AgNO3 күміс нитраты Cl- ионымен ірімшік тәрізді ақ түсті күміс хлориді тұнбасын береді:
NaCl + AgNO3 = AgCl + NaNO3
Тұнба азот қышқылында ерімейді, бірақ аммиакта жеңіл еріп комплексті қосылыс түзеді:
AgCl + 2NH3 = [Ag(NH3)2Cl]
Диаминокүміс хлориді ерітіндісіне концентрленген азот қышқылын қосқан кезде қайтадан тұнба түзіледі:
[Ag(NH3)2Cl] + 2НNO3 = 2NH4NO3 + AgCl
Күміс хлориді тұнбасы сол сияқты натрий тиосульфатында да Na2S2O3 жақсы ериді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
Br - бромид-иондарының реакциялары
Br- ионы бромсутек қышқылының HBr анионына жатады. Өздерінің қасиеттері мен ерігіштігі бойынша хлоридтерге жақын.
AgNO3 күміс нитраты Br- ионымен күміс бромидінің ақшыл-сары түсті тұнбасын береді:
NaBr + AgNO3 = AgBr↓ + NaNO3
Тұнба азот қышқылында ерімейді, аммиакта нашар ериді және натрий тиосульфаты ерітіндісінде жақсы ериді.
AgBr + Na2S2O3 = NaBr + Na[Ag(S2O3)]
Хлор суын бромид ерітіндісіне қосқанда, одан күкіртсутекте немесе хлороформда еритін, еріткіштің қабатын қызғылт-сары түске бояйтын бос бромды бөліп шығарады:
Cl2 + 2NaBr = 2NaCl + Br2
Хлор суының артық мөлшерінде бояу түсі жоғалады соның салдарынан неғұрлым ақшыл түсті BrCl тұнбасы түзіледі. Бұл реакция Br - ионы үшін тән және фармакопеялыққа жатады.
I- иодид-иондарының реакциялары
I- ионы иодсутек ышқылының анионына жатады. Бұл қышқылда HCl және HBr сияқты күшті. Иодидтердің ішінде мыс (I), қорғасын (II), сынап және күміс тұздары суда нашар ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |