Біркеншік есімдердің адам өміріне әсері қандай?



Дата15.09.2017
өлшемі111,38 Kb.
#33292
Біркеншік есімдердің адам өміріне әсері қандай?
1.ОНОМАСТИКА 

2.БҮРКЕНШІК ЕСІМДЕР

3. АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

1. Ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді. Оның бірі – антропонимика кісі аттарын зеттеу обектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу обектісі етіп қарастырлады.

Антропонимика ғылымының бөлімдері: адамның аты жөні, әке аттары, кісінің шын аты, лақап аты, бүркеншік аты, этноантропонимдер антропонимдер.

   Тіліміздегі халық есімдерінің шығуы, пайда болуы әр түрлі қоғамдық дәуірлерге тән қасиет. Сондықтан кісі есімдерінің шығуы мен дамуы кезеңдарінде әлеуметтік, тұрмыстық негіздер сөз жоқ әсер тигізеді. Осындай тарихи онмастиканың халық тарихы мен салт дәстүрінің байланысына сай өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл ретте ономастиканың ең алдымен тіл тарихына тән лигвистикалық ғылым. өйткені оны мен жер су аттары халықтың бай тілінен жасалды. Сондықтан да олардың құрамында әр дәуірге, түрлі қоғамдық құрлысқа тән сөздер кездеседі. Есімдер атадан балаға, ұрпақтан, ұрпаққа жалғасып ұзақ ғасырлар жасайды. Кісі аттары арқылы тіліміздің өткендегі тарихын, салт-дәстүрін, сенім-нанымын, тіл мен дінің және сонымен бірге көне сөздік құрамын біліп толық мәлімет алып отырмыз. Бүгінгі таңда кейбір сөздердің кісі есімдері ретінде ғана сақталғаны мұның толық күасы боды. Мысалы мына кісі аттары: Бүке, Қожық, Сүгір, Тумыш, Мамыт, Митыхат т.б. сөздер тек антропонимдер ғана кездесетіні болмаса, қазіргі әдеби тілімізде жеке мағыналы сөз, тұлға ретінде кездеспейді.

   

 2. Антропонимиканың зерттелу тарихынан



   Қазақ тіліндегі сөздерді үлкен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - жалпы және екіншісі – жалқы есімдер. Жалқы есімдердің бір саласы антропонимика ішінара адамның аты-жөні, әке аты, лақап аты, бүркеншік есімдер болып бөлінеді.

    Антропонимдер адамзат қоғамына маңызы зор, үлкен қызмет атқарады. Антропонимика: ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізі бөлім болып есептелінеді. Ал антропоним, антропонимия терминдері тілдегі сісі аттары белгілі бір халықтың тұтас өмірі мен болмысынын хабардар етеді.

     Ғылымны бұл саласының өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде даму жолы, негізі бар.

     Қазақ антропонимы жөніндегі кең көлемде еңбек жазған профессор Қ.Жұбанов болды. Ол “Қазақ сөйлеміндегі сөз тәрбиенің тарихынан”  деген еңбегінде кісі есімдерінің синтаксистік құрлысына ерекше назар аударып, жан-жақты талдайды. Ғылым біріккен тұлғала кісі аттары компонентерінің орын тәртәбін, синтаксистік құрлысын талдай отырып, олардың тілдік грамматикалық құрлысының даму жайын сөз етеді. Қазақ есідері мәселен: Қойлыбай, Майлыбай, сияқты есімдермен Жылқыбай, Сиырбай, Түйебай, сиқты есімдердің мағыналық та құрлымдық жағынан ірдей еместігі дәлелденген.

Келтірілген біріккен тұлғалы есімдердің компонентерінің бай сөздерінің, біріншіден, мағынасына байланысты, екіншіден, зат есім, не сын есім ретінде қолдануына орай, бірінші не екінші компонентте тұратының байқаймыз.

  Көне түркі кісі аттары профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаровтар өз еңбегінде құнды-құнды пікірлер айтқан болатын. Ғ.Мұсабаевтың “Қазақ тіңліндегі кейбір кішіреткіш жұрнақтар” деген еңбегінде тілдегі сөздермен антропонимдердің жасалу заңдылықтарындағы ұқсастықтарына тоқталады. Көрнекті ғылым кісі аттарындағы еркеліткіш, қан, жан, тай, тәрәзді жұрнақтардың семантикасы мен қызметіне тоқталады.

     Кісі аттары өзін қоршаған әлеуметтік қоғаммен тығыз байланысты. Т.Жанқұжақовтың бұл еңбегінде көрсетілген мәселелер оқушы қауымын қызықтыратын материалдармен қамтылған. Сондықтан-ақ еңбекте араб-иран, монғол, орыс тілінен енген есімдердің тарихы, дыбыстық морфологиялық негіздерге байланысты заңдылықтары толық қамтылған. Көпшілік назарынан аударатын өзекті мәселелердің бірі-ру, тайпа аттарымен қалыптасуы, даму күйі де сөз болды, бір сөзбен айтқанда, бұл көлемде еңбек қазақ есімдерінің қыр-сырын ашып көрсететін көлесді де өте қажетті еңбек болып табылады.

 

3.Метрологияның пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері  



  Адамзар үй- жай құра бастады, еңбек құрадары мен ыдыс-аяқтар жасай бастағанна бастап, оларға өлшем, өлшегіштер керек бола басьады. Алғашқы өлшем бірліктер адамнын қолымен, аяғымен ғана өлшеніп, қарапайым және нақтылы болмады. Мәселен: қадам, стопо-орясша, пес-латынша, писд-фр, фуд-ағыл, қарыс  өлшемдері-убану (вавилон), диктилос (грекше), дигисус (латынша), диус (голанд), Поус (фр), Шынтақ-хаста (санскрит), аммииатум (вавилон), никос (гр), Кубттум (лат), элле (немісше).

   Өлшемдер адам көтере алатын, ұстай алатын нәтижелермен де өлшенеді. Мәселен: бір қушуқ, бір уыс. Ұзақтық қадаммен өлшенеді. Мәселен: грекше – буна, белгілі бір уақытта басып өткен жолмен де жолмен өлшенеді. Мәселен: Персияда “Персант” – ер кісінің бір күнде жүріп өткен жолы. Оңтүстік индияда ҮІ-ХІІ ғғ “Патти” олшемі-қой жайыла алатын алаңмен есемтелінді. Еңбек етумен бейланысты өлшемдер де болды. Парсыша-жоф, Римше-югер өлшемі бір пар өгіздің бір күнде жыртқан жеріне айналды. Орыстарда оны “Плуг” деп атады. Күріш пен бидайды да өлшем бірліктерінде аталды. Мәселен: өте ұсақ ретінде – гран, латынша-гранум-бидай, ағылсынша грайн. Ежелгі Вавилонда “ше” дап аталды. Ол – 0,2м/кв тең еді. Салмақ өлшемі-шеум-46мг. Үндістанда үшкүріш дана ұзындығы – “пал” деп атады. Сондай-ақ Вавилонда алпыстық жүйемен өлшенді. Египетте “шыңтақ” –52,3 см деп есептелінді. “Кіші шынтақ” – 44,8см деп есептелінді.

    Қазірде архитектуралық құрлыс істеріне өлшемдер сызғыштарда қолданады. Римде – пес-31,96см, кейде 29,62см деп есептелінді. Грецияда әр ауданда өлшемдер әр түрлі болып ұзындвқ – “стадии” – деп аталып, ол 177,6 см-ге өзгеріп отырды. Талант – 25,5кг-нан, 37,2-ға ауытқыды. Жерорта теңізі елдері үшін көбіне Вавилон өлшем бірліктері эталон ретінде белгілі болды. Мәселен: бір күндік жол – Мерхале, Мензил деп атады, салмақ өлшемдері – ман, батман, кантар, Орта ғасырлық Туркия, Иран, Орталық Азия елдеріне кең таралды. Ерте орта ғасырларда бір орталыққа басқарлатын мемлекеттің өлшем әр-түрлі есептелінді. Мәселен: 6 ғасырда Қытайда ұзындық өлшемі – “Чи” бірде 29,5 бірде 26,68 см деп есептелінсе, өлшемі “пядь” – 22,3 см кейде 23см, Москвада – 19 см т.с.с. болып тұрды.

      Сауданың өсуімен халықарадық байланыстардың жандануы және орталықтанған мемлекеттің пайда болуы біріңғай өлшем бірліктерінің бөлуін тездетті. Бірақ жергілікті өлшемдерді тез арада жою мүмкін емес еді. Мәселен: сол ХҮІІІ ғасырда ең бір дамыған ел Англия өзінде “фунт” өлшемінің 5 бірлігі бар болған. Ұлы Француз революциясы дәуірінде Францияда біріңғай өлшем бірлік жасалды және ол кейіннен халықаралық өлшем бірлігі алғышарт болды. 1971 ж. Француз Академиясы Комиссиясының ұсынысымен жаңа біріңғай өлшем бірліктері қабылданды. Ол бойынша–ұзындық – метрмен өлшенді. Ол Париж меридиандарының ширек милионнның 10/1 тең өлшем еді. Жер бетінде өлшем бірлігі “ар” көлемді-литр, салмақ-грамм деп есептелінді. Басқа өлшемдер – осыларды он есе көбейту не азайту арқылы арқылы анықталды 1979 жылы мертдің және кл-ның платиналық бірліктері жасалып, 1799 жылы Француз республикасы архивіне қойылды. Бірақ ескі өлшемдер де қатар жүре берді. Тек 1804 жылы 1 қантардаң бастап мерт жүйесіне міндетті тұрде өтілді. 1875ж. 17 мемлекет мертлік конвенцияға қол қойды. Парижде өлшеммен өлшегіштердің халықаралық бюросы жұмыс істеп тұрды.  1- халықаралық конвенция өтті, онда метр мен килограмм бекітілді. Бірақ көпке дейін әр мемлекет өз өлшемдерімен жүріп тұрды.

    ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Ағылшын бірліктері кең тарады. Ұзындық-ярд-91,44см, салмақ-фунт-453,592гр, Рессейда 1899ж. заң бойынша метрлік жүйе жергілікті өлшемдермен жүргізіле берді. Сол жылдыры Рессейдің өлшем және өлшегіштер жөніндегі өлшегіштер Бюросын басқарған Д.И.Менделеев бұл салады көп еңбек сіңірді. 1918ж “Өлшем мен бірліктердің халықаралық ондық жүйесін енгізу жөніндегі” Ленин деректерінен рессейде міндетті түрде метрлік жүйе жүрді. Ал 1927 ж. сол жылдардағы КСРО елдері үшін міндетті саналды. Халық аралық қарым-қатынастардың жаңа сатыға көтерлуіне байланысты 1960ж. мертлік жүйеге өтілді. Қазірде Англияның ішінде әлі де жергілікті өлшемдер қолданды. 

БАҚ-та бүркеншік есімдер (псевдонимдер) пайдалану ежелден келе жатқан үрдіс. Үлкен талқылау мен талдауды қажет ететін псевдоним мәселелерінің өзіндік қызығы мен қарастырылатын заңдық қырлары жетерлік. Біреулер үшін қалыпты жағдайдай қабылданатын, енді біреулер үшін жауапкершіліктен жалтарудай көрінетін бүркеншік есім тәсілінің де тарихы тым тереңнен тартады.

Бізге орыс мәдениетінен ойысты делінетін бұл әдістің беделді де белгілі болған тұсы кеңес кезеңіндегі алаш зиялыларының атауларымен айшықты. Өз кезеңіндегі «Қыр баласы», «Қыр қазағы», «Біреу», «Сауықшыл», «Ел баласы», «Ұмытылған», «Арыс ұлы», «Қараша бала», «Қоңыр» секілді айтулы аттар ел  санасына сілкініс жасауға күш салды, ұйқыдағы қазақты маса болып оятуға әрекеттенді. Арда туған ұлдардың қалам қайраткерлігі  ағартушылыққа аянбай күш салғанымен құнды. Одан кейінгі баспасөз тарихында да бұл үрдіс кенжелеген жоқ. «Жас алаш», «Заман-Қазақстан», «Жас қазақ», «Ана тілі», т.б секілді қа­зақ баспасөзінен қаламы ұшқыр, ойы орамды туындылар осындай бүркеншік есім­дермен беріліп жатты. Әдебиетте де лақап аттармен көптеген көркем туындылар дүниеге келді. Бір басында 74 бүркеншік аты бар Бейімбет Майлиннің де, ес жиып, етек жинағанша «Көкбай» есімін иемденген ұлы Абайдың да, одан өзге тұлғалардың да талантына тәнті жұрт лақап есімді емес, суреткердің өзіне ұсынған тұшымды дүниесімен тұшынды, олардан рухани нәр алды. Бұл заңдылық бүгінде өз құндылығын жойған жоқ. Десек те, нарықтық, зайырлы, құқықтық  қоғам рухани кеңістіктегі осындай үр­дістерді заң шеңберіне тоғыстырмаққа, белгілі бір құқықтық заңдылықтарға топтастырмаққа ұмтылуда. Ендеше, ежелден келе жатқан бүркеншік есімдерді пайдалану үрдісін бүгін қандай заң шеңберінде қарастырамыз?  Оның тиімді жақтары мен олқы тұстары неде?


Орыс бес саусағының төртіншісін «аты жоқ» деп, аса жақтыра бер­мейді. Қа­зақ «Алла бар нәрсенің аттарын ай­қын­даған» деген Құран сөзіне сүйе­ніп белгісіздіктен қашады. Ендеше, әр нәрсенің аты, иесі болатыны секіл­ді автор­лық туындылардың да  өзін­дік қол­таң­басы болғанын біздің заң құп көре­ді. Бірақ, бүгінгі ашықтыққа ұм­тыл­ған заман ағымында бүркеншік есімді пай­даланудың бірнеше себеп-салдарын тілге тиек етуге болады. 

Мәселен, БАҚ-та өткір делінетін мақала көбіне бүркеншік есіммен беріледі. Сынға ілініп, салдыр-салақ жұмысы жұртқа жария болған кез келген шен­дінің алғашқы ашу-ызасы редакция басшылығына емес, ең алдымен авторға ауатынын ескерсек, бүркеншік есімнің авторға жәрдемші болатыны түсінікті. Одан бөлек, бір нөмірде екі-үш мақаласы кетіп бара жатқан тілшіге амалсыз бүркеншік есімге жүгінуге тура келетіні тағы бар. Бірақ, заңгер мамандар автор өзі пайдаланатын бүркеншік есім­дерді міндетті түрде авторлар қоғамында тіркетуі керек екендігін айтады. Тіркелмеген бүркеншік есімнің сол автордың туындысы екендігі талас туғызған жағдайда көптеген қиындықтарға, тіпті, кейде мұндай даулардың әділетсіздіктерге алып баратынын да мамандар алдыға тартады. Дегенмен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңда бүркеншік есімдер жайлы былай делінеді  ( 8-бап  3-тарау): Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар: туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы заңға сәйкес, автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. Одан бөлек,  «Бүркеншік ат авторлық құқық бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның бүркеншік атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ» делінеді. Бірақ, бұл басымдықтар авторға заң шеңберінен шығуға құқық бермейді. 


Қазақ баспасөзінің тарихында бүркеншік есімдерге қатысты аты шулы дау-дамайлар, ірі сот процестері болмапты. Оған біз сауалнамаға тартқан қаржы полициясы өкілінің сөзі дәлел. «БАҚ туралы» заң ар-намысына нұқсан келген шенеуніктің немесе кез келген тұлғаның сотқа шағымданған жағдайында жауапкершілікті редакция мен мақала авторы тең көтеретінін айтады. Онымен қоса, күштік құрылымдар (қаржы полициясы, салық комитетінің қызметкерлері, прокуратура, ҰҚҚ) қажет деп тапқан жағдайда редакция басшылығы бүркеншік есім иесін жария­лауға міндетті екені де арнайы заңдарда көрсетіледі. Яғни, бүркеншік есім иесінің де ешқандай жа­уапкершіліктен жалтара алмайтынына біздің міндетті заңдар кепіл. 

Тақырыпқа орай



Марал Ысқақбай, «Қазақстан авторлар қоғамының» директоры:
«Қажет жағдайда тіркелген  есімдерге байланысты анықтама береміз» 
– Шығармашылық тұлға өзінің бір еңбекке авторлығын тіркеткен кезде ол одан бөлек өзінің бүркеншік есімін де көрсетуге міндетті. Бүркеншік есімін елден мүлдем жасырын ұстаймын дейтіндер болмаса, көпшілігі тіркетіп жатады. Бірақ, бүркеншік есімін тіркетпеу ол заңдық тексерістерден, қаржылық жауапкершіліктен қашу деген дұрыс түсінік емес. Ондай орындар талап еткен жағдайда біздің авторлар қоғамы «бәленшенің псевдонимі түгенше» деген анықтамалық қағаз бере аламыз. Бізге қатысы жоқ адамдардың бүркеншік аттарын дәлелдеу қиын. Ақпарат құралдарында біреуден көшіріп басқадай атпен беретін жағдайлар көп болады. Оның да бірақ дәлелденуі қиын болып жатады. 
 
Нұртөре ЖҮСІП, «Айқын» газетінің бас редакторы:
«Тілді түсінбейтін тексерушіге қазақша әріптердің айырмасын түсіндіріп жүйкең тозады»
– Қазақстан Республикасы «БАҚ туралы» заңының 20-бабында журналистің  құқықтары  жөнінде айтылады. 8-ші пунктте: «Өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншік атын) көр­сетіп таратуға міндетті», – делінген. Ал 10-шы пунктте: «Авторлық және ақпарат көз­дерінің құпиясы соттың талап етуімен жарияланған жағ­дайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар», – делінген. 
Кез келген журналист өзіне бүркеншік есім таңдап алуына заң бойынша құқылы. Бұл журналист үшін керек. Біріншіден, күнделікті газеттерде әр нөмірде бірнеше мақаласы жарық көретін қызметкерлер болады. Нөмірдің біршама бөлігін бір адамның қолы қойылған мақалалармен тол­тыра алмайсыз ғой. Бұл журналистикалық әдеп үшін қажет. Екіншіден, даулы материалдар кездеседі. Бүркеншік есім сондай мақалаларда жиі қолданылады. Пролетариат көсемі В.Лениннің жүзге тарта бүркеншік есімі болған деседі. Қазақстан заңнамасы қанша псевдоним қолдансаңыз да мүмкіндік береді, бұл тарапта ешқандай шектеу жоқ. Менің де бүркеншік есімдерім болғанын жасырмаймын. Солардың бірі – Қайқы Қылыш. Кезінде «Жас Алашта» қолдандым.
Қаржылық тексерулер кезінде ҚР «БАҚ туралы» заңынан хабары жоқ тексерушілер, аудиторлар псевдоним деген ұғымды түсінбей, бейшара болатын кездері бар. Тіпті, олар қазақ­тың спецификалық ә, ө, ң, і, ғ, ұ, ү, қ  сияқты жеті-сегіз әрпін орысша құжат толтырғанда басқа адам деп қабылдайтыны тағы бар. Мәселен, 1С бухгалтерияда қазақ азаматтарының аты-жөні орысша жазылады, бұл бағдарламаның қазақша нұсқасы жоқ. Соның салдарынан Өмір­бай – Умербай, Үміт – Умут, тағы сол сияқты кете береді. Мұның бәрін түсінетін қазақы тексеруші кездессе жақсы, кездеспесе – талай адамның жүйкесін босқа тоздырады. Бүркеншік есімді анықтаудың қиындығы жоқ, кез келген редакцияның қаламақы төлеу жүйесінде кімнің қандай псевдонимді қолданатыны белгілі.
Қали Сәрсенбай,  «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы:
«Бүркеншік есімнің зиянын көрген жоқпын»
– Бұл ежелден келе жат­қан үрдіс қой. Алаштың ардақ­тыларының өздері де қолданған бүркеншік есімді. Бүркеншік есімнің пайдалы жақтары да, пайдасыз жақтары да бар. Күнделікті мақалада өзіңнің есіміңді көп пайдалана беруге болмайтын жағдайлар болады. Ондай кезде міндетті түрде бүркеншік есім пайдаланасың. Кейде бүркеншік атпен жазудың өзі бір ғанибет. Мен кезінде Қ.Қаған, Көркембек деген есімдерді қолдандым. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Автордың үлкен толғаныстан, ұзақ пайымдап, зерделеуінен туған көркем шығармасына өзінің аты-жөнін қойғаны дұрыс. Ал, күнделікті мақалаларына бүркеншік аттар қолдануға болады. Ол бірақ сапасыз дүние деген сөз емес. Мен өз тәжірибемде дәл осы мәселеге қатысты  заңдық кедергілерге кездескен емеспін.

Марғұлан Шыныбаев, заңгер:


«Бәрінің заң шеңберінде болғаны жақсы»
– БАҚ-та псевдонимді қол­дану, меніңше, дұрыс шешім емес. Біріншіден, ол кісі өзінің мақаласына өзінің емес, мүлдем  басқа атты қолданады. Аталмыш мақалада саяси қателер, кері бұрмалаушылықтар, жала жабу, біреуді қаралау болса, онда құзырлы орындарға ол адамды табу біраз қиындықтар туғыза­ды. Ол, тіпті, лақап атты қатты қолданғысы келетін болса, онда ол міндетті түрде тіркету керек немесе редакциямен келісімшарт жасасу қажет. Заңдық жауапкершілікті бұл істе міндетті деп есептеуге тиіс автор. Мен бұған дейін біраз уақыт сотта жұмыс істедім. Өз тәжірибемде мұндай істер болған жоқ. Сотқа мұндай істер  түсу үшін бір адам оған шағымдануы керек. Ал, шағым түспегеннен кейін іс қозғалмайды. Арнайы заңда «псевдоним пайдалануға болады» деп қана көрсетілген де, оның қайда, қандай жағдайда, қандай заңдылықпен пайдаланатыны айтылмайды. Бүркеншік есім иесі тіркелмеген жағдай редакция басшылығы арқылы анықталады. Қаржылық тексеріс бұл мәселеде заңбұзу­­шылық­тар анықталған жағ­дайда авторды  да, редакцияны да әкімшілік жа­за­ға тартуға құқылы. Бүркеншік есімді тек заңдық тұрғыда  тіркеліп барып пайдаланған жөн. Автор арнайы орынға барып, «менің бүркеншік атым мынадай, тұрғылықты мекенжайым мынадай» деп көрсетуге міндетті.  

Аида Жүнісбекова, Алматы қаласы Экономикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ұйымдастыру және басқару басқармасының бастығы:


«Бізге түскен шағымдар негізінде ғана тексеріс жүргіземіз»
– Бүркеншік есімдер пайдалану заңға сәйкес жүргізілуі тиіс. Даулы, таласты, зерттеу материалдары автордың өз есімімен берілгені дұрыс. Бізде арнайы сенім телефондары жұмыс істейді. Сол сым жүйелері арқылы хабарламалар келсе, біз аталмыш істі сол хабарламаларды негізге ала отырып қана тексере аламыз. Ал, жай уақытта себеп­сізден-себепсіз тексерістер жүргізуге құқылы емеспіз. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет