Жалпы орта мектеп түлегі:
әлеуметтік, іскерлік және ресми контексте жалпы және ұлттық этикет нормаларын қолдану; ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;басқа адамның сезімін және эмоционалды жай-күйін түсіну; қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; мектептегі және мектептен тыс іс-шаралар мен волонтерлік қызметте басқаларға көмектесуге және
қоғамдық пайдалы істерге қатысуға дайын болу.
Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Жалпы орта мектеп түлегі:
нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу; әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және
қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу; қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану; белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету; тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.
Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Жалпы орта мектеп түлегі:
өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау; моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;тұрақты даму принциптерін өмір салтына айналдыру, баламалы энергия көздерін пайдалану, табиғи ресурстарды үнемді тұтыну;
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Жалпы орта мектеп түлегі:
тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;
өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау; нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.
Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Достарыңызбен бөлісу: |