Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқуға бейімдеу процесінде отбасының рөлі Жоспар



бет2/5
Дата20.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#140016
1   2   3   4   5
Байланысты:
адаптация 7лекция

Төртінші қағидат – отбасымен өзара іс-қимылды ізгілендіру:
ата-аналар мен балалардың жағымды қасиеттеріне сүйену;
ата-ана беделін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
әр отбасының өмір сүру жағдайын, ата-аналардың жасын, тәрбиелеу мәселелерінде дайындық деңгейін есепке алу;
ата-аналардың тәрбие мүмкіндіктеріне деген сенімі;
тәрбиесінің мықты жақтары, тұлғаның табысты дамуына бағдар беру.
Осылайша, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының белгіленген қағидаттары педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастық қатынастарын неғұрлым тиімді орнатуға бағытталған педагогикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және тек олардың тұтас қолданылуы қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге ықпал етеді.
Отбасы мен педагогтердің өзара әрекеттестігінің мақсаты: білімнің білігін, тәрбиенің мәдени құндылықтарын тәлімдеп бере отырып ұлттық үлгіден әлемдік білім кеңістігіне шығу.
Мектеп пен отбасы, жұртшылық ынтымақтастықта бала тәрбиелеуі соңғы жылдарда жазылған ғылыми зерттеу еңбектерінде білім беру сапасы отбасы мен мектептің әрекеттестігімен тығыз байланысты екені зерттеу нысанасына айналған. Мәселен, Г.К.Байделдинованың «Болашақ ұстаздарды отбасы мен мектептің ынтымақтастығын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-теориялық негізі», Қ.Т.Әтемованың «Оқушыларға гумандық қаситтерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы», А.А.Шарафадиннің «Отбасында атаананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары», С.С.Қоңырбаеваның «Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары» Д.Ә.Нұрғалиеваның «Тәрбие процесінде 5-9 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру», Ш.М.Шүйіншинаның «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық шарттары», Ұ.Ә.Есімнің «Қазақ отбасында халықтың педагогикалық құралдары арқылы мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары», Г.Колесованың «Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісінің отбасы мен педагогикалық ұжымының өзара әсерін ұйымдастыру» атты ғылыми-зерттеу еңбектерінде бұл мәселе түрлі аспектілерде қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет