Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ БОЛЖАУ МЕН



бет56/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

8 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ БОЛЖАУ МЕН
ЖОСПАРЛАУ


8.1 Жаңалық енгізуді болжауды дамытудың міндеттері мен түрлері
Болжау (грекше prognosis – күні бұрын айту, алдын ала болжау, білу деген мағынаны білдіреді) – арнайы зерттеудің қорытындысынан алынған мәліметтер негізінде, қоғамдағы оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады [1].
Болжауды бастамас бұрын болжаудың мақсатын анықтау керек.
Болжаудың мақсатын қою сұрақтардан басталуы мүмкін.
Тезис: осы нүктеден (орын) қайда түсуге болады және қандай қауіп-қатерлер төнуі мүмкін?
Антитезис: осы нүктеден қайда және не үшін жылжуымыз керек?
Синтез: осы нүктеден қайда түсуге болады және анағұрлым дұрыс жолы қандай?
Жаңалық енгізудің дамуын болжау ғылыми-техникалық дамуын жоспарлаудың бірінші кезеңі болып табылады.
Ғылыми-техникалық болжау – техника және технологиялардың дамуының, лайықты ғылыми-өндіріс циклдарының жүзеге асыуының, олардың әлеуметтік-экономикалық әсерлерінің, сонымен қатар осыған қажет ресурстар мен ұйымдық өлшемдердің негізделген ықтималды немесе мүмкін бағалануы. Бұл болжаулардың негізгі мазмұны – ғылыми-техникалық проблемалар, зардаптар мен оларды болдырмау құралдары [2].
Ғылыми-техникалық болжаулар кәсіпорындарға және ғылыми-техникалық ұйымдарға бағдар алуға, саладағы ғылыми-техникалық дамудың жалпы бағыттарын білуге мүмкіндік береді.
Болжау процесінің құрамына келесілер кіреді:

  • болжау объектісін құру;

  • болжау әдісін таңдау;

  • болжаудың өзін өңдеу;

  • оның анықтық (верификациялық) дәрежесін бағалау.

Тағайындау бойынша болжаулар келесідей жіктеледі [1]:
Нормативтік (функционалды) болжау – пісіп жеткен ғылыми-техникалық мәселені шешуді қажет етуден туындайды. Мысалы, туризмге арналған жаңа экологиялық таза жоғарғы жылдамдықты көлік құралдары. Ол болашақтан (қоғамдық қажеттілік, соңғы нәтиже) қазіргіге қарай жүреді және алдын-ала көзделген мақсатқа жету, әлеуметтік-экономикалық функцияларды атқарудың варианттары сияқы мәселелердің шешімінің жолын тауып анықтаумен байланысқан.
Зерттеушілік (пәндік) болжау – қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық дамудың тенденциясына сүйене отырып келешекке болжау жасау. Ол қазіргі таңнан болашаққа негізделген және бар техникалық құралдардың параметлерін анықтауға апарылады.
Құрама болжау – үйлестірілген бағдарламалық жіне салалық подход. Ол өзін транспорттың ғылыми-техникалық дамуы мен оның әлеуметтік-экономикалық салдарының комплекстік бағдарламасы ретінде ұсынады. Құрама болжау толассыз болуы тиіс және техника мен технологияларға үнемі өзгерістер енгізіп отыруы керек.
Болжаулар барлық басқару деңгейлерінде арнайы қызметтермен өңделеді.
Мазмұнына сәйкес болжауларды ашылу мен ой табыс, принципиалды жаңа техника мен технологияны жасау және танымал ашылуларды қолдану, жаңалықты тарату деп ажыратып қарастырады.
Объектінің анализіне сәйкес, глобальды (бірнеше ел үшін немесе бүкіл планетаға), халықшаруашылықтық (объект – ғылыми-техникалық бағыт, мысалы, электрификация, ғылым мен техниканың даму саласы), салааралық (ғылыми-техникалық проблема) салалық және өндірістік деп бөліп қарастырылады.
Тағайындауы бойынша белгі болғандай болжаулар, зерттеушілік (мүмкін болатын ғылыми-техникалық даму бағытының анализі), нормативтік (мәселенің шешілу жолығ уақыты және шарттарын, соынмен қатар жүйелілігі мен кезектілігін анықтау) және ұйымдастырушылық (тапсырманы орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық шаралар мен ресурстарды анықтау). Әрбір болжау бірнеше нұсқада жасалып өңделеді.
Қарастырып отырған кезеңге сәйкес болжаулар, қысқа, орта және ұзам мерзімді болуы мүмкін. Әдетте біріншілері 5 жылға жасалады, екіншісі – басталып қойған үрдістерді «зерттеу-өндіріс» аяқтауға керек уақытты қажет етуі мүмкін (5-15 жыл), үшіншісі әлі аяқталмаған фундаментальды зерттеулердің нәтижелерін болжануына негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет