Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Топтық нормалар – бұл топтың жеке мүшесі мен топтың жалпы қызметіне әсер ететін ең күшті фактор болып саналады. Топтық нормалар фирманың немесе ғылыми мекеменің қызметіне оң әсермен қатар теріс әсер етуі де мүмкін.
Мақсатты топтарды құрғаннан бұрын мұқият морфологиялық талдау жасау қажет. Оның нәтижесінде қандай да бір ортақ тапсырманы бірнеше бөлімдерге бөліп, оның шешілу жолдарын қарастырған жөн. Әрбір бөлімдер өз кезегінде этаптарға бөлінуі мүмкін. Алға қойылған мақсатты бөліктерге бөлу кезінде әрбір орындаушы өзінің объектісінің өңдеу концепциясын білуге тиісті. Сонымен қатар, жұмысты орындаушылар туралы мәліметтер банкі де болуы қажет.
Топ жетекшісі әрбір бөлімдегі орындаушылар санын олардың ішіндедегі бір орындаушы жұмыстың екі-үш этапын орындауына байланысты анықтайды. Мақсатты топтармен ұсынылатын инновациялық идеяны өңдеу және жүзеге асыру кезінде үлкен орындаушылар мен үлкен орындалатын жұмыс көлемі бар жобалық топтар құрылуы мүмкін. Персоналды қызметке тарту және дамыту бойынша қызметтерді ұйымдастырушы болып нақты бір инновациялық жобаның менеджері табылады.
Ол өзінің идеясын жүзеге асырады және материалды (адамгершіліктік) түрде оны (жаңалық) енгізуге және ақырғы нәтижеге мүдделес. Орындаушыларды мұқият таңдағанның өзінде олардың дайындығы мен жүктелген тапсырмасын орындауында айтарлықтай дәрежеде айырмашылығы болады. Сол себепті тәжірибесі аз қызметкерлерді неғұрлым тәжірибесі мол мамандардың көмегімен оларды оқыту арқылы квалификациясын көтеруді де қарастырған жөн. Бұл қысқа мерзімді сабақтар түрінде немесе мақсатты топтың құрылуына дейін алдын-ала оқыту түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Мамандар үшін сонымен қатар бағдарламасы барлығын қамтитын арнайы семинарлар жүргізуге болады. Осындай бағдарламалардың қарастыратын неғұрлым негізгі сұрақтары – жоспарлау ерекшелігі, жұмыстың орындалуының принциптерінің басымдылығын құру, нақты жағдайды талдау негізінде үйлесімді шешімдерді іздеу әдістерімен және т.б. жобалық және мақсатты топтардағы жұмыстың ерекшеліктерімен семинарға қатысушыларды таныстыру. Семинарда орындаушы мамандар өзінің болашақ басшысымен танысады және ол бірнеше семинарлық сабақтарды жүргізуі керек. Бұл семинар қатысушыларының арасындағы өзіндік байланыстарды орнатуға және оларды алдағы қызметке дайындауға көмектеседі. Семинар аяқталған соң қатысушыларға инновациялық жобамен жұмыс жасауға рұқсат беретін арнайы сертификат берілуі мүмкін. Батыс Европаның дамыған елдерінде, сонымен қатар АҚШ пен Жапонияда фирмааралық мақсатты және жобалық топтарды құру кең қолданыс тапқан. Олардың құрамына сыртқы зерттеу ұйымдарынан мамандар тартылады. Осының нәтижесінде бұндай кооперация фирмада жаңа инновациялық құрылым бөлініп шығады.