінірек тоқталамыз.

Қазір назарларыңызды бұйрықтардың орнына өтініштер мен тапсырмаларды пайдалануға аударғым келеді. Баламен сөйлескенде бұйрық беріп жатқанымды немесе өтініш айтып жатқанымды қалай ажыратуға болады? Бірінші кезекте өтінішті құрастырып алыңыз – өзіңізден сұраңыз: «жоқ» немесе «жоқ, көмектеспеймін», «жоқ, уақытым жоқ», «жоқ, өзімнің шаруам бастан асады» деген жауап естуге дайынсыз ба? Егер жауабыңыз «жоқ» болса, онда сіз бұйрық беріп тұрсыз. Бұйрық беру бас тартуды көтере алмайды. Демек, балаңыз қатаң ережелермен өмір сүреді және оған сізге «жоқ» деп айтуға болмайды. Мұндай жағдайда түрлі қорқыныштар балаңыздың ажырамас серіктеріне айналуы мүмкін. Егер «өтінемін, қоқысты шығаруға көмектесші» деген өтінішіңізге сіз, мысалы, балаңыздың «жоқ, көмектескім келмейді» деген жауабын естуге дайын болсаңыз, онда сіз шынымен өтініш айтасыз және балаға таңдау мүмкіндігін бере аласыз.

Тапсырмалар да бұйрықтан өзгеше болады: мен тапсырма бергенде, ол бірніше ережеге сай болуы тиіс: 1. Бала оны өз бетінше орындауға қабілетті, 2. Тапсырма – әлдене үшін жазалау емес, басқа отбасы мүшелерінікі сияқты маңызы бірдей іс, міндеттеме. 3. Тапсырма оны орындау неге маңызды екенін түсіндіруді қарастырады және болашаққа бағдар сілтеумен қуатталады. Мысалы: өтінемін, сабағыңды оқып болған соң, оқу құралдарыңды сөреге жинап қойшы. Бөлмең әрдайым жинақы болады, оған кіргенде де көз сүйсінетін болады.

Екінші құпия қолайсыздықтарды еңсерумен байланысты. Баланың жанында болсаңыз, егер тіпті ол тап болған қолайсыздықтар сізге соншалық қолайсыздық болып көрінбесе де, қолдау білдіріңіз: 1. Аймалаңыз. Жанында болыңыз, баланы басынан өткеріп жатқан қолайсыздықтармен және сезімдермен оңаша қалдырмаңыз, тастамаңыз. Қолмен де, «Иә, жаныңды ауыртады екен» деген сөздермен де аймалауға болады. 2. Баланың жанын азыпқа салатын сезімдерді еңсеруге үйретіңіз: кез-келген сезім уақытша екенін және өтіп кететінін айтыңыз. Егер жанны қатты батса, жағымсыз болса, көңіл-күйді түсірсе, кішкене шыдау керек... Мысалы, 10-ға дейін санау керек, жараны 5 рет үрлеу керек, т.б. 3. Ойланыңыз: осындай жайт орын алмауы үшін нені басқаша жасауға болар еді?

Ересектердің өздері осы ережелерді өздеріне қатысты қолданып, содан соң барып қана балаларға үйретуі маңызды. Бала ата-анасынан көргенін істегенін істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет