Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқуға бейімдеу процесінде отбасының рөлі Жоспар


Педагог пен ата-аналар ынтымақтастығының тиімді жолдары



бет3/5
Дата20.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#140016
1   2   3   4   5
Байланысты:
адаптация 7лекция

Педагог пен ата-аналар ынтымақтастығының тиімді жолдары. Психологиялық-педагогикалық диагностика. Отбасын зерттеу педагогқа баламен жақынырақ танысу, отбасының өмір сүру стилін, тәртібін, қарымқатынасын, олардың рухани құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ретте педагог психологиялық-педагогикалық диагностиканың дәстүрлі әдістер кешені қолданылады (сауалнама, сұрау, тест т.б.). Отбасының психологиялық-педагогикалық ағартуы - ата-аналардың негізгі құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған. Оның мәні - ата-ананы педагогикалық біліммен байыту (дәріс, практикум, семинар, кеңес т.б.), теориялық білім негіздері, педагогика және психология саласындағы жаңашыл идея, балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен таныстыруды көздейді. Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту.
Ата-аналарды оқу-тәрбие процесінде мына қызмет түрлеріне тартуға болады:
балалар мен атааналардың шығармашылық күндері;
ашық сабақтар мен сыныптан тыс ісшаралар;
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.
Ата-аналарды мектеп басқаруына тарту. Ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісін басқаруға қатысуын келесі қызмет түрлері арқылы ұйымдастыруға болады:
сынып ата-аналарының мектеп кеңесінің жұмысына қатысуы;
ата-аналардың ата-аналар комитетінің жұмысына қатысуы (4.1-кесте) [3].

Бұл формаларды жүзеге асыру жолдары:
- ата-аналар активі (сынып, мектеп);
- қызығушылықтарына қарай бірлестіктер, үйірмелер, секциялар;
- мектепте не сыныпта қандай да бір мәселелерді шешетін ата-аналар;
- балаларды тәрбиелеуде мәселелері бар ата-аналар;
- қыздарды тәрбиелейтін ата-аналар (ұлдар);
- бір баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (көп бала);
- дамуында және мінез-құлқында ауытқулары бар ата-аналар.
Ата - анамен жеке жұмыстың қосалқы түрлері:
1. Ерекше назар аударуды қажет ететін ата-анамен жұмыс (балалардың оқу үлгерімі, тәртібі, мінез - құлқы, икемділік қабілеті).
2. Ата - аналардың жақсы істерін насихаттау, мадақтау.
3. Кеңес қажет ететін ата – аналарға кеңес беру, ескерту.
Сынып жетекші мен ата-ана ынтымақтастығының қосымша түрі:
1.Оқушыларды секция, үйірме жұмыстарына қатыстыру.
2. Сәтсіз отбасылар мен жасөспірімдерді қамқорлыққа алу.
3.Материалды - техникалық базаны нығайтуға көмек көрсету.
4. Ата - ана комитеті мүшелерімен байланысты нығайту.
Сыныптан тыс уақыттарда мектепішілік жүргізілетін жұмыстар:
1.«Қызықты адамдармен кездесу клубы»: негізгі идея – жеке және кәсіби табысқа жеткен адамгершілік ізденістер арқылы белгілі адамдардың өмірлік тәжірибесін тану және ұғыну;
2.«Екі жұлдыз» ән байқауы: идеясы-бірлескен ән шығармашылығы арқылы таланттарды анықтау, көрермендерге тарту, өзін-өзі жетілдіру, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын біріктіру.
3.«Мейірімділік диалогы». Мақсаты - қызықты адамдармен кездесу, оларды өз адамгершілік - рухани құндылықтарымен бөлістіру.
Ата-аналар мен баланың бірлескен қызметі, жалпы қызығушылығы, істерге қатысу шынайы рухани жақындыққа әкеледі. Шешімдерді, үй және отбасылық мәселелерді бірлесіп іздеу, шығармашылық тапсырмаларды шешу және орындау, отбасылық салт-дәстүрлерді құру, бірлесіп серуендеу, отбасылық мерекелер ата-аналарға өздерінің құндылықтар мен адамгершілік сенімдер жүйесін беруге көмектеседі.
Қазіргі таңда мектептерде жас ата-аналар отбасылары көп. Сондықтан мектептің әр буындарына бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардағы жас ата-аналар отбасына арналған клубтардың жұмысын ұйымдастыру өте маңызды. «Жас ата-аналар отбасы» клубы сабақтарын әр түрлі формада өткізуге болады. Бұл конференция, дебаттар, кездесулер, кештер, ата-аналар семинарлары, рөлдік ойындар, диалог алаңы және т.б. болуы мүмкін.
Бірлескен іс-әрекет барысында ата-аналар өз баласына өзін ересек, өз бетінше сезінуге көмектеседі. «Жас ата-аналар отбасы» клубында жоспар бойынша 10 отырыс өткізуге болады (4.2-кесте)

Әрбір ата-ана - тәрбиеші. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына қоғамдық мән бере білетін ата - аналар тәрбиеші ғана емес, ұстаз да бола білетін жандар. Әр адам күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан адамгершілікті бойына сіңіреді. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Ата-анамен жұмыс педагогтан көп күш-жігер мен өнертапқыштықты талап етеді.
Ата-анамен жұмыс нәтижесінде ата-аналардың мектеп ісіне жоғары қатысуы оқушылардың жетістіктерін арттыруға, олардың оқуға деген ынтасын және ата-аналарының да оқудағы табандылығын арттыруға, балалардың мінезқұлқын жақсартуға, олардың өзін-өзі бағалауының оң дамуына, үй тапсырмаларын сәтті орындауға, мектептегі психологиялық климатты жақсарту, ата-аналардың мұғалімдерге оң пікіріне негізделеді. Олай болса, отбасы, мектеп және балалар арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет, ынтымақтастыққа, сүйіспеншілікке құрылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет