Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ



бет48/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

7. ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ


7.1 Ғылыми ұйымдардағы персонал
Ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері ең алдымен негізінен ғылыми өнімдерді (идеяларды ойлап тауып өңдеу, тақырыптарды таңдау, жобалар, есептерді құрастыру, түсініктеме хаттар, сызбалар және т.б.) өндірумен шұғылданатын ғылыми қызметкерлерден тұрады. Ғылыми-зерттеу инновациялық ұйымдардың құрамында қызметкерлердің бірнеше категориясын атап өтуге болады: зерттеушілер, техниктер мен лаборанттар, қосалқы және өзге қызметкерлер.
Ғылыми қызметкерлер – бұл әдетте ғылыми зерттеулер және өңдеулермен шұғылданатын әртүрлі білім саласындағы мамандар. Ғылыми қызметкерлердің шығармашылық қызметі ғылыми білімдердің көлемінің артуына бағытталып, жүйелі түрде жүзеге асады. Сонымен қатар, осы білімдерді қолдануға болатын қолданбалы жаңа облыстарды іздестірумен айналысады. Барлық жеке меншік формасындағы ғылыми ұйымдардың қызметкерлері келісім-шарттарға және зерттеулер мен өңдеулерге деген тапсырыстарды орындаумен байланысты тікелей қызметтер көрсете алады.
Инновациялық ұйымдардың интеллектуалды ғылыми қызметінің нәтижелілігі ғылыми қызметкерлердің дара творчестволық қабілеттеріне, олардың дайындығы мен квалификация деңгейіне тәуелді. Ғылымның бұндай ерекшелігі адам қызметінің өзге саласымен салыстырғанда ғылыми мекемелердегі персоналды басқару үрдісін қиындатады. Жоғарғы ранг менеджерлері, сонымен қатар инновациялықтар да өз ғылымы саласында танымал ғалымдар болуы керек, не болмаса жоғарғы ғылыми квалификациясының иесі болуы қажет. ҒТП даму қарқынына және еңбектің күрделенуіне байланысты персоналды оқыту мен қайта оқыту және оқыту мерзімінің ұлғаюы мен мамандарды дайындауды бақылаудың функцияларының күрделенуіне байланысты шығындар көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар, тек қана қаражаттық немесе таза өндірістік проблемалар ғана туындамайды, сонымен бірге психологиялық мәселелер де туындайды.
Ғылыми инновациялық ұйым персоналы өзінің творчестволық қызметі үрдісі кезінде өзін-өзі реттейтін жүйеге айналады, сол кезде менеджер оларға тек жанама әсер ете алады (мыс., қатаң әкімшілік ықпал етуді ғылыми қызметкерлердің мінездемелерін ескере отырып оларға анағұрлым жұмсақ, иілгіш басқару стилімен ауыстыру). Бұл іс-әрекет қызметтік нәтижелерінің нақтылы мамандардың жеке зор еңбектерін мойындау, өзінің қызметін өзі бағалау үшін, ақпарат беру (қажетті болса жасырын түрде), әлеуметтік және жеке істерге бірге қатысу сияқты жариялылық саясаты болуы мүмкін.
Ғылыми мекемелердегі кадрлар бойынша менеджерімен ерекше талаптарда қызмет көрсетіледі. Олар қызметтік кадрлық құжаттарды сақтау бойынша бөлімдеріне дейін функционалды түрде өсті. Бұл қызметтің негізгі мазмұны болып:
- қызметкерлерді қажеттенуді жоспарлау;
- қабылдау мен жалдаудың белсенді әдістері;
- кадрлардың ағымын талдау;
- квалификацияны жоғарылату мен кадрларды дамыту;
- талантты қызметкерлердің қызметтік мансабын жоспарлау табылады.
Іс жүргізу таза күйінде заманауи кадрлық қызметтерде жұмыс уақытының шамамен оныншы бөлігінен аспауы тиіс, ал олардың құрамына тек кеңсе қызметкерлері кіруі керек. Қазіргі таңда инновациялық ғылыми ұйымдарда кадрлық қызметтер келесі сияқты мамандары болады: психологтар, ұстаздар, дәрігерлер және аналитиктер (талдаушылар).
Ғылыми-техникалық прогресс – бұл ең алдымен творчестволық адамдардың қызметінің нәтижесі болып табылады. Әрбір ашылу немесе ойлап табу, біздің әлеуметтік іс-әрекетіміз бен дара ойлау бейнеміздегі өзгерулер, тіпті өте талантты адамдар тобына емес, ал жеке адамдарға байланысты (міндетті). Бұл дара еңбекке бұндай жағдайларды жасауға себепші болады. Бұл кезде маман тапсырманы жасаудың қатысушысы болып қана қоймай, сонымен қатар жұмысты жоспарлайды, оны бағалайды. Сол уақытта ғылыми қызметтің ерекшелігі негізінен оның ұжымдық мінез-құлқымен анықталады. Ал бұл ғылыми ұжымдарды мамандардың дара және топтық қызметтің епті үйлесуін талап етеді. Жұмыс үрдісі кезінде бір-бірімен араласатын жеке топтар мен коллективтердің мамандарының психологиялық үйлесімділігіне, сонымен қатар көшбасшыны таңдау және қалыптасу проблемаларына, қатынас пен басшылық стилін толық жетілдіруге баса көңіл аудару керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет