Бiрiншi тарау



бет5/7
Дата30.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#106846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
(pdf) Шығанақ (Ғабиден Мұстафин)

ЕКIНШI БӨЛIМ

БЕСІНШІ ТАРАУ


РЕКОРД АЛДЫНДА

I

Ай артынан айлар, жыл артынан жылдар өтіп жатты.

Халық Комиссарлары Советі мен Орталық Партия Комитетінің қаулысы шықты.

«СССР-дың оңтүстік-шығысындағы қуаң аудандарда тұрақты өнім алу қамтамасыз етілсін...»—депті. Осы салмақпен айтылған аз сөз тасқындай тез жайылды елге. Қолдан қолға, ауыздан-ауызға жетті. Əсіресе, оңтүстікшығыстағы аудандарда топ-топ болып талқылап жатты.

Сол талқының жуан ортасында болған Шығанақ, қырман басында жалғыз отыр. Егін басылып, қапқа түскен. Қырман сыпырындысы, болмашы топан үйіндісі ғана бар. Шығанақтың, күйбеңі сонда да біткен жоқ. Қасында басылмаған екі бау тары жатыр. Тарыны қолымен үгіп, алақанына салып қарайды да, жымыңдап қояды. Үге береді, жанындағы сары дорба толды. Толған дорбаны қайта төгіп құммен ойнаған балаша сапырады. Ойынқұмар бала да жалығар уақыт болды. Шығанақ құмары тарқар емес. Сапыра береді, сұрыптай береді...

Арт жағында ақырын басып Олжабек келеді. Екі қолында екі кесе, жымиып күліп келеді. Екеуін Шығанаққа əкеліп бірден ұсынды.

— Е, мұның не?

-— Түк те айырмасы жоқ. ішіп көр.

Шығанақ сүтке салған екі кесе тарыны екі қолына ұстап отырып күліп жіберді:

— Жұрт мені дуана дейді, сен ғой нағыз дуана.

— Жоқ, сен дуана. ішіп көр əуелі өзің.

Кезек ұрттап, Шығанақ екі кесені бірдей босатты. Тағы бар ма? Дəмін айыра алмадым.

Ой, шіркін-ай, айыра алмаған шығарсың. Одан да жеңілдім десеңші.

Екеуінің таласы ойламаған жерден басталған еді. Егін əбден піскен кезде Шығанақ қалың тарыны аралап жүріп, қайсыбірінің басын қырқып ала берді. Олжабек мұны бір күн емес, əр күн көретін. Бір күні əдейілеп сұрады:

— Сен осыны қайткелі жүрсің?

— Қайткені несі, жеймін.

— Жеуіңе басқа тары жетпеді ме?

— Қолдан қырқып, қолдан үксең балдай тəтті болады.

— Япырай, ə— деді де кете барды Олжабек. Бірақ бұл сөз есінен кетпеді. Балдай тəтті тарының дəмін татуға ынтығып, жұмыстан қайтқанда қолдан үгеді де, ақтайды. Сол ақтаған тарысын бүгін сүтке салып жеп көрсе, түк айырмасы жоқ. Сонсоң Шығанақтың қатесін дəлелдеуге қолдан үккенін де, бастырып алғанын да əкеліп отыр еді.

— Сен «аспан асты кең» деп тағы да бір жаққа шығып кетерсің. Шын сөйлесейік,— деді Шығанақ,—партия тарыны көбейт депті. Ол құр көп салғанмен көбеймейді. Бабын білу керек. Əуелі тұқымын сайлау керек. Ойылдың ақ тарысы əбден тазарған емес. Оның ішінде, міне ағы да, ала бүйрегі де, қызылы да жүр. Жетіле келгенде тары басының бірі шоқпарланып тұрса, енді бірі күлтеленіп тұрады. Ең бітік шығатыны ұйыспа келіп, дəні таза болады. Мен сол ұйыспасын іріктеп отырмын. Мұның тағы бір қасиеті — піскен кезде Саратовтың қызыл тарысынан аз төгіледі. Ыстыққа шыдамды.

— Ой, Шығанақ, Шығанақ!— деді Олжабек,— тағы да бір ермек тапқан екенсің ғой.

— Мұның енді ермектігі шамалы. Бес жыл болды соңына түскелі. Тұқым дайын. Бірақ осыны жаңа жерге саламын. Машинаны жаңа жерге орнатамын. Міне, үлкен ермек сол болар.

— Е-е-е,— деп ыңылдай жөнелді Олжабек. Көзіне алда тұрған қауырт жұмыс елестеп кетті...

— Бір жаман жерің құйқылжи береді екенсің. Тағы да машина орнату керек. Арық қазу керек. Ұстаған жерден Қатып қалса ғой кісінің кісілігі.

— Сынып кетсең қайтесің?

— Сынсаң сынып кет, не керек бұраңдап.

— Ə-ə-əй, Олжабек, Олжабек!— деді Шығанақ.— Сынатын да жер бар, майысатын да жер бар. Пайдалы іске Қарай майыссам да ұрсасың ба? т— Ал, не кінə таптың? Үш шығырдың бергенін бір өзі беріп тұр?

— Он шығырдікін неге бермейді?

— Е, қайдан білейін.

— Сен білмесең мен білем. Жер тегіс емес. Топырағы нашар.

Олжабек ойланып қалды. Шығанақ тарысын сұрыптай берді. Есіз қырманда үнсіз шошиған екеуін басынғандай бір топ қара торғай дүр етіп қона қалды. Шығанақ жұмысын тастап, орнынан ақырын тұрды да, торғайларды алыстан орағытып, ортаға таман қайырды. Ортада шашылған дəн, шыпырлаған тұзақ жатыр. Олжабек мұның бірін де байқаған жоқ еді, «əлгі қайда!» деп артына қараса, Шығанақ баланың ісін істеп жүр. «Осы шын ауысқан шығар»,— деді ішінен. Торғайлар дүр етті. Орнында қалған бірнешеуін сыпырып əкеліп, Шығанақ Олжабектің, алдына қойды.

— Нешеуін аласың, ала бер.

— Бала болдың ба? Бұл бейшараларды не қыласың?

— Бейшара емес. Тарының бір жауы осы. Адам жасаған айланы кезінде пайдаланып қал.

Олжабек елеген жоқ. Ойында əлі де жаңа қоныс, жаңа арық отыр екен:

— Төкен не айтады бұған?— деді.

— Төкен қостай ма? Басында орнаттырған өзі, сол жерге.

— Тағы да бір мол дауға ендім де.

-— Дегенмен беті қайтып қалған тəрізді. Иі жұмсақтау.

— істейтін болсаң суыққа қалмай тез істе.

— Оның суығынан да жазғы егіске қарбалас болғаны жаман ғой. Бүгін бір беті ашылар.

— Қайда кетті өздері?

— Шəңгерейді ертіп сол жерді көргелі кетті. Аспаннан жаңа түскендей боласың да отырасың. Неге араласпайсың сөзге?

— Сөзді қайтемін. Жұмыс орындалса бопты.

— Сені енді екі асықтың арасына салып ыспасам болатын емессің.

— Тек, құтырмай отыр! Жетер сол-дағы.

Олжабек сескеніп қалды. «Жетер сол-дағы» дегені баяғы Обкомда қысылғаны еді. Сол жаңа ұмыт бола бастағанда Шығанақ екі асықтың арасына саламын деген соң бетіне қан жүгіріп, үлкен көзі бір төңкеріліп кетті. Мұндайда дереу насыбай атып жіберетін. Бүгін қас пен көздің арасында шақшасы жоғалғаны есінен шығып, қолын қалтасына сұғып қалды да, тартып алды. Əттең бір атым насыбай деп отырғанда, сұр шақша алдына келіп топ етті. Күліп жіберді

Олжабек:


Сен екенсің ғой ұрлаған?

— Ұрласам беремін бе, тауып алдым.

-— Қой-қой. Сенен басқа ешкім емес.

Насыбай атқан соң, Олжабектің бойы жадырап сала берді. Көңілі түскенде ол əжептəуір ашық сөйлеседі. Шығанақтың қасында көп болуы, ұзақ жолға бірге шығуы, қанша ысылмаймын десе де, біраз ысқанын өзі байқамайды.

— Насыбайды екі шақшамен ататын едім. Бірі үйде қалатын еді. Жамал бейшараның қалтасында кете барыпты,— деп босаған көңілін басқаға аудару үшін басын көтеріп, жан-жаққа қарады.— Мынау үш атты солар болды ма екен?

— Солар,— деді Шығанақ қарап қалып.— Ал енді, сен өзіңе-өзің берік бол. Биттей жарықшақ шықса, Төкен соны көздейді.

Шығанақ тарысын болып, дорбаның аузын буып жатқанда Төкен мен Шəңгерей де келді. Қастарында жаңа агроном Сергей бар.

— «Бүркіт қартайса тышқаншы» деген еді, Шығанақ енді торғайға түскен бе,— деп қалжыңдай келді Төкен. Ақтөбеден қайтқалы жалаң Төкен емес, Шəңгерей де Шығанақпен жылы сөйлесетін болған. Ақтөбе сапары Шығанақтың өзіне де, басқаларға да көп əсер еткен еді. Бүгінгі əңгіме бұрынғыдай керіске соқпай, сыпайы сөзбен, іштей арбасумен өтетін түрі бар.

— Егінге зияндының үлкен-кішісін талғамаймын,— деп Шығанақ та күліп қойды.

— Көрдік жеріңді,— деді Төкен.— Күнде көріп жүрген жер ғой. Топырағында менің жұмысым жоқ, агроном айтар. Су бармайды. Сумен екі арада бір белес жатыр.

— Сұрағанымыз ол емес еді ғой.

— Ə, анау ма! Оны «Қара көлге» беріп қойғанбыз.

— Тым асығыс берілген екен. Сонымен машинаны орнынан қозғама деймісің?

— Оны өздерің білесің. Мен айтарымды айтқамын,— Деді Төкен. Шығанақ ойланып қалды. Шəңгерей сөзді іліп əкетті.

— Біз сұраған жерді «Қара көлге» бергендеріңіз қалай? Машина бізде. Бізден артық ұқсатпақ па, олар?

— Машинаны орнатқандарың кеше ғана ғой. Көше бересіңдер ме?

— Өзіңіз айтыңызшы, сол арадан көшпеске бола ма? (ру баруға жақсы деп, қайдағы бір ащылы жарыққа қамадыңыз да тастадыңыз. Жөнді егін ала алдық па биыл?!

— Мен еріксіз апарғаным жоқ. Келіскенбіз. Жаман жердің топырағын өзгерте ала ма, машина?

Шəңгерей тоқталып қалды. Шығанақ жауабын қайырды:

— Келіскеніміз де рас. Жердің жаман екені де рас. Кім кінəлі екенін құдай білсін. Ал, енді сол жерде отыра бергенмен жақсара ма? Еңбек орынсыз кетіп жатыр. Партия тарыны көбейт деп жатыр. Алдағы көктемге жаңа машинамен жаңа жерге шығып, жаңа тұқым сепсек, жарқырап бір көрінсек дейміз. Əлі де болса сұраған жерімізді бер, Төкен.

— Беріліп қойды, болмайды.

— Ендеше, амал бар ма, жаңағы дөңесті қашап өтеміз де,— деді Шығанақ. Шəңгерей ыршып түсті.

— Ойбай, шама келе ме оған! Дөңесті қашаумен қабат жаңадан арық қазу керек, жерді тыңнан жырту керек... Қыруар жұмыс емес пе!

— Бəрінен де тары қымбат. Қымбат нəрсе оңайлықпен табылмас болар. Мұндайда көз жұмбай керек.

— Япырай. не бермей кетпесе?

— Осының билігін де маған бер, шырағым. Қара баспаса, бір қараға жетіп тоқтармын, жолда қалмаспын.

Шəңгерей үндемей отырып-отырып:

—- Мейліңіз ендеше,— дегенде, Шығанақ Төкенге:

•— Ал біз көштік. Қарсылығың бар ма?—деді.

Төкен мұны күтпеген еді. Не қарсылығын, не ризалығын айта алмай отырып қалды. Əлден уақытта ойламаған жерден бір сылтау тапты:

— Тағы да Төкен көшірді деп жүрмеңдер. Сергей Александрович, сіздің де есіңізде болсын. Мен қарсымын. Қарсы да болсам рұқсат беремін. Бірақ осыдан келетін зиянды, жауапкерлікті Шығанақ пен Шəңгерейдің қара басына жүктеп, тілхат аламын. Бұл өзі үлкен жұмыс. Біреуімізді соттамай тынбайды.

— Иə, ойлану керек. Колхоз егінсіз қалуы мүмкін. Қолға алған соң бітірмей болмайды,— деді манадан бері үндемей тыңдап отырған Сергей. «Тілхат аламын» деген соң Шəңгерей де лоблыды:

— Тілхатты қойсаңшы, Төкен, онсыз-ақ рұқсат беріп жүрсің ғой.

— Мұның жөні бір бөлек. Құдай ақына, жауапкерлігінен қорқып отырмын. Əйтпесе, аудан басшылығынан бір жапырақ қағаз əкеле қойыңдар.

— Болмайды!—деді Шығанақ. Сен үшін аудан жауапты бола ма? Сенсең бер, сенбесең тілхатыңды алып бер. Мен тұрдым неге болса да.

— Шəңгерей, сенің сөзің де осы ма?—деп Төкен қағазын ала бастағанда:

— Шықаңмен жасаса берсеңші,— деп күмілжіді Шəңгерей. Төкен өршелей түсті.

— Айтпады деме, колхоз бастығы алдымен сен жауаптысың. Сенсіз қағаз жасалмайды.

— Япырау, мен Шықаңды шығардым ғой.

— Жоқ, болмайды,— деп Төкен қағазын сумкасына қайта салды.— Бəсе, бұл ойландыратын жұмыс.

Шынында бұл ойланатын жұмыс екені рас. Шығанақ таласып, тартысып жүріп машина əкелді. Əкелген машинасына бірсыпыра еңбек, пұл шықса да, елеулі өнім бере алған жоқ. Сол машинаны енді екінші жерге орнатумен байланысты қыруар жұмыстар тұр. Қалған аз уақыттың ішінде орындала ма, жоқ қысқа соғып, бітпей қала ма? Бітпей қалса колхоз мықтап омбылағаны. Төкен омбылата түскісі келгендей, сұраған жерді бермей, енді белесті қашап өтуге тура келіп тұр.

— Шəңгерей!—деді Шығанақ,—«Шешінген судан тайынбайды» деген қайда? Маған билеткенің рас болса, мен кетіп бара жатқанда сен аман қалмайсың. К,оя бер қолды. Қорқатын түк те жоқ. Екі жүздей кісі бар, жауып жібереміз.

— Бір тəуекел ендеше!— деп Шəңгерей білегін сыбанды. Төкен үндеместен қағазын алып жаза берді...

Шеткерірек жантайып жатқан Сергей əңгімеден де шеткері. Ой басты ма, ат соқты ма, əлде өзінің мінезі ме, əйтеуір ашылған жоқ. Бұрынғы агрономдар басалқы айтып, мінеп те, жөн сілтеп те кететін. Бұл тек көруге, тыңдауға келген сияқты. Бергенінен алғаны көп, өзі айтпайды, айтқанды блокнотына түрте береді. Сөйлемейді, сөйлете береді. Бір күнде осымен міне екінші рет кездесіп отыр. Бағана Шығанақты бір сағат сөйлетіп, бір блокнотты жазып бітірген. Əлі де анда-санда бір түртіп қояды. Жаңа келген жас агроном жұмбақ еді. Шығанақ оқта-текте көз құйрығын тастап отырып:

— Иə, агроном жолдас, ойыңызды айта отырыңыз. Араладыңыз, көрдіңіз,— деді.

— Мен əзір ештеме айтпаймын,— деп басын шайқады Сергей. Қағазға қол қойылып тарқар кезде ғана бір қолқа салды:

— Мүмкін болса, жаңа тұқымнан маған бір уыс беріңізші?

— Алыңыз,— деп, Шығанақ қолдан үккен тарысынан алып берді.

Үлкен əңгіме ың-шыңсыз осылай аяқталып, əрқайсысы жөніне кетті.

II

Сабақтан шыққалы Кəрібайда дамыл жоқ. Үш коммунистің жиылысын өткізді. Көп отырып қаулы алды. План жасады өздерінше. Міндет бөлісті. Енді осы жөнде Шəңгерей мен Шығанақты жайланып отырып сөйлесуге, кешкі шайға шақырды. Дəм тастамайтын Шығанақ, құп алды. Қолы тисе Шəңгерей де келмек. Ақ самауыр ызылдап тұр. Кəрібай күтіп отыр. Қорасан бетінің шұқырлары тереңдей түсіп, ауыр отыр.

Сыртта ат аяғының дүрсілі əлі басылған жоқ. Қарасуды жиектей, алшақалшақ отырған колхоз ауылы шекше шұбалып кете береді: ұзындығы ат шаптырым, көлденеңі таяқ тас там. Бірсыпыра адам мал басында, пішенде. Шығанақ пен Шəңгерей, он шақты үй, киіз үй тігіп, көңнің жел жағында, Ойылдың ығында отыр. Əр жерге шалыған кішкене колхозды атпен жиыстырып, хабаршылар жүр. «Ерте келіңдер! Кетпендеріңді ала келіңдер» деген дауыс біресе ана жақтан, біресе мына шеттен естіледі. «Құрман» колхозы осылайша қауырт дайындалып, ертеңгі жорыққа шыққалы жатты.

— Кеш жарық,— деп Шығанақ кірді. Олжабекті бұл шайдан да қалдырмапты, ала кірді. Кəрібай ұшып тұрып, үйіріле бастады.

— Жоғарылаңыздар, қош келдіңіздер,— деп отырар-отырмастан жастық ала жүгірді. Бұларды жайластырып болғанша Шəңгерей де келіп жетті. Бəрі дастарқанға иірілді. Қара шайға сары қаймақты, сары қаймаққа сары талқанды араластырып, ара-арасында аршыған ақ жұмыртқаны тұзға батырып асап қойып, əңгімені қозғай отырды.

— Қайырлы болсын. Үлкен игі іске кірістіңіздер,— деді Кəрібай,— бұл, партияның жыл сайын кемінде 7—8 миллиард пұт астық алайық, оңтүстікшығыстағы аудандарда тұрақты, мол өнім алайық деген ұранын орындау жорығы ғой. Осының орындалар жолын анықтап қарастырдыңыздар ма?

— Шықаңнан сұра,— деді Шəңгерей.— Мен осы кісіге бердім билікті. Ере берем соңынан.

— Менің білетінім: қорықпа, ерінбе, жұмыла қимылда,— деп, Шығанақ шыны аяғын ілгерірек сырып қойды. Кəрібай шай құйдырып, шыны аяқты қайта алып қойған соң, Шығанақтың сезін ежіктей сөйледі:

— Сол қорықпау үшін, ерінбей, жұмыла қимылдау үшін не керек, Шықа?

— Мұның бір «үгіті» бар, соны айтқалы келеді,— деп қарқ-қарқ күлді Шығанақ.— Айта бер. Қарсы емеспіз.

— Жоқ, менің басқа да айтарым бар,— деді Кəрібай.

— Айтшы, кəне?

— Елді жапатармағай жібермей, бірнеше бригадаға бөлсе деймін.. Əрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе. Сонан соң социалистік жарыс ұйымдастырса. Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігіп қойса. Бұл, Шықаң айтқан үгітке жатады. Ал енді, қазақтың «мың сіз-бізден, бір шыж-мыж» дегені де бар ғой. Кішігірім екі қара бəйге жарияласа деймін.

Шəңгерей «екі қара бəйгені» естігенде шоқ басқан тайлақтай ыршыды.

— Атай көрме мұңыңды!

Шығанақ та ұнатқан жоқ.

— Ту дегенің, бригадаға бөліп, сыбаға б«Р дегенің дұрыс,— деді, қара сақалын сипап отырып,— Бəйге дегеніңді ми алмай тұр. Əркім өзі үшін істейді. Бəрі мол өнім алып, соларды молықтырудың қамы. Бұдан артық шыж-мыж бола ма?

— Несиеге жұрттың бəрі сене бермейді, Шықа. Көз алдына сендірерліктей бірдеңе ұстау керек қой.

Шығанақ сөйлеместен бұрын қолын бір сермеп тастады. Көзі ойнақшып басылды.

— Сенбегеніне жол əні! Ортадағы малды олжаға үлестіре берсе не қалады^

Əңгіме біразға дейін суып қалды. Бар салмақ шайға түскендей. Қара шай құйған сайын қоюлана береді. Қонақтар сіміре береді. Тер судай ағып, тері əбден кеңіген кезде, Кəрібай əңгімеге қайта оралады:

— Бұл менің өз басымнан шыққан нəрсе емес еді. Артельдің уставында да бар. Партия мен үкіметіміздің қазіргі күнде көңіл бөліп отырған мəселенің бірі. Соңсоң партия ұйымында осылай болса деп қаулы алып едік. Ендігісін өздеріңіз білесіздер. Айналып келгенде бəрі адамның көңілін алу қарызы. көңілденіп істесе, жұмыс өнімді болмақ,— деген кезде, манадан бері үндемей отырған Олжабек киіп кетті,

— Дұрыс айтады! Көңілденсе жұмыс шақ келе ме! Қатаң отырған Шығанақ та жібіп сала берді:

— Манадан бері осылай десеңші екеуің,— деді күлімсіреп.— Олай болса, партия мен үкіметтен артық кім біледі?

Шəңгерей билікті маған берсе, мен Олжабекке бердім.

Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ, жауапты қолма-қол қайырды.

— Маған салсаңдар, тіктім бəйгені!—деді. — Алдымен өзім түсем жарысқа. Осы, үлкен қызық болғалы тұр өзі.

Əлі де үндемей отырған Шəңгерейге Кəрібай енді турасынан қойды сұрақты:

— Неге үндемейсің? Ұнатпасаң ашып айт.

Ашып айтуға Шəңгерей қатты қиналды. Билікті Шығанаққа беріп қойған, енді қайтып алуға реті жоқ. Қайтып алмаса — колхоздың екі қарасы кеткелі тұр. Жоспар кемиді. Мал төлдеп жатқан уақыт болса бір сəрі. Жыл аяғы жақындағанда екі қараның орны қалай толмақ? Жоспар толмаса жақсы председатель қалай болмақ? Шəңгерей осыған қиналып отыр еді.

— Япырай, Шықа,— деді бір уақытта,— ойланбай айтып қалдыңыз-ау. Мал жоспары орындалмайын деп тұр.

— Жоқ, мен əбден ойланып айттым. Жоспар толмаса менің екі бұзауымды аларсың.

— Дұрыс онда,— деп Шəңгерей күліп жіберді.

III

Қарқынмен соққан көп кетпен жалаңаш даланың тозаңын аспанға шығарды. Əр жерде бір топ. Топтан топырақ көп. Жұмылған көп төбе-төбе қылып топырақты үйіп барады...

Екі топтың қимылы өзгеше. Бірі — əйелдер тобы — Жанбота басқарады. Екіншісі — еркектер тобы—Амантай басқарады. Екеуі дөңесті екі балағынан түріп, біріне-бірі қарсы келеді. Табыспақ жері дөңес үстіндегі қызыл ту.

Амантай мен Жанботаның арасы сөз, мінез бəсекесі еңбек бəсекесіне айналып, осы дөңеске бұрын шыққаны, екіншісінің төбесіне шыққандай көреді. Бірақ бұл екі адамның арасындағы бəсекеден, еркек пен əйелдің арасындағы жарысқа айналған сияқты. Шығанақ, Шəңгерей, Кəрібайлар дөң үстінде ту түбінде тұрып:

— Əйелдер озып барады!..

Еркектер ұзаққа сермейді!..— деп егестіргенде, үдей соққан күшті дүрсіл дөңесті солқ-солқ еткізеді.

Көйлегінің етегін ышқырына түрінген Айсұлу дөңеске жүгіре шығып, етекте, қазған жердің ішінде төбелері қылтылдап көрінген еркектерге өлең айта бастады:

Қызыл тудың астында, Қызыл тайынша ыңылдар. Көз құртындай жануар. Бəріміз саған ынтызар.

Карсы алдында Олжабек, Күжілдейді жетем деп. Құр күжілі неге сеп, Қажыр, айла болмаса еп.

Амантай жүр шықылдап, Пілге үрген қандендей, Белес жатыр бүлк етпей, Түк өнбесін білгендей.

Амантай мен Олжабек, Өктегенмен озбассың. Бір соқыр мен бір тазсың,

Əңгі, əулекі құр мəзсің,— деген кезде Амантай бір кесекті ала сала тұра ұмтылды.

— Сауысқанша шықылықтап, не деп тұрсың!

Айсұлу тұра қашты. Кесек тимей кетті.

— Мүлт кеттім!— деп жерге қайта еңкейгенде:

— Ендігісі мұрныңа!—деді де белден асып Айсұлу жоқ болды.

Дөң басындағылар шек-сілесі қатып күліп жатыр. Амантайдың бір көзінің алдында, жас кезінде күйдіргі шығып, азырақ тыртығы бар. Олжабектің басына Жамалдан айрылатын жерде қашқындар салған сойыл дағы шұбартып тұрғаны болмаса, құлан таза. Антұрған Айсұлу түйме дейді түйедей қылып кетті.

Амантай бригадасы намыстанып қалды.

— Саспаңдар, жігіттер!— деді Амантай.— Ол емес, бəрін істетіп отырған Жанбота. Құтырып өзі сүйкенді. Сыбағасын алар əлі. Тег 'жарыста мүдіртіп кетпесе, олардың жайы мəлім еді ғой.

Олжабек те шамданып қалған екен. Тақиясын алып басын көрсетті:

— Осы таз ба? Сойылдағы. Сен соқыр емессің. Өтірік неге айтады жұрт.

— Олар бізден озықтау, соның желігі ғой,— деді Амантай. Олжабек қайтып тіл қатқан жоқ, дөңді кеулей берді.

Жер əркімге өлшеп берілген, өз сыбағасын болып қапты. Айсұлу айтса айтқандай, өзгеден озық, кетпенді соққан сайын ыңқ етіп, күж етіп, ілгерілеп барады.

— Тағы да осындай бір жер,—деді Амантайға. Амантай бірдің орнына екі норма беріп еді, үндеген жоқ.

Төмен қарап жымиып Шығанақ келеді. Шəңгерей мен Кəрібай Жанботаның бригадасына барды.

— Бұл қалай болды?— деді Шығанақ күліп тұрып,— əйелдер туды сұрап жатыр.

Бірде-бірі естімеген сияқты төмен құдиып, кетпенді үсті-үстіне сілтей береді. Шығанақ əрқайсысының қасына бір барып, қимылдарын байқап жүр.

— Аптықпа!— деді Айтжанға келгенде.— Жүгірсең əудем жерге бармай сілең қатады. ілби берсең, күні бойы жүрсең де қылшығың сынбайды. Қазір екеуі де керек емес. Əліңе қарап орташа қарқын ал. Тым алыстан сермейді екенсің. Бері əкелші,— деп кетпенді өзі ұстады.

Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті. Тыпырлаған шапшаң, ыбылжыған шабан да емес, сырғып барады қарт. Аптыққан жоқ, терлеген жоқ, алымы өнімді бір əуенмен белді кертіп барады.' Көлденең қараған кісіге кетпен шабудан оңай ештеме жоқ сияқты еді. Амантай келіп Айтжанға ұрыса бастады: ;

— Шалғұрлы, қатынғұрлы қауқарың жоқ! Сендейлердің кесірінен ту кеткелі тұр. Бөріктінің намысы қоса кеткелі тұр...— дегенде: і

— Сап, сап!— деп қолын көтерді Шығанақ. Ақылшы Амантайдың өзінде де бірсыпыра мін бар екен. Міней бастады.—«Жұмыскерді мініскер жұмсайды». Мұның мініскерлік емес. Опыр, істе деу бəрінен оңай. Соның ебін, жолын табу қиын. Шолақ өкілдерше кідіңдемей, жəрдемдесу керек, үйрету керек. Бұл онша қарусыз көрінбейді, айласы жетпей жатыр. «Түлкіде алпыс екі, адамда алпыс үш айла бар». Соның бірі ғана күшке келеді. Өзгенің бəрін айламен алады адам...

— Ендеше айласымен алсын, адам ғой бұл да,— деді Амантай. Айтжанды көзімен ішіп-жеп барады. Ол кетпенін алып, жерді қаза берді.

— Бес саусағыңа қара, бəрі бірдей ме?— деп, саусақтарын Амантайдың көз алдына əкеп, бір тарбитты да, Шыға¬нақ жүріп кетті. Онымен Амантайдың көзін жеткізе алған жоқ. Амантайдың өз ойы, өз есебі бар. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады»,—деді ол. Нағыз шындық қысылғанда ғана шығады, кеңшіліктегінің бəрі тақыстық деп біледі Сондықтан, қазіргідей асығыста Шығанақтың, кеңнен толғауы оған ұнамады. Ере келіп, Олжабектің, қасында тұрғанда екеуі біраз сөзге келіп қалды.

— Елдің бəрі бала болса, мектепке қамап Кəрібайға біраз оқытып алайық. Əйтпесе, осы əлдиді қойсаңыз екен, ақсақал,— деді Шығанаққа.

Қалжыңы ма, шыны ма дегендей Шығанақ бетіне жалт қарады.

— Одан не зиян тарттың?

— Соны арқа тұтып, жұрттық белбеуі босап барады,

— Қайтсек қатаймақ?

— Ширатып ұстау керек. Қаулы алынды, норма берілді, орындасын қайтсе де!

— Норма, қаулы бəріне бірдей міндет болғанмен, адам қилы-қилы емес пе! Бабын таппай болған бар ма? Оны неге ойламайсың?

— Сіз ылғи бабын іздейсіз. Менің білетінім: адам қысылса бəрін өзі табады. Қысылмаса көксейтіні ылғи кен, жайлау.

Шығанақ бір мырс етті:

— Адамды сен шабан торы деп тұрсың. Байқа, қамшылай берсең қос аяқтап салып та жіберер.

— Қамшыламасаң тұрып алады, онда қайтесің?— деді Амантай.

Шығанақ жауап қайырған жоқ. Ойы алысқа кеткендей үндемей тұр. Ренжіп қалған сияқты, қабағы салыңқы ауыр тұр. Əлден уақытта малдасын құрып, жайланып отырып, ақырын ғана күрсінді де, Амантайға тура қарады.

— Əй, шіркін!—деді қолын бір көтеріп қойып.— Торыны айтамын деп торыққан көңілді қозғадың-ау. Арқасын ер тессе, борбайын қамшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк шыбын үймелеген кезін көріпсің. К,оң бітіп, құлағы селтеңдеген кезін неге көрмейсің? Айтпа қазақтың өткенін, айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда, малы талауда, ойлап тұрсаң ылғи бір «ақтабан шұбырынды» заманды кешіп келіп, осы күнге жетті, əйтеуір көп кедей. Үйірме, қамшыңды. Қамшы дағы жаңа кетіп келеді.Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала деп біл, ая, үйрет. Баулысаң бəрін алады, көрмейсің бе, аянып жатыр ма, осылар? Тек, ақыл-айла ғана керек. Басқардым деп тұрған сен де, ақсақал мен деп тұрған мен де, сыртымыз қампиғанмен ішіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен. Сен жассың, қармансаң қолың жетіп тұр. Байыппен істеп, бабын тап, шырағым. Əпербақан шадыр бол.ма, сабырлы бол, ел мінезіне көнтерілі бол, шырағым. Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің.

— Əй, Шығанақ-ай, осы мінезің ғой сенің,— деп, Олжа¬бек тұқырған басын көтеріп алды. Аржағын айтқанша, насыбайын ауызға қағып та жіберді.— Əрнемені ойлап, кейде толқысаң да, арқандаулы аттай айнала бересің. Жұрттың бəрі осылай болса заман не болар еді!— деп, кілт тоқтады. Сүйсінген көңілге тіл жете алмай тоқтағанын біліп тұрса да, Амантай Олжабекке сұрақ қойды:

— Ал, сонда не болады?

— К,ой үстіне боз торғай жұмыртқалар еді.

— Тауық жұмыртқасынан шығып, торғай жұмыртқасын жегің келді ме? — Ойын не керек,— Олжабек кетпенін қолына алғанда:

— Ендеше, кел төбелесейік,— деді де ұстай алды Аман¬тай. Ұстарын ұстаса да қақпанға түскен суырдай шыңғырды. Елдің бəрі рас төбелес екен деп қалды. Олжабек бұрын алысып ойнамайтын, сығымдап жатыр.

— Жібер, жібер!—- деді Шығанақ.— Антұрғанның даусы тілінен де ащы екен.

— Жіберме, жіберме!—деген əйел даусына бəрі жалт қараса, Жанбота келіп қалған екен. Қасында Шəңгерей мен Кəрібай бар.

— Е, сен бе едің шыңғырған, суыр ма десем?—- деп Шығанақтың қасына отыра кетті, үстінің шаңын қақпастан.

— Иə, мен едім,— деді Амантай. Басқа айтарың бар ма дегендей Жанботаға тесіліп қапты.

— Саған не көрінді? Əйелден де, шалдан да жығыласың?

— Əйелден жығылсам айып емес, кімнің тізесін бүкпепеген ол қасқа.

Шал дегенді байқап айт, шамырқанса шарт үзетін күші бар.

— Тышқанға мысықтан күшті жоқ деген ғой. Саған Олжабектен күшті кім болсын енді. Үстіңнің шаңын қақ.

— Ештеме етпес. Шаңға сен де аунаған шығарсың.

— Қылжаққа уақыт жоқ, туға келдім.

— Аһ!— деді Амантай. Ашылған аузын жаппастан алақтап қарай берді əркімге бір. Ентігіп Олжабек келді.

— Шын айтасың ба, Жанбота,— деді келісімен.

— Шын!


Бəсеке басылып қалды. Əңгіменің мəн-жайын бажайлап отырып Кəрібай айтты.

— Біз əйелдер бригадасына барып келдік. Қабыш бастаған еркектер бригадасының да жұмысын білдік. Əзірге үш бригаданың озығы Жанбота бригадасы.

— Сонда, ең алды неше норма орындапты?—деді Олжабек. Өзінен озып ту алатын əйелді білгенше, көргенше ынтығып тұр.

— Бір жарым.

— Е-е, ендеше менікі екі жарым.

— Сенің бригадаң кейіндеу келеді.

•— Соған мен күймекпін бе? Əркім өзіне жауапты.

— Күймейсің. Жалғыз өзің ту да алмайсың. Олжабек аңырып қалды. Екі көзі Кəрібайды ішіп-жеп барады.

— Өзің не деп тұрсың? Тумен қоса екі қашар да кете ме?

— Жоқ. Қашар қашан жұмыс біткенде беріледі. Оған дейін озған туды алып отырады.

— Осы қулығына түсінбеймін!— деді, Олжабек басын шайқап.

— Ту құласа қол тарайды. Ту тұрған жерде аруақ тұрады деуші еді. Шығанақ, сен сөйлеші.

Олжабек ту кеткенін жақсылыққа жорымады. Екі қашар қоса кетеді, аброй тағы жоқ, бəрі туға байланысты. Шығанақ кіріссе осының да бір есебін табар еді деп тұр ішінен. Шығанақтың өзіне бұратынына қандай сенсе, бір амал табатынына сондай сенімді. Не айтар екен, қисынын қалай келтірер екен деп, оның аузын бағып тұрғанда:

— Досым, жөні кетіңкіреп қалған екен,— деді Шығанақ— Қуып жетіп озып алмаса, артта келе жатып бер дегенге бере ме бұлар. Кəрібай, сен озғанын айттың. Қалай озғанын айт енді?

— Əйелдердің күші асып, айласы асып жатқан жоқ. Оларда денені ылғи қыздырып тұратын еңбек көрігі — өзара жарыс күшті көрінеді. қатар бара жатқан екі əйел бірінен-бірі озамын деп егеседі. Бригада ортасында балалар туындай ғана бір жапырақ ту бар. Осы туда дамыл жоқ. «Анау озып кетті, мынау озып кетті...» деп, Жанбота əрқайсысының қасына апарып бір селтитеді. Сонымен, екі əйелдің арасындағы егес ұласып, бүкіл бригаданы көтеріп жіберіпті. Бар хикмет осы ғана.

— Амантай, санаң болса осыны ұқ,!—- деді Шығанақ. Басқа ештеме айтпады. Олжабек жаңа ғана тудан күдер үзді. ішінен: «Осының кейде шатасатыны шын болуы керек»,— деп тұр. і

Олжабек айтсын, айтпасын кейінгі кезде Шығанақ жайында

«шатасыпты», «жалғыз шығып кетеді екен...», «өзімен-өзі сөйлесіп жүреді екен...» деген сыбыс бір көтеріліп, бір басылып, рас, өтірігін де, қайдан шыққанын да таптырмай жүр. Табамын деп соңына түсуші де жоқ. Олжабек те келіп қалған ойды ұзатып салып, Шығанақты қайта тапты.

Шəңгерей, Кəрібай, Шығанақ үшеуі Жанботаны ертіп, дөң басына қарай аяңдады. Олар кетісімен Амантай орнынан ұшып тұрып, Айтжанның басындағы қызыл орамалын жұлып алды.

— Ойнама, басымнан күн өтеді,— деп еді ол, Амантай:

— Ойын емес, жолдас. Орамалын, ту болғалы тұр,—- деп бір ағаштың басына байлады да, Олжабектің, қасына əкеліп тікті.

— Мұның аты қара жарыс. Озғаның бəйгеге қосыласың. Ал, озыңдар Олжабектен.

Олжабектің көңілі əлі де үлкен туда, қос қашарда еді. Өзіне-өзі сенгендігі ме, жоқ шыдамады ма, кішкене туға алаңдамастан үлкен тудың соңынан жүгірді. Соңырақ ұмтылса да, дөң басына басқалардан бұрын шықты.

— Ал, жігіттер, қимылдаңдар,— деді Амантай.— Анау онымен шатасып жүргенде, қуып жетіп мына туды біреуің ала қой. Аузы аппақ болсын.

Олжабектің кеткені дұрыс болды. Ол кетпесе одан озам деп ешқайсысы дəмеленбейтін сияқты еді. Енді бірінен-бірі озамын деп сыбана бастады.

Олжабек барысымен-ақ екі тайыншаны алдына салып қуа жөнелді. Шығанақтың тоқта деуге шамасы келген жоқ, күлкіден шегі түйіліп отырып қалды. Ол, «екі қашар тумен қоса кетеді. Ту қайтса, қайтар, осы екеуі қайта ма, қайтпай ма» деп, Жанботаның қолына түсіргісі келмеді. Түбінде өзі жеңетініне, тайыншаның сонда өзіне тиетініне сенімді екен.

— Онда нең бар?— деп айғайлаған Шəңгерейге:

— Кесір болмаса бірі менікі!— деді де кете барды.

Дөң басында, ту түбінде, туды Жанботаға бергелі тұрып, Шығанақтың шаттықпен көзіне жас келді. Қуанышын да, қайғысын да жуықта сездірмейтін қара сұр жүзінде қан ойнап, лепірген жүректің лебі тұр. Үні дірілдеңкіреп, сөзі қапелімде түйіліп жазылғандай мүдіріп-мүдіріп шықты.

— Балам!—деді Жанботаға.— Ту алғаныңа сен қуансаң, бергеніме мен қуанам. Адам шіркін қуанышқа құмар. Қуанса шүкірлік етпейді, тағы тілейді. Мен шүкірлік етіп те, тілеп те тұрмын. Анау Амантай сенен көріп, əнебіреу шүберекті желбіретіп қойыпты. Олжабек сенен қорқып екі қашарды қуып барады. Бəрің көз алдындағыға мəзсің. Сол көз алдыңдағыға еріп қайда бара жатқандарыңды көріп, мен мəзбін. Біреу осы қуанышты таразының екі басына салып жіберсе, бəріңдікін бір менікі басып кетер еді.

Егер біреу бəрін жинап алып, мынау Ойылға шашып жіберсе, бəріңдікі батып кеткенде, менікі қалқып жүрер еді. Бұл мақтаныш емес, мысал. Əр істі ұғынып, пайымдап істе, келешегін көріп істе демекпін. Келешегіне қызықсаң қажымайсың, қайрат бітеді бойыңа. Осынау түйдегімен тиген көп кетпен қу даланың шаңын көтеріп жатқан жоқ, тарысын сапырып жатыр, шырағым. Шаңды көрмей тек сол тарыны көрсең болғаны.

Шығанақтан көз алмай қадалып тұрған Жанбота əдеппен бір иіліп:

— Ұқтым, əке,— деді де туды көтеріп жүріп кетті. Дөң үстінде, ту көтеріп бара жатқан Жанботаға көзі түсіп, ойда тұрған Амантай:

— Сен қызға соны қойсам, Амантай атым өшсін!— деп ант етті.



IV

Қабыш бастаған топтың аралары арқан бойы бір-бірден тізбектеліп кете барады. Əркім алдындағы арқан бойы жерді болғанда, ұзындығы бір шақырымдай жер бетіне топырақ астау көтеріледі. Бұл егіншілер тілімен айтқанда «айғыржап». Машина Ойыл суын осы айғыржапқа құяды. Айғыржаптан «қысқа мойын», атыздар арқылы егіске тарайды. Суарма егіспен күн көрген елдің, айғыржап жасаудан бастап, егінді орып, жинап алғанша қолынан кетпені түспейді. Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиынырақ. Міне, дүниені күйдіріп бара жатқан күн астында, күреңіткен көп адам қимылдап жүр. «Болмаймын» деп, безер жер бедірейе береді. «Қоймаймын» деп көк кетпен Қадала түседі. Екеуі жеңіскенше жеңілтек адамның жаны Шығып кеткендей. Ұзақ күрес біреуді жалықтырады, біреуді Құнықтырады.

Қабыш жалыққан тəрізді. Қазылған жердің салқын топырағына бауырын төсеп, етпетінен жатыр. Бұрын бай, ел билеген жуан болмаса да, еңбекке жаншылмаған атқамінер, колхоз тұсында ауырдың үсті, жеңілдің астымен келген тақыстау кісі еді. Жұмыстан жүрегі айнып жатқан сияқты.

Бастық жантайған соң əркім-ақ жантайған. Айғыржапта ет қызуы ерте басылып, қысыр əңгімелер қозғалды. Бұл мезгілсіз дамылға мазасы кетіп, Елеусін Қабышқа келді.

— Құрдас-ау, ел баяулап қалды ғой. Көтермейсің бе?— деді келісімен.

— Күн ыстық. Аялдасын азырақ,— деп Қабыш басын көтеріп алды,— Сенің байың қыра ма деймін осы елді.

— Неге? Ел ол үшін істеп жатыр ма?

— Оным əншейін сөз,— деді Қабыш. Елеусіннің ұнатпай қалғанын сезіп, майдалай бастады.— Əркім өзі үшін істейді. Өз табысын жейді. Əйтсе де осы жұмысқа Шығанақ мұрындық болды. Бұл арада ешкім жоқ, бар салмақ көпке түсіп тұр, көтере алмай ма деп қорқамын.

— Олар белді қазып бітірсе, біз айғыржапты бітіре алмаймыз ба, сонда?

— деп Елеусін таңданғанда, Қабыш жымиып қойып, жұмысты ауырлата түсті:

— Бір жылдың ішінде екі айғыржап жасаймыз. Бұрын бірнеше жылда біреуін азар жасамаушы ма едік? Егін жайы екі ауысып, машина екі көшкелі тұр. Бұрын бір шығырмен төрт-бес гектар жерді суарып болғанша жан шыға жаздаса, енді қырық-елу гектарды қалай суармақсың? Аяқты көрпеге қарап көсілу керек еді.

— Осы жұмыс орындалмайды деп отырсың ба?—деді Елеусін. Қабыш қайғының үлкенін енді шығарды:

— Бұл өз алдына бір уайым. Орындалмағанынан орындалғаны қайғы.

— Бетім-ау, не деп кеттің?

-— Бет шымшыр күн əлі ілгері. Бұл орындалмаса, қайда қалмаған бір еңбек, қалар. Орындалса, осы мойын ағаны мойныңнан түсер деме. Жерді көп жыртармыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын. Соның пайдасы не?

— Өзің ауысқаннан амансың ба?—деп түршігіп қалды Елеусін.

-— Мен аманмын. Сенің байың аман емес,— деді Қабыш.— Елді, қазнаны «Құрман» колхозы асырамақ. Көп астықтың кəдесі де көп. Өзіменөзі тоқ, талапайы жоқ қайран түйешығыр-ай деуіңе əкел қолыңды!

— Бұл сұмдығыңды бұрын неге айтпадың, құрдас-ау?

— Айтқанмын. Сенің қара бураң шабынса шөкпей тоқтаған ба, шөгіп тынсын. Аузынан көбігі ағып, серейіп жатқанда сөйлесем енді,— деді де, Қабыш орнынан тұрып айғай салды.— Тыныстаған шығарсыңдар, тұрыңдар! Мыжғылай берейік, əйтеуір.

Еті суып қалған ел, орнынан баяу көтеріліп, кетпенді қайта қолға алды. Елеусін де Қабыш сөзінен кейін сылбыр аяңдап, өз орнына барды. Күн шыжи түсті. Құмайт жердің жанар шөбі шамалы, табаннан өткен ыстық лебі бетке шабады. Қозғалсаң тер құйылып, ағып барасың. Қозғалмасаң көнің кеуіп барады. Əйтеуір шақырайған күн сазайыңды беріп тұр. Кетпендер ауыр көтеріліп, ақырын сермеліп жатыр.

Аяғын ширақ басып осы жаққа Шығанақ келеді. Бəрін көріп келеді. Бөкен қабағының астындағы қара көзі болашақ егін жайға байыппен қарап, Қабышқа жеткенде қадалып тұра қалды.

— Күн өткеннен аман ба? Көзің кіртиіп кетіпті ғой.

— Сонда да сенен көлеңке сұрамаспын,— деді Қабыш көңілсіздеу тұрып.

— Дала кен, ендеше. Етегіңді түріп қой да, отыра бер.

— Бір мен түрсем ештеңе етпес. Мынау елдің бəрі түрсе, аяқ басар жер қалмас.

— Ойнасаң да, ойыңды айтып тұрсың-ау. Əлі де бірдеме бар ғой, сірə? — деп Шығанақ Елеусінді шақырды.

— Сусының бар ма, əкелші?

Жерге көмген қара торсығын суырып алды, Елеусін келді. Быжылдаған сары 'шұбатты сұп-суық қылып ұсына бергенде:

— Əуелі мынаған бер,— деді Шығанақ, Қабышты нұсқап.— қарны ортайса қоңқылдап түсе қалатын антұрған, қоңқылдап отыр.

— Жоқ, оның бұл жолғы қорсылы, басқаша,— деді де, аржағын айтайын ба, айтпайын ба дегендей, Елеусін Қабышқа қарады. Қабыш үндеместен шұбатты сылқ-сылқ жұта берді. Сол екі арада Шығанақ

Елеусінді де бір қағып өтті.

— Екеуіңнің араң тіпті жақын екен. Оңашада келіскенсіңдер ғой, сірə.

— Келісуге жақынбыз. Жақсы келдің өзің. Осынша бейнеттен елдің көрер пайдасы не, соны айтшы?

— Сені де күн соққан ба, не сөйлеп отырсың?

— Еңбегімді сөйлеп отырмын. Өнерін айт, білгім келеді.

— Білмесең, тары өнеді. Тарыға бəрі келеді.

— Өнгенін қайтейін, бəрін сыпырып алатын болса.

— Құлағыңа сайтан сыбырлап кетті ме? Кім сыпырып алады?

— Қазына сыпырып алады дейді, мына құрдас.

— Құрдас та, сен де былшылдапсың. Бар орныңа!— деді Шығанақ. Кесені шамданып ырғытып жіберді. Елеусін жауап қайтармастан торсығын алды да тайып тұрды. Ол кеткен соң біраз үндемей отырып, Шығанақ Қабышқа тиісті:

— Осы сенің не ойың бар? Ашып айтшы.

— Менде бөтен ой жоқ.

— Жаңағы не сөз?

— Жаңа естіп отырмысың? Алдақашан айтқаным қайда?

— Рас,— деді Шығанақ.— Сен алдақашан айтқансың. Мен алдақашан қалды ма деп едім. Қалдырмаған екенсің. Кел, осы арада жеңісейік. Сен ғой, əуелде колхоздан тартпақтадың. Мен еніп кеттім. Кейін келіп қыңқылдаған соң, бірсыпыра жұрт қарсы болса да колхозға алдық. Бұл бір жеңілгенің еді. Одан кейін машина алу тартысына түстік. Сен Төкеннің атын қамшыладың. Төкен шалқасынан құлады. Бұл екі жеңілгенің еді. Осы егінжайға көшуге келгенде, көмекті сырттан сұрап жатып алдың. қолдан келмейтін іс деген шығарсың. Дəл қазір айта аласың ба соны? Бұл үшінші жеңілуің. Енді көп егіннің шығыны да көп деп отырсың. Рас, шығыны көп. Баяғыда Дүржығұл, Жүсібəлінің сойған соғымын бүкіл Телғара болып соймайтын. Онымен Дүржығұл, Жүрсібəлі кедей болды ма? Олар есесін елден алса, біз жерден аламыз. Жер елден байырақ. Неге қорқа бересіңдер осы?

— Жұмыстан қорқамын,— деді Қабыш.— Жұмыс ауырлап барады. Сен ауырлатып барасың. Бəрі жан үшін болса, жанның да аялына бір қарау керек. Сергу керек. Итберген-дей итшілеп мал жиғанша, кедейліктің өзі артық.

Шығанақ көпке дейін жауап қайырмай ойланып қалды. Қабыш дəрет сындырып келіп, қайта отырғанда ғана сөзін бастады:

— Сөзіңнің тамыры бар, тарауы көп. Таратам деп бөгеліп қалдым. Дұрыс айтасың, Итбергендей бай болғанша Қабыштай кедей болған артық. Итберген байи білсе де қызығын көре білмеді. Қабыш қызығын көре білетін еді, байи білмеді. Колхоз мұның екеуі де емес. Байи да, байлықтың қызығын көре де біледі. Ал енді, өзің жомарт Қабыш, сері Қабыш бола тұра сараңдығыңды Итбергеннен де асырып отырсың. Колхоз ешкімге бермесе екен дейсің. Мен, дүниенің ең қызығы алу емес, беру деп білем. Берудің қызығын көрген — алудың да қызығын көреді. Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді. Қазына алсын, ел алсын, кемтар алсын, бар болса ала берсін. «Қойнынан төгіліп, қонышқа құйылғанның несі өкініш. Білем, сенің қорқынышың бұл емес. Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді де əкеміз пішенге аяғымызды тұсап салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың.

j 122

Сонда-ақ түңілгем сен иттен. Бірақ əлі айырылысқанымыз жоқ. Жас алпысқа келе жатыр. Бір туған төлміз. Талай шарт сынатын жер келсе де, соны ойлап, қайыса берем. Əйтпесе, сенің орнын, алдақашан түрме. Барғың келсе, қайтейін, бықсыта бер əрнені, тұтанбай қалмас. Барғың келмесе, аузыңды бақ. Əлің келгенше істей бер. Тіпті, істей алмасаң оны айт: аңшылық бар, дүкен бар, қыл-қыбыр, тері-терсек жинау бар — бəрі еңбек. Таңда бірін. Ендігі қиқаңыңа көне алмаймын. ірітпе жұртты. Ойлан да жауабын бер,— деді де орнына тұрып кетті.



Жол бойы тізбектелген бригаданы сыдырта аралап, таяғын беліне көлденең ұстап, Шығанақ қатты аяңмен барады. Ешқайсысына бөгелген де, сөйлескен де жоқ. Кезбен сүзіп, өте шықты. Беті сонау бұлдырап көрінген ескі егінжай, жаңа машина. Ой-шұқырлы жазық далаға бір батып, бір көтеріліп, заулап барады. Қайда барады, кімге барады? Белгісіз.

Қабыш тапжылмай отырып қалды. Зіл басқандай ауыр отыр. Алды соны, арты шиыр, жөн таппай отырған сияқты. Жол көрсеткен Шығанаққа күдігі көп. Бірге өсіп, біте қайнаған құрбы болса да қомсынады: «...Не көрді бұл? Жұмыс жөнін білген соң «Шықа» дегенге мəз. Əйтпесе, мен басқан жерді басқан жоқ. Мен шыққан төбеге шыққан жоқ. Өмірінде екі кісіге төрелік айтпаған сорлының көңілі тым көтеріңкі. Көзі неге жетеді? Шарқына неге қарамайды? Жігіт ағасы болмаса да, есі дұрыс адам еді, есіріп барады. Құлай ма деп қорқамын. Қоқаңдаса күндеймін. Қайтсем шыдармын?..»

Осы ойдың ұшығына жете алмай көп отырды. Шыдап «қара жұмысқа» қалуын, шыдамай жеңіл жұмысқа шығуын шешкенше бір дөңестен Төкен қылт ете түсті. Ол көрінгеннен-ақ Қабыштың көңілі селт еткен еді, келген соң екеуі үлкен əңгімеге кірді.

— Жұмыс қалай,— деді Төкен. Қалай екенін көріп біліп тұрса да осылай сөйлеу əдеті.

— Істеп жатырмыз, əйтеуір. Қалай екенін өзің айтпасаң, мен білмеймін, — деп, Қабыш шөп ширата берді. Біле тұра бірін-бірі «сен айт, сен айтпен» арбасты.

— істеп жатқан сен білмегенде, жаңа келген мен білемін бе, айтсаңшы бəлсінбей.

— Мен, болған соң айтамын. Сендер білгіш, болмай да айта бересіңдер.

— Шығанақ болмаса, менің ондай сəуегейлігім жоқ,— деп Төкен қарққарқ күлді. Күлкісі өтірік те болса шынға бергісіз еді. Қабыш нанып қалды. Көптен бері көңіліне ұнаған қартпен кезі келгенде сөзі үйлескені болмаса, іш ақтарып сырласқан емес. Оқыған, көпті көрген, талай заманды басынан атқарған Төкен, Қабышқа бір дария сияқты, Сол дарияға сүңгіп кетіп, тереңде жатқан асылдарын алып шығар ма еді, иектен еркін жүзер ме еді деп қызығатын. Қызыққан дариясы ыстық күнде, қақ алдында тұрғанда Қабыш қалай шешінгенін байқамай да қалды:

— Төкен, сен көпті көрген тарлансың ғой, бір ақыл сұрағалы отырмын, — деді.

— Сұра,— деді Төкен іркілместен.— Ақылдың да тарлан тартқан кезі бұл, жарамаса тастарсың.

— Осы машина не дейді? Шығанақ не дейді? Мен түсінбеймін.

— Шығанақ жердің бермесін аламын дейді. Машина соны алып береді, — дейді.

— Қашан алады? Қашан алып береді?

— Оған неше «бесжылдықтар» керек екенін мен де білмеймін.

— Соған дейін көретініміз осы ма?

— Оны маған несін айтасың. Мен айтарымды айтқамын. Қазақ жер кəсібіне көндікпеген халық, өктемеңдер деп едім, болды ма. Ал, не шықты? Бір жыл болмай машина екі көшті. Егін жайы екі ауысты. Бергені қайда жердің? Қазақтың киіз үйі емес бұл, түйеге артып тарта беретін. Бірақ бұл жұмыс та бір бітер. Жаңа қонысқа да жайласар сыздар. Сонда сенген машинаң не дер?— деп Төкен Қабышқа тесірейіп тұрып қалды. Төмен қарап сұлық тыңдап отырған Қабыш өзіне берілген сұраққа жауапты əлден уақытта сұрақпен қайырды:

— Иə, машинаның не сыры бар?

— Машинаға да тамақ керек. Əлден май сұрап тұр. Жүрегім қарайды дейді. Бəріңнің бір жыл жегеніңді ол бір айда жейді.

— Май тасудың өзі нөсер жұмыс десеңші.

-— Майдан басқа да таситындарың аз ба?

— Иə, астық тасу бар əлі. Құдай-ау, бұл неғылған көп жұмыс... Сіңбіруге мұрша келмей ме деймін.

— Еңбегің жанса оған да көнерсің. Құм дала жігеріңді құм қылса қайтесің?

— Жоқ, су болса, еңбек зая кетпейді,— деп басын шайқады Қабыш. Төкен ызадан күліп те жіберді, қызарып та кетті:

— Осы жұртқа қайранмын!—деді басын көтеріп алып.— Ексең, күтсең, күлге де бірдеме шығады. Мəселе онда емес. Қанша күш жұмсалып жатыр? Сол күштің құны төлене ме? Төленбесе неге төгесің текке? Қара топырақтың бергенін құм қашан беріп еді?

Қабыш бөгеліп қалды. Кімді ұстары, қалай беттері белгісіз. Бұрын мол астық талапайға түседі деп қорықса, енді астық жоқ, мұрнын ұстап отырған тəрізді. Задында мұның екеуін де елмен бірге көруге шыдайтын, əттең дүние, ауыр жұмыс шыдатар емес. Ойласа жаны түршігеді, жүрегі айниды. Отырып-отырып:

— Əй, Төкен!— деді бір уақытта.— Бұл тарысы құрғыр шықса бір пəле, шықпаса екі пəле екен. Тары жемесем де өлмеспін. Жанға тынышын айтшы.

— Міне, нағыз қазақ!— деп тағы да күлді Төкен. Мұнысы шын күлкі. Көзінен жас шыққанша күлді.

Төкен қазақтың өткенін көп көріп, көңіліне берік тоқыған. Бүгінгісін аз көріп, елемей өте шыққан. Тоқығанының өзін теріс тоқыпты. «Қазақ тек далада мал бағып, жеңілдің .үстімен жүрген ел. Мал өз аяғымен оттайды. Қазекең тегін ет, тегін қымызға семіре береді. Қала тұрмысын, егін кəсібін білмейді. Білдіріп те керегі жоқ. Адайлықтар Ойыл жəрмеңкесіне бір келгенде айналасы атшаптырым қызыл сарайлар қызыл алтынға лық толады. Ойыл малдың астында қалады...»— деп, шетке шыққанда талай серпіген болатын. Мынау келіп қалған машиналы өмір, сол тегін байлықты Төкен аузынан жырып əкетіп, басқа бір арнаға құйғалы жатыр. Төкеннің машинаға қырын қарайтыны да, Қабышты «нағыз қазақ» деуі де осыдан. Ол осы сөзін қайталап:

— Сен нағыз қазақсың!—деді Қабышқа.— Қазақ жер кəсібіне көндікпеген. Ол сорлының қолы мал ғой. Мынау ен даланы сайрандап жүрсе...

Лоблыған Қабышты малға қарай итермелегенде Төкен баяғы заманның қайта келеріне сенген жоқ. Осы заманның өзінен де бірдеме жырып қалмақ еді. Қабыш беттемеді:

— Мал бағу да оңай емес. Басқа бірдеме айт.

— Қазақтың малдан қашқанын көргенім осы.

— Малың егіннен де қиын. Жауында, қара суық боранда басқалар жатса да, малшы жатпайды. Қартайғанда ұшып өлер жайым жоқ.

— Онда кладовщик бол, берсе.

— Ол құрғыр да мазасыз. Ананы бер, мынаны бер деп отырғызбайды.

Таптым!— деді Төкен санын соғып жіберіп. Аң аула.

— Мылтықтың қалай атуын да, іздің қалай жүргенін де білмеймін. Аңшы болып не бітірем?

Қабышқа колхоз ішіндегі қызмет, жұмыстың бірі жақпай отырғанда, Ермағамбет көрінді. Қасында Шəңгерей мен Кəрібай бар. Үшеуі де атты. істеліп жатқан жұмысты аралап келеді. Айғыржаптың бойы лезде бір күйге түсті. Кетпендер шапшаң-шапшаң көтеріліп, əркімнің-ақ танауы желбеңдеп,, маңдайы терши бастады. Төкен мен Қабыш əңгімені тоқтатып, келушілердің алдынан шықты.

— Бригадирдің бірі, Қабыш ақсақал осы кісі,— деді Шəңгерей таныстырып тұрып. Ермағамбет сұрақты табанда қойды:

— Жұмысыңыз не күйде, отағасы?

— Жаман емес.

— Ең алды кім, бұл бригадыда?

Қабыш мүдіріп қалып еді, тағы сұрады:

— Ең арты кім?

— Бəрі қарайлас қой,— дей салды Қабыш. Алдын да, артын да аңдамаған екен сорлы. Сұрақ көбейе берді:

— Озуда қарайлас па, қалуда қарайлас па? Екі ұшты ғой сөзіңіз.

— Əзірге озып шыққаны да, кейін қалғаны да көрінбейді. Қаз-қатар келеді. Тұяқты тұяқ жібере ме?

— Сондай-ақ парлап салғансыз ба?—деп күліп қойды Ермағамбет.— Араларында социалистік жарыс бар ма? Мына бригадалардікіндей ту сізде неге жоқ?

Қабыш үндемей, төмен қарап сипақтай берді. Басқа бір жай адам болса сөйлесіп көретін еді. Қорғалап, сескеніп тұр. Өтірік айтса күмəні қазір ашылады. Шынын айтса өзін-өзі ұстап береді. «Үндемеген үйдей пəледен құтылған» деп тұр Қабыш. Бірақ Ермағамбет онымен құтқарар емес, көзігіп алыпты:

— Кездескен кедергілерді айтыңыз. Оны қалай жойып жатырсыз?

Жұмыс жайын білмегені былай тұрсын, білгісі келмеген адам нені айтсын. Қабыш" тағы да айта алмады.

— «Кедергі» деген осы кісінің өзі болмасын,— деді де Ермағамбет жүріп кетті. Олардың соңын ала Төкен мен Қабыш та келеді. Өзара күңкілдеп сөйлесіп келеді:

— Райком қырын келді-ау саған.

— Өзіңмен қалай еді?— дейді Қабыш. Төкен желкесін қасыды.

Жұмысты аралап барады. Барған сайын Қабышқа сұрау қоюлап барады. Айғыржаптың ең шетіне шыққанда, Қабышты қалдырды да, өзгесі тұра шапты.

.— Өрт! Өрт!..— деп шауып барады.

Машинаның түбінен бұрқ еткен қою түтін тымық күнде тік көтеріліп, будақтап жатыр. Жалыны əзір көрінбейді, жаңа тұтанды...

Шығанақ бұл кезде атпен жүретін жерге жаяу жетіп, Ойылдың дəл жарлауыт жиегінде отырған. Қасында машинист көмекшісі Сембі бар. Екеуінің ортасында бір қазан. Қазанда топырақ пен су.

— Иə сəт!— деді Шығанақ, қазан астына от қойып жатып. Шытырлап тұрған қурай лап етті. Қара түтін бұрқ етті. Дүрсіл, дабыр естілді. Сонша болмады машина қорасының тасасынан шыға келген аттылар, көздері адырайып, желбезектері желпілдеп, ағызып өте шықты. Жолындағы қазанды да, Шығанақты да басып кете жаздады. Қайта оралғанда:

— О, не болды! Не болды!— деді, шошып қалған Шығанақ.

— Бəсе, не болды?!—деді Ермағамбет.

Бірін-бірі жаңа танып, жаңа түсіністі.

— Жоқ жерде елді дүрліктірдіңіз ғой. Не асып жатырсыз?

— Ауға біраз балық оралған екен. Соны асып жатырмыз.

Сембі жымыңдап Шығанақтың өтірігін шығарғалы тұр. Теріс айналып, жымың-жымың етеді, түртіп қалса, жарылып кететін. Ешқайсысы ежіктемеді бірақ, Шығанақ көзін бір қысып қойды. Қазанның астына мол қылып тезек қалай бастағанда:

— Əдейі келген соң. отағасының балығын жеп аттанатын шығармыз,— деп Ермағамбет аттан түсті. Сембі қысылса да оған Шығанақ қысылмады:

— Бұйырса жерсіздер.

Қазан піскенше бəрі машина көруге кетті.

Машинаның тыныстап тұрған кезі. Машинист Федор бос болған соң Ойылға кеткен. Ол барда жақ ашпайтын Сембі қазір жақ жаппайды.

— Мынау, головка,— деп шойын бөрікті төбесінен түртті. — Осыны отпен қыздырамыз. Жез түтікпен келіп май

тамғанда, головка газға толып, газ цилиндрдің ішіндегі поршеньды кейін итереді. Кейін серпкен поршеньды, коленчатый валдың басындағы мына дөңгелек өз салмағымен Қайта серпеді. Газ оған серпіді...

— Мылтықтың қалай атуын да, іздің қалай жүргенін де білмеймін.

Аңшы болып не бітірем?

Қабышқа колхоз ішіндегі қызмет, жұмыстық бірі жақпай отырғанда, Ермағамбет көрінді. Қасында Шəңгерей мен Кəрібай бар. Үшеуі де атты. істеліп жатқан жұмысты аралап келеді. Айғыржаптың бойы лезде бір күйге түсті. Кетпендер шапшаң-шапшаң көтеріліп, əркімнің-ақ танауы желбеңдеп,, маңдайы терши бастады. Төкен мен Қабыш əңгімені тоқтатып, келушілердің алдынан шықты.

— Бригадирдің бірі, Қабыш ақсақал осы кісі,— деді Шəңгерей таныстырып тұрып. Ермағамбет сұрақты табанда қойды:

— Жұмысыңыз не күйде, отағасы?

— Жаман емес.

— Ең алды кім, бұл бригадыда?

Қабыш мүдіріп қалып еді, тағы сұрады:

— Ең арты кім?

— Бəрі қарайлас қой,— дей салды Қабыш. Алдын да, артын да аңдамаған екен сорлы. Сұрақ көбейе берді:

— Озуда қарайлас па, қалуда қарайлас па? Екі ұшты ғой сөзіңіз.

— Əзірге озып шыққаны да, кейін қалғаны да көрінбейді. Қаз-қатар келеді. Тұяқты тұяқ жібере ме?

— Сондай-ақ парлап салғансыз ба?—деп күліп қойды Ермағамбет.— Араларында социалистік жарыс бар ма? Мына бригадалардікіндей ту сізде неге жоқ?

