Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымы және мұғалімдердің өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
7.1 Ұжым тәрбие объектісі және субъектісі, ұжымның мәні
Педагогика ұжымды құру және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудағы оның мүмкіндіктерін зерттейді, яғни ұжымды тұлғаға мақсатты түрде ұжым арқылы әсер ету құралы ретінде қарастырады.
Ұжым проблемасын педагогика ғалымының қайраткерлері және халық ағарту ісінің озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлииекий аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Ол балалар ұжымын құру жолдарын және оның теориялық негіздерін ашып көрсетті. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті
С.Т.Шацкий коммуна-мектептер негізінде мектеп ұжымын құру мүмкіндігін дәлелдеді және тәрбиеленушілерді тиімді ұйымдастыру формасы ретінде бастапқы мектеп ұжымының әрекетттілігін растады, ол ұжым - әрбір баланың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына үлкен перспективалар ұсынады деп көрсетті.
А.С.Макаренко алғашқылардың бірі болып тәрбиелеуші ұжым тұжырымдамасын негіздеді. Оның балалар ұжымын құрудың негізіне алынған педагогикалық принциптері ұжымның әрбір мүшесінің міндеттері мен құқықтар жүйесін нақты көрсетіп, олардың әлеуметттік позициялараын нақтылады.
В.А.Сухомлинский мектептің міндеті - ұжымда оқушы тұлғасының шығармашылық өзін - өзі дамытуын қамтамасыз ету. Ол оқыту мен тәрбиеленушілердің идеялылық өмірінің біртұтастығын қамтамасыз ететін біртұтас педагогикалық процесті сәтті құруды жүзеге асырды, ол оқушылар ұжымын педагогикалық ұжыммен белсенді өзара әсер етуін қамтамасыз етті.
А.В.Луначарский тұлғаның адамдық ерекшеліктерінің қалыптасуы тек ұжымның негізінде ғана толық дамиды деп анықтады. Ұжым негізінде жеке тұлғалық еркшеліктерді дамытуды жекелік пен қоғамдық бағыттылықтың бірлігін қамтамсыз еткенде іске асыруға болатындығын ашып көрсетті.
Қазіргі заманғы тәрбилеуші ұжымның тұжырымдамасына (Т.А.Куракин, Л.И.Новикова, А.В.Мудрик) тоқталсақ, оны қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Балалр ұжымы қоғам алдында тұрған тәрбие міндеттерін іске асыру құралы болып табылады, ал бала үшін ол өмір сүру ортасы мен аға ұрпақтыңғ жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру ортасы ретінде қарастырылады.
Ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын білім алушылардың, оқушылардың және т.б. тобы.
Әр бір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді.
· Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ.
· Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.
Мысалы, контактылы ұжым - бұл оқушылар тобы, негізгі ұжым - мектеп ұжымы т.б.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
- Кәсіпшіл ұжымдар(өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары)
- Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер, кәсіподақтар)
- Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін ұжымдар
( көркемөнерпаздар, коллекционерлер)
Балалар ұжымы– бұләлеуметтік маңызды ортақ мақсаттары бар және оларды іске асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет біріктіретін балалар тобы.
Балалар ұжымы– тұлғаны мақсатбағдарлы әлеуметтендіру және тәрбиелеу факторлары. Оның тұлғаға ықпалы ұжымның мақсаты мен міндеттеріен ұжым мүшелері саналы ұғынғанына байлпанысты және оларды өзінің жеке міндеттері деп қабылдауына байланысты. Жеке және әлеуметтік мақсаттардың біртұтастығы ұжымдық қоғамдық маңызды іс-әрекетте көрінеді және ұжымда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |