Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым – қатынасы. Мұғалімдер бірінші сынып оқушыларының метатанымдық дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін, өз іс – әрекеттерін жоспарлауда, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрену дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға үйренеді. Көбінесе, мұғалімдерде тілдік цикл пәндерінде бірінші сынып оқушыларында белсенді тыңдау, оқу дағдыларын дамытуға тапсырма таңдауда қиындықтар кездеседі, әрине. Сол үшін де, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданады: сабақта топтық жұмыс істеу түрлерін тиімді қолдана бастайды. Мұғалімдер топтық жұмыс үшін тапсырмалар таңдайды, оқушылардың белгілі тапсырманы орындауға көбірек бағыттайды. Сондай – ақ, мұғалімдер 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, топтық жұмыстар ұйымдастырады.Ұштастыра келе, топта оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді. Осындай сұрақтар қойылған кезде, көшбасшылыққа бейім, озат оқушылар топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артқанын байқадым.
Достарыңызбен бөлісу: |