Қабыш үндемей, төмен қарап сипақтай берді. Басқа бір жай адам болса сөйлесіп көретін еді. Қорғалап, сескеніп тұр. Өтірік айтса күмəні қазір ашылады. Шынын айтса өзін-өзі ұстап береді. «Үндемеген үйдей пəледен құтылған» деп тұр Қабыш. Бірақ Ермағамбет онымен құтқарар емес, көзігіп алыпты:

— Кездескен кедергілерді айтыңыз. Оны қалай жойып жатырсыз?

Жұмыс жайын білмегені былай тұрсын, білгісі келмеген адам нені айтсын. Қабыш" тағы да айта алмады.

— «Кедергі» деген осы кісінің өзі болмасын,— деді де Ермағамбет жүріп кетті. Олардың соңын ала Төкен мен Қабыш та келеді. Өзара күңкілдеп сөйлесіп келеді:

— Райком қырын келді-ау саған.

— Өзіңмен қалай еді?—дейді Қабыш. Төкен желкесін қасыды.

Жұмысты аралап барады. Барған сайын Қабышқа сұрау қоюлап барады. Айғыржаптың ең шетіне шыққанда, Қабышты қалдырды да, өзгесі тұра шапты.

__ Өрт! Өрт!..— деп шауып барады.

Машинаның түбінен бұрқ еткен қою түтін тымық күнде тік көтеріліп, будақтап жатыр. Жалыны əзір көрінбейді, жаңа тұтанды...

Шығанақ бұл кезде атпен жүретін жерге жаяу жетіп, Ойылдың дəл жарлауыт жиегінде отырған. Қасында машинист көмекшісі Сембі бар. Екеуінің ортасында бір қазан. Қазанда топырақ пен су.

— Иə сəт!— деді Шығанақ, қазан астына от қойып жатып. Шытырлап тұрған қурай лап етті. Қара түтін бұрқ етті. Дүрсіл, дабыр естілді. Сонша болмады машина қорасының тасасынан шыга келген аттылар, көздері адырайып, желбезектері желпілдеп, ағызып өте шықты. Жолындағы қазанды да, Шығанақты да басып кете жаздады. Қайта оралғанда:

— О, не болды! Не болды!— деді, шошып қалған Шығанақ.

— Бəсе, не болды?!—деді Ермағамбет.

Бірін-бірі жаңа танып, жаңа түсіністі.

— Жоқ жерде елді дүрліктірдіңіз ғой. Не асып жатырсыз?

— Ауға біраз балық оралған екен. Соны асып жатырмыз.

Сембі жымыңдап Шығанақтың өтірігін шығарғалы тұр. Теріс айналып, жымың-жымың етеді, түртіп қалса, жарылып кететін. Ешқайсысы ежіктемеді бірақ, Шығанақ көзін бір қысып қойды. Қазанның астына мол қылып тезек қалай бастағанда:

— Əдейі келген соң. отағасының балығын жеп аттанатын шығармыз,— деп Ермағамбет аттан түсті. Сембі қысылса да оған Шығанақ қысылмады:

— Бұйырса жерсіздер.

Қазан піскенше бəрі машина көруге кетті.

Машинаның тыныстап тұрған кезі. Машинист Федор бос болған соң Ойылға кеткен. Ол барда жақ ашпайтын Сембі қазір жақ жаппайды.

— Мынау, головка,— деп шойын бөрікті төбесінен түртті.— Осыны отпен қыздырамыз. Жез түтікпен келіп май тамғанда, головка газға толып, газ цилиндрдің ішіндегі поршеньды кейін итереді. Кейін серпкен поршеньды, коленчатый валдың басындағы мына дөңгелек өз салмағымен Қайта серпеді. Газ оған серпеді...

Сембі машинаның əр тетігін бір түртіп, əр винтін бір ұстап жүріп қолын майлады. Қолымен бетін майлады. Оны су жұққан құрлы көрген жоқ. Қара тұмсығын көкитіп қойып, соғып тұр. Өзіне бір дес тиген күн. Өзінен білгіш те, өзінен қуанышты да жоқ бұл жерде. Балалығы арылып болмаған жас жігітке еріп Шығанақ та жайнаңдап тұр. Өзгелердің көзі машинада болса, оның көзі Сембіде. Көңілі толып, рақаттанып тұр.

— Осы бала өзі жүргізе бастады енді! Білмеймін, Шодырдың үйретуі күшті ме, өзі болғалы тұрған бала ма, дегенде:

— Онша қиын машина емес қой,— деп Төкен бүлк етті.

— Біресе қиын дейсің, біресе оңай дейсің. Құдай сені алса алжытпай алса екен,— деді Шығанақ.

— Сорыңа қарай алатын емес, қайтесің.

— Ол да керегін алады.

— Екі шал қажасуға кетті,— деп Ермағамбет араласты əңгімеге.— Екеуің қашан жеңісер екенсің. Жеңісші.

— Есі болса Төкеннің тоқталар кезі жетті,— деді Шығанақ. Ойнаса да екеуі ойындағысын айтып жатыр.— Сақал, шашы ағарған шақта талай өтірігі ұсталды, сонда да шылп етпейді антұрған.

— Не өтірігімді ұстадың?

— Жұрт көрмей тұрғанда, осы қойдан қоңыр машинаны айдаһар деген жоқпысың?

— Рас. Тілін білмегенге сондай тағы еді.

— Біздің Селбі ерттеп мініп алды. Енді не айтасың?

— Мінсін. Ал, сонда не бітірді?

— Аял бер кішкене. Алдағы егісте көресің.

— Көрерміз, оған дейін машинаң көтерем болмаса.

— Күмəнің сол ғана ма?

— Өзгесін сен мойындаймысың? Тарыдан тау жасағалы, құм жерге қарыс сүйем қыртыс бітіргелі жатырсың,— деп, Төкен қарқ-қарқ күлді.

Сембі далаға шығып келіп, Шығанақтың құлағына сыбырлады. Өңінде қуаныш белгісі бар, тығылып, демігіп сөзін азар айтты. Шығанақ үндемей шығып кетіп, қайта енді де:

— Жүр ендеше!— деді Төкенге.— Күмəніңді көкке ұшырайын!

Төкен де, басқалары да түсінбей тысқа шықты.

Қара қазан бырқ-бырқ қайнап жатыр. Қасына келіп отырғанда бəрі балық жейміз деп отырды. Шығанақ қақпақты ашып қойып: — Балығымыз май боп кетіпті, көріңіздер!— деді.

Қонақтар:

— Семіз балық, солай болады!— деп көре бастады да, тақ дана қалды.

— Не май өзі!

— Кəдімгі мұнай емес пе?!

— Ойбай, түбі топырақ қалпымен.

— Тамағымызды пісірдіңіз-ау, отағасы!—деп, балық жегісі келген Ермағамбет басын шайқап күлді.— Мұны неге қайнатып жатырсыз?

— Тамағың іспес, шырағым,— деді Шығанақ. Көз ұшында жусан басқан көк белге қарап, қолымен нұсқады.— Анау белдің үстіндегі жалғыз тамның ар жағы жалаңаш ащы. Құдай осы ащыны да тегін жаратпаған шығар деп, əрі-бері өткенде абайлап қарайтын едім. Топырағы иленіп, қолға жұқса кетпейді. іркілген ащы судың бетіне қаймақшып май тұрып қалады. Ə-ə, сенде бірдеме бар екен деп, ішке түйген едім. Енді мені «дуана» демес ел. Сол жердің топырағы мына қайнап жатқан. Сол топырақтың майы мына кілкіген. Тек шұқысаң мұнайдың көзі ашылғалы тұр. Шұқи бер де, іше бер, Төкен. Жыланың болса да тоясың. Ал енді, біздің үйге жүріңдер. Мұнай табылды. Үлкен жұмыс жасалып жатыр Оның үстіне Ермағамбеттің тамағы іспесін. Бір қоңыр тұсақ бар еді, сояйық та тояйық.

— Əуелі жұмыс басына баралық. Жұмыс жайын кеңеселік,— деді Ермағамбет.

Дуылдасып, қалжыңдасып, қағысып бəрі атқа мінді.



V

Күн қарыған даланың тыныштыққа кеткен кезі. Жер бет'інде көк буалдыр, жалтыр аспанда жарық ай, тапжылмай тұрған сияқты. Көк Ойылда тыным жоқ. Сылдыр еткен шолпының, шөп еткен еріннің дыбысындай су сылдыры, балық ойыны естіледі. «Мен ояу» деп күркілдеп бақа жатыр бір жақта. Басқа сыбыстың бəрі басылған. Маужыраған түн басып, бүкіл əлем алып ұйқыда...

Күні бойы жермен алысқан жұрт жусап қалыпты. Көп таласы қызыл ту, өзен жағасында, Жанбота бригадасының тұсында тұр. Жанбота ұйықтаған жоқ. Шешінбей жантайған күйінде, қалқа астында көзі жаудырап жатыр.

Амантай да ояу. Əудем жерде, өз қалқасының астында, көзін Жанбота жақтан алмайды. Қанша тырбанса да Жанбота бүгін оздырмады. Еркек басымен əйелден қалу бір

5 Г. Мұстафин, I том. 29 қорлық болса, Жанботадан қалу екі қорлық сияқты. Екеуі де өр мінез, өткір тілді жас, бір қазанға сыя алмай жас күнінен егес. Сол егес келе-келе шынға айналып барады. Амантай көп қырындап, аламын деп талаптанған қызы Жанботаның сөзімен басқа жігітке тиіп кетті. Дөң басында тұрып, еркектерді, əсіресе Амантайды өлеңмен мазақтаған Айсұлу — сол қыз болатын. Онымен қоймай Жанбота туды тағы алды. Ту тұрған жақтың көңілі шат, мерейі үстем. Сөйлесе кетсе жұрт соларды қостайды. Амантайға қыздан айрылғаннан көрі, тудан айрылғаны батты.

Басқа біреуі алса дəл мұндай батпайтындай. Жанботадан ту кетсе теңдесетіндей ұйықтай алмай жатып-жатып, бір уақытта басын көтерді.

Бұл кезде Жанбота да орнынан тұрып, бойы ауырлаған соң өзенге қарай аяңдады. Күнде осы уақытта өзенге келіп бір шомылып кететін. Күндіз түсуге Амантайдан қорқып, суға түнде түсу əдетке айналыпты. Ат тұяғы батпайтын шиыр құмда, арна ішінде, өзен ағысына қарап көп тұрды. Желсіз түн, жарық ай, мөлдір су оңаша шыққан жастың есіне ұмыт болып бара жатқан бір нəрсені əкеліп салды...

Бұдан екі жыл бұрын осы өзеннің жағасында, жарық айдың астында, жанына балап алғаш сүйген жігіті елестеді. Сол шақтың минуты дүниенің бар қызығына тұрарлық, сол жігіттің бір сөзі жанға дауа боларлықтай еді.

— Сенсіз дүние арам,— дейтін ол.

— Сенсіз күнім қараң,— дейтін Жанбота.

Жігіт аз уақыт ойнап-күліп жүріп, бір күні қош деместен тайып тұрды. Содан бері еркек атаулыға Жанботаның көңілі суыған. Махаббат шырағы өшіп қалғандай, еркекке еркекше, əйелге əйелше ғана қарайтын. Өмірімде ерге шықпаспын, ерден тағы кем де болмаспын деген ой бекіген еді. Қазір сол ой қайта лоблыды. Өзен жағасы өткенді есіне салып, бойды бір қыздырып, бір суытып, мазаны кетіре бастады...

Амантай Жанботаның қайтуын күтіп отырып қалды. Ел жатқанда оңаша шыққан қыз түгіл, оң жақтағы қызға тыныштық бермейтін Амантай тым сабырлы отыр. Ақылға салып, артынан баруға лоблыса да, талай рет қайтқан көңіл беттемеді. «Мені сүймесе де бір сүйгені болу керек. Онысы қайда? Неге ешкім білмейді? Осы қыздың жаратылысында бір кемшілік жоқ па? Əлде мысықша ырылдасып табысатын антұрған ба...»—деген ойларға да кетеді.

Əйелге жанасудың талай айласы істелсе де «мысық мінез» əйелге істелетін айла істелмеген екен. Амантай бұғып, өзенге қарай жөнелді. Құдды тышқан аңдыған мысық. Еппен еңбектеп келіп, өзеннің жарлауыт ернеуінен баспалап қарады да жатты. Сойыл сілтем жерде жатыр. Жанботаның бap сипаты, бар қимылы кез алдында. Ол мелшиіп тұрыптұрып шешіне бастады. Жарық айда ақ дене жарық етіп су жағасына жетіп барғанда «енді кішкене кідірсе» деп еді Амантай. Жанбота суға төніп біраз тұрды. Суға түскен өз суретіне қарап тұр. Амантай оның өзін көріп жатып:

— Құрғыр, сымбатты-ақ екен ғой,— деді ішінен.

Шынында да Жанбота ете сымбатты. Үлбіреген, ілмиген нəзік емес. Дүрдиген қалың емес, кеуделі, жіңішке белді, орта бойлы, тіп-тік. Бет ажары айтарлық сұлу болмағанмен, бар сұлулық, бар мінез көзіне біткен. Қарақаттай қара, жалтыраған ала, дариядай көк те емес. Мөлдіреген ботакөз де емес. Кəдімгі қазақтың қоңыр көзі. Бірақ жанарында, кірпігінде өзгеше бір қуат бар. Жаратпай қараса— жүрегіңе шоқтай басылады, найзадай қадалады. Жақсы қараса — көңілге жаққан шамшырақ.

Амантай осы екі қарастың екеуін де көрген. Жақсы дерін де, жаман дерін де білмейді. «Мысық мінезді» болар ма деп ақырғы күдігін ашқалы жатыр. Егер солай боп шықса, таң атқанша қууға жалығар емес, бетін тырнап тастаса да қайтар емес.

Жанбота таранып, қаралып тұрып-тұрып, суға қойып кетті. Амантай атып түсіп, бар киімін сыпырып алды.

— Ой əдепсіз!—деді Жанбота көре салып.

— Сен əдепсіз!— деп Амантай киімді астына басып алып:

—- Мен неге əдепсіз?

— Е, менің көзімше неге жалаңаштанасың?

— Қашан сенің көзіңше? Жаңа келдің ғой жалақтап.

— Жоқ, мен манадан бері көріп жатқанмын.

— Көзің тойса киімді бер.

— Көңілім əлі тойған жоқ. Шық бері!

— Сен көрген етімді шабақ жесе болмай ма?

— Ендеше, отыр солай,— деді де, Амантай киімді қолтықтап жүре берді.

— Тоқта, тоқта!— деді Жанбота шыдай алмай. Амантай қайта оралды.

— Не айтасың?

— Сен қазақтың ескі салтын істедің. Лайық па осы бойыңа?

— Өзгесін білмеймін, қазақтың осынысы ұнайды маған.

— Мəдениеттен безіп пе ең?

— Малталап езер уақытым жоқ. Мəдениетің сол болса сорлыға берсін. Мен балталап, домбайлап-ақ келтіре берем.

— Махаббат нəзік нəрсе, домбайыңа көне бере ме?

— Жоқ. Махаббат берік нəрсе, балталасаң да сынбайды. Кейбіреулер өңдеймін деп мойнын қылдай, сирағын шидей қылады да, сынып кетсе ойбай сап отыра қалады. Менің махаббатым дөкірлеу болар, бірақ сынуға жоқ. Өмірге кетеді.

— Əй, тентек, рас па осы сөзің?— деді Жанбота. Айға шағылысып көзінен от жарқ етті. Айнымас жар тапқандай, алданған жүрек жұбанғандай шырайы ене қалып еді. Амантай:

— Мен бір сөзді қазақ. Мынау ай куə, арыма сен!— дегенде Жанботаның лепірген көңілі қайта басылды.

— Айыңа да, арыңа да сенбеймін!— деп қабағын түйіп алды. Осы айдың көзінше, осы өзеннің, бойында, дəл осындай армен алдаған сүйгені есіне тағы түсті. Амантай оны білмейді. Антқа балап айтқан сөзі өтпеген соң, дағдарып отырып сұрақ қойды:

— Сертіме сенбедің, сенерің бар ма, сірə?

— Алғашқы сөзіңе сеніп қалып едім, кейінгі сөзіңе сезіктеніп қалдым. Көзім жеткенде ғана сенемін.

— Көзің қайтсе жетеді?

— Бəсе, қайтсе жетеді?—Тап өзін,.

Амантай табамын деп көп ойланды. Таппады.

— Кеудемді жарып, жүрегімді қолыңа бермесем, басқаға сенбейсің. Енді қайтем?

— Онда да сенбеген болар едім. КЫЗУ үстінде жанқиярлар толып жатыр.

Үн-түн жоқ киімді құшақтап Амантай орнынан тұрды.

— Қайда апарасың? Тастап кет!—деді Жанбота қатуланып.

— Сендей кесірге сөз өте ме,— деді де жүре берді.

Үш рет шақырғанда ғана қайта барды.

—Немене?


— Өтірігің осы арада ұсталған жоқ па? Əділмін дейсің, тең көрем дейсің, айнымас жар болам дейсің, зорлығың не?

— Басқа амал біткенде зорлық қана қалады.

— Ендеше мен сол зорлық біткенде ғана сенем. Əуелі киімімді бер. Сонсоң дұрыс сөйлесейік.

Амантай жауап қайырмастан тұрып-тұрып киімді тастай берді.

— Əрі қара! Көзің тесіп барады ғой.

Амантайды теріс қаратып қойып, судан шықты да киініп алды Жанбота. Киініп болған соң, дыбыс бермей, күліп тұрды. «Есті тентексің-ау» деп тұрған сияқты. Өңінде өзгеше бір жылылық бар. — Болдың ба?—деді Амантай көбірек тұрып қалған соң.

Жанбота:

— Жоқ,— деді де құлаған жардың арасына барып тығылды. Тағы да біраз уақыт өтті.

— Енді қашан, енді қашан?—деп тұрып жауап қатпаған соң артына ақырын ғана қайрылды да:

— Алда албасты-ай, алдап соқты-ау!—деп қосқа қарай жүгіргенде Жанбота орнынан атып тұрды.

— Тоқта! Еркек күшті болса, əйел айлалы. Оны да ойла. Кел енді шын сөйлесейік.

— Əй, өзің тоқ етерін бір-ақ айтшы!

— Ендеше, сен маған бір тілек қойдың, мен саған үш тілек қоям.

— Он үш неге қоймайсың?!

— Өзің істегеніңді маған істеме демейсің. Бұл бірінші тілек.

— Басқамен жүрме дегенің ғой.

— Дəл таптың.

— Айта бер!

— Екінші тілегім — екеуміз де өткен үшін кек сақтамайық.

— Мұның да болады.

— Үшінші — мені өзіңмен тең санағанда ғана қосылам.

— Тең түгіл, төбеме шығарайын,— деп, Амантай тік көтеріп алды.

— Болмайды, жолдас! Теңдік деген терең сөз, бойлау керек. Əлі бетінде жүрсің.

— Жаным дедім, күнім дедім... Бар тілегіңді қабылдап арыммен серт еттім. Əлі бойламасам,— түпсіз тұңғиық болды ғой ол құрғыр,—деді Амантай. Жабыңқы пішінмен отыра кетті. Жанбота отырмастан тіл қатпай, телміре қарап Қалды. Ай бесіндікке барды. Үркер төбеге келді. Түннің кп5і өтсе де ұйқы, тынығу, ертеңгі жұмыс екеуінің ойында жоқ. Махаббат қызуы бір көтеріліп, бір басылып, өзінен өзгенің бəрін ұмыт қалдырған.

Амантай енді-енді ғана ертеңгі күнді есіне алып, «мысық мінезді» деген ойдан арыла бастағанда, Жанбота қасына келіп, жақындай отырды. Өңі де, мінезі де өзгерген тəрізді еді, сөзі де солай шықты.

— Амантай,— деді салмақпен,— екеуміз бала күннен бірге өссек те, ойымыз жеке өсіпті. Біз қосылғанмен ой қосылмаса, біздің қосылғанымыздан не шығады? Ой қосылса, біздің, қосылмауымыз неге тұрады? Осы арасын жете ойлайық. Сені қыздырған жастық жалыны мені де шарпымай қойған жоқ. Жалын басылады, шоқ қалады. Сол шоқ көмірдікі ме, қидікі ме, əлде жалынмен бірге сөнетін шептікі ме, əзір білмеймін. Бірақ білдіретін бір нəрсе бар. Ол — теңдік. Тең түссек қана кемір шоғы көңілде жайнамақ. Мен саған тең емеспін; көп жерде кіріптармын. Кіріптар боп отырып қанша əділ болсаң да, теңсің десең де нанбаймын. Шын əділдік — теңдікте. Шын теңдік еңбекте екеніне көзім жетті. Осы Шығанақ күні кеше елеусіздің бірі емес пе еді, бүгін кім боп барады? ісімен, еңбегімен теңеліп отырған жоқ па? Рас, теңдік заңы совет орнағаннан бері бар. Бірақ ол тек тұйықтан шығаратын жол ғана. Сол жолмен мүддеге жүріп жету өз міндетің. Мен əлі жеткенім жоқ. Еңбеккүніміз теңелген уақытта теңмін деп санаймын өзімді. Сонда сертсіз де сөзіңе сенемін.

Амантай Жанботаны жаңа ұқты. Бұған дейін басына келмеген бір ой қорқыныш пен қуанышты қосақтап əкеліп, «таңда»—деп тұрған сияқты. «Жанботадай жар — жан саясы. Ол кем болса да, тең болса да көнерсің. Егер артылып кетсе?..» деп шешуін таппай көп отырды. Бəріне көнсе де дəл осыған көне алмады. Əлден уақытта:

— Мен сені жанымдай жақсы көрем. Бірақ əйелге кіріптар болғанша абақтыңның өзі артық!— деді.

Жанбота күліп жіберді:

— Маған да солай. Кіріптарлық кімге ұнайды.

— Ендеше еңбеккүн санауға мен де тұрдым. Əкел қолыңды!

Екеуі қол ұстасып, серт байласып тұрып, арт жақтан келіп қалған аттыны байқаған жоқ. Атты да ойпатта, шыралжын арасындағы екі жасты байқамады. Ат үркіп жалт еткенде үшеуі үш жаққа кетті.

— Ойбай, Шықаң!—деді Жанбота кетіп бара жатып. дəл тапты. Қатты ұялды. Қонақтарды жатқызып тастап, жұмыс басындағы бригаданы бір шолып қайтуға келген Шығанақ еді. Атының басын бұра сала Жанботаға жетіп барды.

— Бұл қайсың?

— Мен ғой...

Одан əрі сұраған да, бөгелген де жоқ. Амантайды сыртынан танып, Шығанақ жүре берді. Былай шыға:

— Шіркін жастық!..— деп бір күрсінді.— Көктем өтті. Жаз бітті.

Күзбенен тең біз енді.



VI

Күн артынан күндер өте берді. Күн қызуы бəсеңдеп, түн салқын тартты. Көп таласы қызыл ту қолдан қолға көшіп, Амантай бригадасына келгенде жұмыс та бітті. Бірақ, егес біткен жоқ. Жанбота туды екі алды. Амантай да екі алды. Үшіншіде қайсысы алары белгісіз еді. Жанбота «жер жақын болды» деп өкінеді. Амантай «қарақшыға бұрын келдім» деп есіреді. Бір «Құрманның» адамдары екіге жарылып, Ойыл жағасында үлкен керіс болып жатыр.

Қара қазан үш жерден құрылған. Қарақұрықтың ішінен қою түтін ауыр көтеріліп, тік ұшты. Олжабек сол түтіннің дəл түбінде, көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр. Таласқа енген жоқ. Бір өзі үш кісінің жұмысын істеген соң, бəйгені талассыз алатындығына сенімді. Тек екі қызыл қашардың əне біреу шанқан қызылы тисе, қашып кеткен сияқты, бес-алты айда бұзаулы сиыр болып шыға келер еді дейді ішінен. Сонда оны кім сауады? Кімді асыраймын?—деген сұрақты өзіне-өзі беріп, жауап таппай дағдарса да мал қызығынан көңілі қайтар емес.

Жанботаның:

— Қарақшыға талас келдік. Бəйгені бөліп аламыз,— дегенін естігенде, жер ошақ басында отырып:

— Қой шырағым!— деп бір күж етті. Жанбота қойғаны сол, өршелене түсті:

— Бəйге бригадаға беріледі. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. Жұмыс көптің күшімен бітті...

Олжабек таласқан жоқ. Шапшаңырақ қимылдап, той сойысын жайғады да, қолының қанын жумастан комиссияға жөнелді. Түрінген жеңін түсірмей, пышағын қолынан тастамай, қарыштай басып барады. Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан. Тұлғасына, жүрісіне қараған кісі қапелімде сескенерлік еді. Салып ұрып комиссияға жетіп келгенде:

— Не болды?!— деді Шығанақ. Олжабек жауап қайырмастан жеңінен жетелеп оңаша алып шықты.

— Анау сойқан қыз тағы да бір сойқан шығарды. Бəйге бригадаға беріледі, бөліп аламыз деп жатыр. Олай болса мен бұл бəйгеден бір суыртпақ та алмаймын. Сол қызға-ақ беріңдер.

— Бұл қызға өкпелегенің бе, бізге өкпелегенің бе?

— Жоқ, соның сөзіне шыдай алмай келдім. Əділін неге айтпайды қазақ.

— Жұрттың бəрі əділ болса, əділдіктің кəдірі бола ма?

— Е, жауыз болса жан қоя ма?

— Екеуінсіз өмір жоқ. Қайтесің.

— Басым кетсе де қиянатқа шыдамаймын. Азар болса кірме дейтін шығар. Бетіңді білдір.

— Бетім — өзін, көрген біреу-ақ,— деді Шығанақ,— шіркін, қыз шымшығанға осынша қызарғаның не? Бара бер, кесір болмаса бас бəйге сенікі.

Олжабек сабасына түсіп кейін қайтты. Шығанақ комиссияға келіп қайта қосылды.

Шəңгерей басын орамалмен таңып алған, өзгеден оқшау тұр. Бұрын да аз сөзді адам еді, бүгін мүлде сөзден қалыпты. Кəрібай қасына келгенде, тура қарамай қырындай берді.

— Басың қалай?— деді Кəрібай, қырындаса да қоймастан.

— Бір қалпы.

— Шай ішпегендікі болар.

— Жалаң шай емес,— деп Шəңгерей аржағын айтпастан түйілді.

— Ендеше үйге барып жатсаңшы. Басқарма мүшелері бармыз ғой, басқарармыз мұнда.

— Жатпаймын. Басқардыңдар келістіріп!

Шəңгерей жыбырлап, мүлде теріс айналып кетті. Кəрібай жымиып күлді де, ол тұрақтаған кезде қарсы алдынан келіп тұрды.

— Өкпең болса ашып неге айтпайсың?

— Өкпем жоқ. Колхоз қамқоры жалғыз мен бе? Не қылсаңдар, о қылыңдар. Маған десең тағы біреуін сой.

— Мұныңды мана неге айтпадың?

— Айтқыздыңдар ма, бəрің бір ауыз болып. Не райком ғой демейді.

— Онда біздікі дұрыс шығар. Əйтпесе ол кісі бірдеме дер еді ғой.

— Білем. Ет жеуге бірің қарсы емессің. Ал, жоспар орындалмаса, алдымен Шəңгерей жауапты.

— Аңдамай айтып тұрсың,— деді Кəрібай, салқын қанмен бойын кең ұстап.— Колхозда жоспар көп. Бірісіз бірінің күні жоқ. Үш тайыншамен осынша жұмыс біте берсе, колхоздың суы сүтке айналар.

— Алғашқы екеуін қойшы. Дəл жұмыс біткен күні мына көк өгізшенің сойылуы естен кетпес, Тіпті елдің есінде жоқ еді, бəрін бүлдірген сен.

— Түбі көк өгізшеден көңіл қымбат. Көңілді алсаң бəрін аласың,— деді де Кəрібай жылыстап жүре берді. Ол кеткен соң үндемей тұрып-тұрып Шəңгерей шарт сынды:

— «Көңіл-көңіл» деп қоймайды, көні жарымаған қу өңкей.

Айтарын айтса да естіп қалды ма дегендей артына жалт қарады. Арттағылар естіген жоқ. Шəңгерей өзімен-өзі болып тұрғанда əрірек жылжып машинаға барған.

Жер жұмысы басталысымен қолға алған Федор мен Сембі машинаны орнатып болыпты. Көп жабылған үлкен жұмыстың бір күдігі қазір ашылмақ. Дөңді қашап, ішін шарбақтап тоқып, шегендеп, қолдан жасаған терең сай Ойылды өзіне бұрып алып, суға лық толы. Сол су қырға шыға ма, шықпай ма,— көз əзір жетпейді. Инженер басқарған жұмыс емес. Шығанақтың долбарына Төкен əуел баста қарсы болып тілхат алған. Су қырға шықпай қалса науыт болған осынша еңбек Шəңгерей мен Шығанақты тыныш қалдырмайды. Жаңа сайдың жиегінен, айғыржаптың дəл басынан орнаған машина, сайдың суын жоғары көтеріп, айғыржаптың арнасына құйып жіберсе, жұрттың көңілі осы судай тасып кетпек.

Шығанақ бəрін ойлады. Қауіп — құзға, шаттық—шыңға тартса да, темірқазықтай тəуекел тырып еткізбеді оны.

Тəуекел дариясына салдым кеме, Кемесіз ол дариядан өтем деме,

Жүйткіген көк дөнендей көңіл жүйрік, Өрге сап, төске шаппай жеткізе ме?

деп ыңылдап сол кемеде бара жатқандай ой билеп толқып өзімен-өзі болып кетеді кейде. Не «көк дөненге» мініп жүйткіп келе жатқандай сөзіне, жүрісіне өзгеше бір екпін пайда болады. Бұл мінезге бойламаған адам: Шығанақ «ауысты», «Дуана» деп жүр. Егер Шығанақ тынымсыз ойды тынымсыз Қимылмен таратпаса, ол қимыл бірде болмаса, бірде мүддеге жеткізбесе шын ауысқан болар еді. Машинистер машинаны жүргізгенше Кəрібайдың қасына үш рет келді. Үшеуінде де айтқаны бір сөз:



— Бұдан құласа — Шығанақ жуырда оңалмас. Бұдан өтсе — Шығанақ жанға шалдырмас.

Кəрібай тек жұбата берді. Шығанақ жұбанған да, Қайғырған да қалпын білдірген жоқ. «Бір тəуекелді» айта берді.

Машина бір кезде күркілдей жөнелді. Жұрт лап қойды. Барлық көз айғыржаппен жалғасқан жуан трубаның аузына қадалды. Су жеткенше, ой жетіп «Енді қашан, енді қашан...»— деп анталап тұр.

Труба дір етті де лақ етті. Түйе шығырдың 40 шелегін бір лақ еткендеақ төгіп жібергендей еді. Айғыржаптан бұрын аптыққан көңіл толды. Сарқыраған сумен қосыла дауылдаған көп бірін-бірі трубаның ауызына итермелеп, арыққа лақтыра бастады. Мəз-мейрам... Тек Төкен ғана қалпын бұзған жоқ. Бастығы райком секретары Ермағамбет болып лай суға бір-бір аунап шықты.

— Су қожасы құрғақ тұр,— деп көпшілік Төкенге шүйілді. Төкен суға малтып жатқанда, Олжабек келіп Шығанақты артынан құшақтай алды.

— Лақтырайын ба осы.

— Лақтыр,— деді Шығанақ. Лақтырғанша бір бұлқынып, қолды жауырыннан салып қалды да, іштен орап тастап кеп жіберді. Олжабек ыңқ етті. Үш кісінің жұмысын істеген өгіз күшті Олжабек, қалай жығылғанын тіпті байқаған жоқ. Аңырып Шығанақтан көз алмады.

— Əдісқой екенсің!—деп басты шайқап тұр.

Шынында əдісқой ғана емес. Штат сайлауы кезінде бірсыпыра елді қамшымен алатын Дүржығұл, Жүсібəлілер Берсенің үш ұлын ала алмай қойған. Қартайса да Шығанақ əлі əлді екен.

— Арқаның аңғалы, қолым тигенде ұшып кеттің, дойыр тисе қайтер едің?— деп қалжыңдайды. Дойыр тисе Олжабек жатып қалатын. Ақтөбе сапарында көрген дəу дойыры есіне түсіп:

— Астапыралда,— деді, жағасын ұстап.

Көпке созылған ойын-күлкі ас пісіп, алқа-қотан отырғанда да басылған жоқ. Комиссия жұмыс қортындысын жариялаймыз, бəйге бөлеміз дегенде ғана жұрт тына бастады.

— Жұмыс бітті!—деді комиссия ағасы Шəңгерей. Сөзін де тез бітірді— Тоқ етерін айтқанда, қашардың бірі Олжабекке, бірі Жанботаға берілетін болды.

— Қалайша Жанботаға?!—деп Амантай жүгініп отырды.

— Е, қойсаңшы, итжығыс түстіңдер. Оның əйелдігі бар емес пе.

— Əйелмін деп жүрген Жанбота жоқ. Мен бұл қаулыға ырза емеспін. Ермағамбет жолдас, Шəңгерей қызға бұрды.

Амантайдың ұсынысын еркектер жағы қостай жөнелді.

— Дұрыс айтады Амантай. Еркекті иығымен соғып жүрген қыз.

— Иə, алса, жеңіп алсын.

— Тіпті болмаса, бөліп алсын. Олжабек те өшігіп қалыпты:

— Бұл арада еркек-əйелдігі есеп емес. Норма есеп!— деді

Қабыш ешқайсысына қосылған жоқ. Ешкімге естіртпей өзіне күбірледі:

— Жалғыз Арғынға бергендері несі!.. Өзімізден ешкімді таппады ма?

Сабыр тұтып отырған Жанбота Айсұлуды серігіне алып шырқап жібергенде бəрі аңырып қалды:

Ауылым екі өзеннің арасында, Отырмыз көк Ойылдың, жағасында:

«Жігітті қыз жеңіпті» деген атты, Амантай, ұялсаң да аласың, да.

Айтыспен жеңе алмайсың, Амантайым, Жарыста болды мəлім барлық жайың, Одан да басыңды и, сауға сұра, Беретін қайыршыға наным дайын.

— Ой, бəрекелді!

— Міне, нағыз айтыс!

— Жаның бар ма, Амантай?!.

Көп делебесі қайта қозды. Амантай өлең басталғаннан-ақ бір жігітті бүйірден нұқылап отыр еді, сол жігіт барылдай бастады.

Е-е-е-е-ей,

Жанбота, сенің өзін. не деп отырсың, Қызыл ту біздің, жақта тұрған шақта. Бергіш болсаң, бере бер көрінгенге, Амантай бармайды саған ту сұрап, Уа-а-ай:

Қотыр өлең, жұрттың, қытығына тиіп, күлкіден өліп жатыр. Жанбота:

Сыртын, жетісіп тұрғандай, ішіңді, сорлы, ашасың. Бетке ұстары сен болса, Жасасын Тайым, жасасын,— деді де өлеңін тоқтатты.

— Қап. Бар еңбеккүнімді берсем де, сен қызға бір өлеңші табармын,— деп Амантай жантая кетті.

Ермағамбет комиссия қаулысының ішінде болса да, көптің алғашқы бетін көргенде, өз бетін көрсете алмай ойланып отыр еді. Енді сол көптің өзі комиссияны қостап, Жанбота жаққа шыққан соң, еркін сөйледі:

— Жолдастар, Амантай тайыншадан безді ме деймін. Жанботадан тайынша даулаймын деп, шапанға борышты шықты. Бірақ ол борышты өтеуге мұрсат берелік. Келесі күзден қалдырмасын.

— Иə, ұмытуға ұзақтауы жақсы!—деп күліп жіберді Жанбота.

— Олай емес,— деді Ермағамбет.— Жер жақын болып, екеуіңіз биыл еркін жеңісе алмадыңыз. Сонсоң, алысқа айдап отырмын. Келесі күз жалаң сіздердің емес, бəріміздің, əсіресе «Құрман» колхозының, алдына таудай талап қояды,— деп қалтасынан бір хат алды да Шығанаққа ұсынды.

— Бұл кімнен?

— Үлкен кісіден.

— Үлкен кісіден?—деп қайталап айтып, Шығанақ қызарып кетті. Қуанғаны — ұялғандай; салалы саусақтары қалтырағандай көрінді көпке. Бəрі тым-тырыс, хатқа қадалды.

Оқушы:


«Шығанақ аға!

Сізбен аз сөйлессем де, есімде көп қалыпты. Тағы бір кездесуге құмар едім. Ауылды сағынғаныңыз ба, қалай, машина қолға тиісімен Ойылға бірақ тартыпсыз, Уақа емес, жеңгей қуанса болғаны. Машина құтты болсын, құтты болсын айтқанша екі көшіп үлгірген екенсіз. Бұл қазақ ағайынның салты ма, жоқ, қатыгез жердің шарты ма, ол арасын əзір айта алмаймын. Қайсысы болса да заман жарлығына бас июге тура келіп тұр. Биылғы жыл дайындықпен өтті. Алдағы жылға не айтасыз? Басқалар «қатыгез» дегенде, сіз — «береген» деген едіңіз сол жерді. Келесі күз несиеге көнетін емес. Береген жердің берері қанша? Ермағамбетпен ақылдасып, ойланып айтыңыз. Партияға əркім осындай уəде беріп жатыр. Берілген уəдені орындасуға мен дайын. Василий Антонов».

Ермағамбет хатты оқып болысымен:

— Бұл қай Антонов,— деді Амантай.

— Обкомдағы үлкен кісінің өзі,— деп Шығанақ саусақтарын шыртылдата берді. Ой шайқап, көздері ойнақшып кетті. Темір астау арнадан терекке төніп, «түбі қандай» деп тұрған сияқты. Бір түйіліп, бір жадырап отырып, сол тереңге сүңгіп кеткендей сөз шықты аузынан: Партияға беретін уəде сүйектілеу болу керек. Егілген

жердің. алдынан жүз, артынан қырық центнер тары алуға мен тұрдым. Асып кетсе айыптамас ешкім.

Көпшілік жақ ашпады. Құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Табақ-табақ ет қазан маңында иіріліп қалды... Əлден уақытта əр жерден күңкілдер шықты. Құлақ айыра алмаса да, салқын лепті жүрек сезді. Егер жаңағы бір жапырақ қағаз болмаса, Шығанақты осы көп долыдай соққалы, не «дуана» деп айдар таққалы тұр.

— Осыны ойланып айттыңыз ба?—деді Ермағамбет. Өзі қатты ойланып отырып.

— Ойланып айттым,— деді Шығанақ.— Оралдың Абдуллині 68 центнер алғанда, біз жүзді қалай алмаймыз?

— 200 де көп емес. Бірақ ондай өнімді жер жүзі əлі көрген жоқ. Ұятты болмаймыз ба?

— Жер жүзін мен аз білемін. Ойылды көп білемін. Көргенімнің бəрі сиқыр болмаса, сөзіме халайық сене бер...

— Олай болса мен де тұрдым. Əкеліңдер етті,— деді Ермағамбет. Етке ме, мықты сертке ме, жабылып қалған көп қабағы қайта көтеріліп сала берді. Тек Шəңгерейдің ғана құрысы жазылып біткен жоқ.

— Осының ақыры тағы да малға соғады,— деп бір күңк етті. Жұрт табаққа бас қойып қабыл-қабыласап жатқанда, оның аузы азар қимылдап, құр сүлдері отыр. Əр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, əркімнің аузына қадалады. Шығанақ соны сезіп:

— Же, Шəңгерей, же,— деді дауыстап.— Көк өгізше түгіл, жерді көтерген көк өгіз де сойылады кезі келгенде...

Жұрт күліп жатыр. Шəңгерей сонда ғана табаққа бас қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет