Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Инновациялық ғылыми ұйымдардағы жұмыс режимдері



бет51/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

7.3 Инновациялық ғылыми ұйымдардағы жұмыс режимдері
Инновациялық фирмалардағы қызметкерлердің құрамы және ғалымдардың еңбегінің мазмұны бірдей емес. Ғылыми қызметкерлермен қатар инженерлер, техниктер, лаборанттар еңбек етеді. Ғалымдардың еңбегі өзінің құрамына типтік және оригиналды жұмыстар, ұйымдастырушылық сипаттағы жұмыстарды қосады.сол себепті бұндай ұйымдар үшін барлық қызметкерлер үшін жұмыс кестесі универсалды болуы мүмкін емес. Жаңа жұмыс графиктері мен жұмыс режимдерін жасау кезінде маңызды экономикалық факторларын ескеру керек: жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығындар, ғимаратты жалға алуға, тамақтануға, автотұрақтарға деген төлем, телефонға, факсқа, компьютер және т.б. деген шығындар. Бұдан басқа, стандартсыз жұмыс режимі нәтижелілікті ынталандырудың сенімді әдістерінде қарастырылады. Неміс экономистерінің мәліметтеріне сәйкес, жұмысшылардың 20% -на жуығы иілгіш графикті оң мотивацияның негізгі факторы ретінде қарастырады [3].
Әдеттегі стандартты режимде адамдар жұмысына бес күн (40 сағат) 900-ден 1800 дейін түскі үзіліспен бірге жұмыс істейді. Бұндай режимнің артықшылығымен қатар кемшіліктері де бар: қоғамдық көліктің асыра тиелуі, жолдардағы кептеліс, лифтерге кезектер, электр энергиясын тұтынудың тиеудің ең жоғарғы шегі. Адамдар жұмысқа кешігудің салдарынан стресстерді бастан кешіреді.
Салыстырмалы түрде жаңа режимдер мен графиктердің үлгілері болып жарым-жарты жұмыс бастылық, қысылған жұмыс аптасы (қосылған жұмыс күні), иілгіш график.
Жарым-жарты жұмыс бастылық немесе жартылай жалдау, - бұл лауазымдық міндеттерді орындаумен байланысты, бірақ жұмыс уақытының аз шығындарымен болатын жұмыс.
Қысқартылған жұмыс аптасы – бұл бір аптаның ішінде белгілі бір сағат санын аз күн ішінде атқару негізінде болатын жұмыс графигі. Дәл осылай белгілі бір жұмыс сағаттары бес күн ішінде емес, төрт күн ішінде – 10 сағат, немесе үш күн ішінде – 12 сағаттан атқарылуы мүмкін.
Иілгіш график – бұл жұмысшының жұмысқа келу-кету уақытын өзі таңдайтын, бірақ басшылық пен тағайындалған шектерде болатын жұмыс графигі.
Ғылыми ұйымдарда айтарлықтай жиі қолданылатын график, ол бірнеше варианттардан тұруы мүмкін:

  • Жұмыстың басталуы мен аяқталу уақытын күнделікті таңдау;

  • Жұмыс күнінің өзгергіштік уақыты;

  • Басшылықпен қойылатын жалпы (ортақ) уақытты белгілеу, бұл уақытта қызметкерлердің барлығы қызметте болуы керек.

Тәжірибеде иілгіштік дәрежесінің ұлғаюына байланысты басқа режимдер мен графиктердің үлгілері қолданылады:

  • Иілгіш цикл (жұмысшының жұмысқа келу-кету уақытын белгілі бір уақыт аралығында (циклда) өзі таңдауы. Мысалы, апта, ай және т.б.);

  • Жылжымалы график (жұмысқа келу-кету уақытын қзгертуге болады, бірақ сонымен қатар толық жұмыс күнін (8 сағат) атқаруы керек);

  • Жұмыс күні ұзақтығының ауыспалылығы, бұл жағдайда аптасына 40 сағат немесе айына 160 сағат атқаруы керек);

  • Өте иілгіш график (жұмысшылардың жалпы жұмыс уақытында болуын талап етеді. Мысалы, әр дүйсенбі мен жұма күні 1000-ден 1400-ге дейін);

  • Иілгіш орналастыру (ол жұмыс сағатын өзгертуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оның жұмыс орнының кестесін де өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, үйде, филиалдарда, кітапханада және т.б.).

Аталған үлгілердің әрқайсысының оң және теріс жақтары тән. Сонымен жылжымалы график және ауыспалы күн ғалымның нормаланған жұмыс күні бар саласында айтарлықтай нәтижелі. Дегенмен, кітапханада, мұражайда мен мұрағатта жұмыс істеудің қажеттілігі немес өте жауапты жұмысты көп қызметкерлер отыратын бөлмеде зейінмен алмау сияқты мәселелер жиі туындайды. Өте иілгіш график пен иілгіш орналастыру Қазақстанның ҰҒА-на тән. Бұл графиктің үлгілері әсіресе қызметкер бас офиспен электронды құралдармен байланыстар жасаған жағдайда перспективалы болып есептелінеді. Алайда кейбір зерттеулерге сәйкес үйде отырып жұмыс істейтіндер дағдылы байланыстардың (контактілердің) болмауынан қанағаттанушылықсызды бастан кешіреді. Егер жұмыс жабдықтардың жұмыс жасау кезеңімен немесе қызметкерлер тәжірибелік және сынақ жұмыстарын орындайтын болған жағдайда иілгіш графикті қолдануға болмайды.
Ғалымдар үшін оптималды жұмыс режимінен басқа, олар үшін өзінің уақытын тиімді жұмсау үлкен мағынаға ие. Қызметкердің асыра жүктелуінің ұлғаюына үш себеп әсер етеді:

  • Жауаптылықты делегирлеудің аз дәрежесі;

  • Бұрыс таңдалған приоритеттер;

  • Күнделікті әрекеттерге шамадан тым үңілу.

Жұмыс уақытын оптимализациялау мақсатында М.Паретто және Д.Эйзенхауэрдің принциптері қолданылады [4, 5].
Итальяндық экономист М.Паретоның принципі жұмыс уақытын жоспарлаған жағдайда өзекті. Ғалым аса маңызды қызметке назкар концентрациясыкүтілген нәтижелерге жетуге айтарлықтай әсер ететінін байқады. Ол 20/80 ережесін орнатты, оған сәйкес маңызды проблемаларға 20% концентрацияның, 80% нәтижелілікті алуға әкеледі. Ал қалған 80% уақыт қалған 20% нәтижені қамтамасыз етеді.
АҚШ президенті Д.Эйзенхауэр принципі тапсырмалардың мақсаттар маңыздылығын анықтау үшін маңызды. Олардың маңыздылығымен жеделдігіне байланысты былай бөлуге болады:
А) – өте маңызды және жедел мақсаттар – лезде орындау;
В) – маңызды, бірақ жедел орындауды талап етпейтін мақсаттар – мезгілі мен олардың орындалуын анықтау;
С) – маңызы аз, бірақ жедел мақсаттар – делегирлеу немесе басқа адамға сол міндетті жүктеу.
Маңызсыз және жедел емес істер болып табылатындар менеджердің назарын алаңдатпауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет