Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет64/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

10. ВЕНЧУРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


10.1 Венчурлік қаржыландырудың мәні
Бір жаңаша іс бастар кезінде болжамды қаржылық тәуекел неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпкерлерге банктерден инвестициялық қорлардан, мекемелер және жеке тұлғалардан осы іске жұмсауға жетпей тұрған қаражаттың алуы және іске асыруы қиынырақ соғады, және сонымен қатар несие алу шарттары да соғұрлым қатаңырақ болып кетеді.
Бірақ заманның ғылыми техникалық дамуын ескере отыра жаңа жобалар ұсынып отырған кәсіпкерлер, ірі компаниялар және үкімет те, егер жаңаша бастамаға қаражат құюға бас тартса, қомақты қаржыдан айырылуы мүмкіндігін сезеді. Осының салдарынан олар бір жағынан өндіріске жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді қосуын, ал екінші жағынан, жеке инвесторлардың қаржыларын жоғалту қаупін неғұрлым азайтатын экономикалық механизмдерін ойлап табуда.
Сондай механизмдердің бірі - жаңа бастаманың венчурлық қаржыландыру.
Іс жүзінде, әрбір пайда табамын деген мақсатпен жұмсалатын қаражат тәуекелмен байланысты, бірақ венчурлік қаржыландырудың әдеттегі қаржыландыру түрлеріне қарағанда,бір қатар айырмашылықтар бар (16-сурет) [1].

16-сурет – Венчурлік қаржыладырудың ерекшеліктері.



  1. Қауіп қатер төнетін жағдайда несие үміт күтер жобаға бөлінеді.Сол кредиттің кредит алушының мүлігі арқылы міндетті түрде төленуі жайындағы кепілдік туралы сөз қозғалмайды. Одан кейін әуелбастан жұмсалған қаражатынан жаңа жоба иесі айырылып қалуы да мүмкін, шығынға ұшырап, егерде ол жоба күтілген нәтиже әкелмесе. Осындай кредит түрлерін жана, бірақ техникалық, не комерциялық жүзінде әлі қолданысқа алынбаған жаңа бастамаларды өз бетімен іске асырмақшы болған шағын кәсіпкерлер, жаңалық ашушылар не ғалымдар қажет етеді. Олар екі түрлі қиыншылыққа тап болады: жаңа идеяны соған қызығушылық білдірген ұйымға сату ма, әлде оны өз күштерімен іс жүзіне асыру. Бірінші жолы кең таралған, бірақ, жоба коммерциялық табысқа ие болса, онда инвестордың пайда алу үлесі азаяды. Оның үстіне, ірі кәсіпорындар шығарылатын өнімдердің неғұрлым жақсырақ өндірілуіне мән береді. Сол үшін ноу-хоу авторлары, не жаңалық ашушылар, екінші жолын көбірек таңдайды. Олар бір белгімен бір жобаны іске асарлық кәсіпорын ашып, осылайша өздері кәсіпкерлерге айналып кетеді. Бұл жағдайда, олардың міндеттері тек қана жаңа ойды іске асырылуымен шектелмейді, одан көбірек болып табылады, яғни нарық болашағын бағалау болу, бәсекеге тап беру стратегиясын ойлап табу және орындау, жарнамалық іс, өндірілген заттарды сата білу,т.б.

Өз ісінің мамандары және керекті қаражат жеткілікті жағдайда ғана бұл мәселелер шешімін табар еді, бірақ іс жүзінде олай емес. Осындай себептерден олар жаңа қосымша бір қаражат табуға мәжбүр болады. Ал қаражат берушілер олардан олардың жаңа технологияларын пайдалануға құқығына ие болуын, не олардың жаңа өнімдерін пайдалануын талап етеді, сонымен қатар тағы бір айтар жай, ол- осындай қаржылық операциялар кезінде инвесторлар жаңағы жаңа ұйымдастырылып жатқан ұйымның бірталай акцияларына ие болады. Әрбір кезең қомақты қаражат қажет етуіне байланысты, жаңа құрылған ұйым тағы қосымша акцияларын шығарып, оларды құнды қағаздар рыногында сату арқылы қосымша қаражат көзін іздеуге мәжбүр болады. Нәтижесінде, осы ұйымға бірінші болып қаржы құюшылар, өз акциялар пакетін сату арқылы тек қана берген ақшаларын қайтарып қоймай, әдеттегі қаржылық операцияларын жүргізу арқылы алынатын пайдадан гөрі бірталай көбірек үстеме ақшаға ие болады. Яғни, көптеген венчурлық қорлардың басты көздеген мақсаты, ол акциялардың бастапқы және кейінгі сатылатын кезеңдегі құны айырмашылығынан түсетін үстеме пайда. Ірі корпорациялар - венчурлік капитал иелері, бұл ережеге бағынбай, жоғарыда айтылған акциялардың айырмашылық құнынан түсетін пайданы іздемей, олар өндірістегі жаңа технологияларға ие болып, оның таралуына бақылау жүргізгілері келеді. Егер де жаңа істің бастамасы сәтті өткен жағдайда, осындай ірі корпорациялар жаңа құрылған ұйымға өздері толығымен ие болып кетулері мүмкін. Осылайша, венчурлық инвестицияны іске асыру ісі ғылыми техникалық жетістіктерді игеру кезінде үлкен бизнестің стратегиялық саясатының бір бөлігі болып кетеді.
2) Венчурлік капитал құюшылар ғылым және техника даму ерекшеліктерін үнемі бақылауда ұстайды, қаржы саясатындағы және нарықтың өзгерістерін назарда тыс қалдырмайды.
3) Инвесторлар тек қаржылық несие беру ісімен шектелмейді олар жанама бастаманың іске асыру кезіндегі барлық кезеңдеріне жаңа фирманың басқаруына белсенді қатысып жүреді.
Бүгінгі күні венчурлік инвеститициялардың іс жүзінде бірнеше түрі тараған.Олардын ең қарапайым түрі-инвестициялық ұжымның қорына инвестордың қаржысын құю.Одан күрделірек формалары туралы айтпақ болсақ, ол шығынға ұшырау қаупін азайту мақсатымен бірнеше топтарды біріктіру, ол егерде жоба пайда әкелмейтін жағдайда ұшыраса, онда шығындарды солардың арасына бөліп тастау. Осы барлық формалар біріне-бірі толықтырады да, жаңаша бастамаларды қаржыландыру жағынан қай жағдайда болмасын, өте ыңғайлы болып келеді
А.К. Саурукованың «Совершенствование организационно-экономического механизма управления инновационной деятельностью» атты э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу диссертациясында ол, Қазақстандағы венчурлік қаржыландырудың тұжырымдамаларын айта келе, төмендегідей инновациялық қызметті қаржыландырудың үлгісін ұсынды [2]:



17-сурет – Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландырудың үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет