Диффузия - бұл бұрын игерілген жаңалықты жаңа шарттарға немесе жаңа объектілерге енгізу және тарату. Дәл диффузияның арқасында жаңалықты жекелік енгізуден бүкіл экономика маштабындағы инновацияға өту жүреді.
2. Өндіріс циклының орналасу бойынша:
Шикізаттық;
Қамтамасыз етушілер (байланыстырғыштар);
Азық-түліктер.
3. Орнын басушылық бойынша:
Орнын басушылар;
Өзгертушілер;
Қайтқандар;
Ашушылар;
Ретроенгізу.
4. Қамтуы бойынша:
Жергілікті (локальды);
Жүйеліктер;
Стратегиялықтар.
5. Инновациялық потенциалмен және жаңалық дәрежелері:
Радикалдың;
Қиыстырушылық (комбинаторлық);
Жетілдірілушілер.
Таптастырудың (классификацияның) соңғы екі бағыты, инновацияның жаңалығын және масштабын есепке алады, сонымен қатар, инновациялық өзгерулердің қарқындылығы, инновациялық өзгерудің аса үлкен дәрежедегі сандық және сапалық мінездемелері.
1.4 Инновациялық үрдіс пен инновациялық қызмет Инновацияның дамуына бірінші кезекте әсер ететін механизм ретінде нарықтағы бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында қызмет немесе өнім өндірушілер өндіріс шығындарын төмендетіп жаңа өткізу нарығын іздестіруге әр уақытта мәжбүр болады. Сол себепті инновацияны бірінші болып игерген кәсіпорын бәсекелестерінің алдында айтарлықтай басымдылығы болады.
Бизнесте практикалық тұрғыда іске асуының басты шарты ретінде инновациялық инвестицияларды тарту болып табылады. Инновацияны жасау, меңгеру және тарату үрдісін қарастыруға болады:
- біріншіден, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, өндірістік қызмет пен инновациялардың, паралельді-жүйелі түрде жүзеге асыру ретінде;
- екіншіден, жаңалық енгізудің, идеяның пайда болуынан бастап оны өңдеу және енгізуге дейінгі өмірлік циклінің уақытша экезеңі ретінде қаралуы мүмкін.