Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Топтық өндірістік-экономикалық жүйелерінің стратегиялары



бет60/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

9.2. Топтық өндірістік-экономикалық жүйелерінің стратегиялары
Топтық өндірістік-экономикалық жүйеде жоғарыда айтылған стратегиялардан өзге кәсіпорынның бірігуінің деректігін көрсететін өзіне тән стратегиялар пайда болады. Сонымен қатар, мұнда да стратегияның екі тобы ажыратылады – ҒЗТКЖ стратегиялары және енгізу стратегиялары. Топтардың классификациясы 13-суретте көрсетілген [2].
1
3-сурет. Өндірістік-топтық жүйе инновацияларының классификациясы
Бәсекелестік алдындағы консолидациясы – бұл белгілі бір нәтижелерге жету мақсатында уақытша мерзімге барлық күш жігерді біріктіру арқылы ҒЗТКЖ бастапқы сатыларында топтық өндірістік-экономикалық жүйелермен жүргізілетін стратегия. Стратегиялар жеңілдікпен лицензиялау және пропорционалды кіруге мүмкіндік субстратегиялармен ұсынылуы мүмкін.
Жеңiлдiктi лицензиялаудың субстратегиясы ҒЗТКЖ қатысушыларына жаңа бағалар бойыша лицензиялардың бiрлескен ұсынысынан тұрады. Патент иесi болып бұл жағдайда қаралатын жалпы жүйесi табылады, ал қатысушы кәсiпорындар (роялти және тұтас төлемдерді төлеусіз) тегiн алады немесе төлемдерді төмендетiлген өлшемдегi төлеуiмен. Лицензияларды алуға рұқсат бәсекелесу алдындағы бағдарламаның әрбір қатысушы-кәсіпорындарға тең.
Пропорционалды кіруге мүмкіндік субстратегиясы кәсіпорынның жеңілдіктерінің көлемі мен ҒЗТКЖ деген салымдарымен өлшеуді пайымдайды.
Централизация (орталықтандырылған) стратегиясы – ҒЗТКЖ топта жүргізу ғылыми-техникалық ұйыммен (немесе бірнеше ұйыммен) өткізіледі, олардың қызметінің бағыты өндірістік-экономикалық жүйенің топтық басқару органдарымен анықталады.
Субцентрализация (суборталықтандырылған) стратегиясы – топтағы ҒЗТКЖ жеке салаларға бөлінген, олардың әрбіреуі өзінің жеке ғылыми-техникалық даму стратегиясын қалыптастырады.
Децентрализация стратегиясы – кәсіпорындар өздерінің дербес даму стратегиясын қалыптсытырады және өзінің арнайы маманданған жекешеленген орталықтарымен, ғылыми-техникалық құрылымдық бөлімшелерінің немесе ұйымдарының күшімен немесе ҒЗТКЖ сырттан тапсырыс беру арқылы зерттеу және әзірлеме үрдістерін ұйымдастырады.
Өндірістік-экономикалық жүйелердің жеке инновациялық стратегиялары, яғни енгізу және бейімдеу стратегиялары келесі сипаттағы мазмұнда болады:
Толық өмірлік цикл стратегиясы – қарастырылып отырған құрылымдағы инновациялық жүйені жаңалық енгізудің бүкіл өмірлік циклі бойынша зерттеулерді жүргізуге бағытталады, яғни аталған құрылымдар шеңберінде ҒЗТКЖ қатар, оларды енгізу, диффузия, рутинизация жүзеге асырылады.
Соңғы кезеңдер стратегиясы – топтық өндірістік-экономикалық жүйе тек енгізу және одан кейінгі стыларға ғана бағытталған. ҒЗТКЖ топтың шегінен тыс жерде жүргізіледі.
Вертикалды интегрирленген инновациялар старатегиясы – қарастырылып отырған құрылымдар өзінің инновациялық жүйесін кісіпорын топтары инновациялық үрдіс кезінде бірін-бірін толықтырып отыратындай етіп құрады. Ал бұндай жүйе топтың соңғы өнімін шығаратын кәсіпорындар аралық және жинақталған өгнімдердің инновациялармен толықтырылуы жағдайында ғана нәтижелі қызмет жасайды. Аталған стратегия ҒЗТКЖ орталықтандырылған және суборталықтандырылған стратегияларымен үйлесуі қажет.
Горизонталды дифференциация стратегиясы – бұндай жағдайда топтық өндірістік-экономикалық жүйенің кәсіпорындары жекеленген жаңалықтарды енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет