Қазіргі отбасын зерттеу әдістері



Дата13.12.2021
өлшемі18,49 Kb.
#125649
Байланысты:
Қазіргі отбасын зерттеу әдістері


Қазіргі отбасын зерттеу әдістері

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында
отбасының қазіргі заманға сай функциясын ашып айтты: «Ертеректе отбасы –
әлеуметтік қорғаныс объектісі болып есептелген болса, жаңа концепция
әлеуметтік жаңару бойынша гендерлік теңдікке жету жолындағы негізгі
ұяшық».
Нағыз дамыған, қуатты мемлекет болу үшін баланы бесігінен, мемлекетті отбасынан бастауымыз керек. Отбасы дегеніміз не? Алдымен осы бір ұғымға тоқталып кетуді жөн көрдік. Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы әр заманда да өз маңызын жоғалтпаған. Алайда, отбасының қызметі өзгермегенмен, оның сипаты әр заманда әр қилы болған. Отбасы негізгі байлық – адамды жасайды. Сол себепті, жас ұрпақты отбасы құрудың негзін және отбасы қатынасын дамытуға үйрету маңызды әрекет болып табылады. Отбасының қазіргі жағдайын, ерекшеліктерін көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде қарастыруда. Солардың бірі Э.Тийт пен В. Уколова отбасылық көшбасшылық сұрағына отбасын дәстүрлі (ассиметриялы) және галитарлы - француз тілінен аударғанда теңдік (симметриялық) деген мағына береді. Дәстүрлі отбасында күйеуі негізгі материалдық жағынан қамтамасыз етуші және отбасының басқарушысы болып табылады. Ия, расында әрбір қазақ отбасында ер адам, яғни, әкеміз басқарушы деп есептеледі. Ол отбасылық бірлікті және қарым-қатынас жасау ортасын анықтайды, сонымен қатар отбасында туындайтын негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Осы міндеттері үшін күйеуі үй шаруасынан босатылады. дәстүрлі отбасының әйелдері ақша мүлдем таппайды немесе табысы өте аз болады, сол себепті оның негізгі міндеті үй шаруашылығымен және бала тәрбиесімен айналысу. Еліміз егемендік алғалы елімізде жағдай түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы отбасылар сияқты қазақ халқының салт-дәстүрін ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеруінің себептері заманның өзгеруіне байланысты болып отыр. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды. Қазіргі заманғы отбасына әлеуметтік және географиялық мобилділік тән, ол өзіндік және тәуелсіз кәсіби және тұлғалық мәртебемен және кәсіби арнайылықпен байланысты. Қазіргі заманғы симметриялық отбасы күйеуімен әйелінің теңдігімен сипатталады, соған сәйкес материалдық және үй шаруашылығын атқару қызмттері де тең етіп бөлінген. Бала тәрбиесіменде теңдей айналысады. жұбайлардың әрбірінің рөлі мен мәні отбасылық климатты қалыптастыруда
тең болып есептеледі, отбасы мәртебесін жоғарғы орын алған адам орнатады.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға дәл бұрынғыдай
махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады. Заманауи отбасының тағы бір
ерекшелігі бала санына шектеу қоюы. Отбасындағы Ер мен әйелдің де жұмысбасты болуы, уақыт тапшылығы бала санын шектеудің негізгі себептерінің бірі. Бұрынғы замандарда, әсіресе түркі тектес халықтарда, соның ішінде қазақ халқында да әйел адамдардың басым бөлігі үйде отырып үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысқан. Ал, қазіргі отбасында нәзікжандыларымыз ер адамдармен тең дәрежеде білім алып, жұмыс жасауда. Бұл үрдіс халық санының өсуіне кедергі келтіргенмен,
экономикалық жағынан дамуға септігін тигізеді. Себебі, қазіргі таңда әйел
адамдар өзерін әр түрлі салада дәлелдеп жатыр. Дегенмен, адам –
мемлекеттің ең басты байлығы екенін ескерсек, бұл мәселеге үстіртін қарауға
болмайды. Жаһандандыру үдерісі – қазіргі замандағы ең маңызды әлеуметтік
ауысымдар болып табылады. Жаһандану үдерісі де отбасылық өмірге өз
әсерін тигізуде.

Қазіргі отбасылық құндылықтар

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды. Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады. Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады. Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Елбасы жолдауы «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2. «Отбасы тәрбиесінің педагогикасы» пәні бойынша 5В010100 –
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы студенттеріне
арналған оқу бағдарламасы / Айтжанова Р.М.-Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
2016.
3. https://kk.wikipedia.org/
4. Мирза Н.В., Айтжанова Р.М. Отбасы тәрбиесінің педагогикасы: Оқу
құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. /

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет