7.4 Инновациялық ұйымдардағы мақсатты топтар Топ деген сөздің астында бір іспен шұғылданатын және тұлғааралық қарым-қатынасы бар екі немесе одан да көп адамдарды түсінеді. Анағұрлым творчестволық және ынталы қызметкерлерді топтарға біріктіру келесі мақсаттарды шешуге көмектеседі:
Қызметкерлердің творчестволық потенциалын барынша максималды қолдану;
Қызметкерлерді басқару процесіне тарту және олардың жауаптылық сезімін жоғарылату;
Өзара білім алмасу арқылы қызметкерлердің квалификациясын жоғарылату.
Күрделі зерттеулерді орындау және жобаларды өңдеу кезінде әдетте бөліп қарайды:
Басшылар тобы, ол басты басшыдан және оның орынбасарларынан құралады;
Мақсатты (жұмысшы) топ, бұл бір проблеманың айналасында бірге жұмыс жасайтын адамдардан құрылады (әдетте бір ғимарат ішінде);
Комитеттер – бұл қандайда бір тапсырма мен тапсырмалар кешенін орындау ісі делигерленген, бар және қайта құрылатын ұйым бөлімшесі. Комитеттерді кейде комиссиялар мен кеңестер деп те атайды.
Фирманың әр түрлі ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен сырттан шақырылған мамандарды (ғалымдар) мақсатты топтарды құру тәжірибеде кең таралған.
Бұндай топтардағы жұмыс нәтижелігі бірқатар факторларға тәуелді болады: құрамы мен мөлшері, топтық нормалар, топ мүшелерінің функционалды рольдері мен статусы, коллективтің бірліктігі (ұйымшылдығы) мен дау-жанжалдығы.
Топ көлемі –ғалымдар мен зерттеушілердің ойынша формальді түрде топ шағын болуы қажет. Оптималды құрамы – 5 адам. Топтың ұлғаюы қарқынына байланысты олар өздерінің арасында тағы шағын топтарға бөлініп, келіспеушілік пен дау-жанжалдың туындауына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде олардың нәтижелі жұмыс жасауына кедергі келтіріп, тәжірибе немесе зерттеу жұмысы сәтсіз аяқталуы мүмкін.
Топ құрамы – ғылыми мекемелердегі топтың құрамы әртүрлі білім және ғылыми дәрежеден тұратын адамдардан құралады. Бұл өз кезегінде тәжірибелі маманнның тәжірибесі мен білімі аз қызметкерге өзінің кеңестерін беру арқылы ортақ істі анағұрлым нәтижелі етуге көмектеседі.