Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Перспективті жаңалық енгізуді жоспарлауды ұйымдастыру



бет58/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

8.3 Перспективті жаңалық енгізуді жоспарлауды ұйымдастыру
Ғылыми-техникалық дамуды перспективті жоспарлау ағымды кезеңдегі ғылымның, техниканың және өндірістің негізігі бағыттарын айқындап алудан басталады. Бұл бағыттарды таңдауды дәлелдейтін болжау мен жоспарды байланыстыратын буын болып табылады. Кейін жопарлы кезеңде тиісті шешімін табатын негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді анықтап алады. Бұл бөлім таңдалған бағыттарды айқындайды және сонымен қатар жоспарлы кезеңнін басында белгілі ғылыми ашылулар, ірі ойтабыстар потенциалының болжанған бағалау мен анализіне негізделген.
Әрбір мәселені жоспарға қосу кезінде техника-экономикалық негізделуі тақырып зерттемесінің мақсатқа лайықтылығын растауға көмектеседі.
Жоспарларды жасау, кәсіпорынның техникалық (және технологиялық) қайта қаруландырылуы болжаулар мен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелерінің перспективті жоспарлары негізінде жүргізіледі.
Машиналардың және жабдықтардың толық картотекасын құрастыру, жұмыс орындардың іскерлік сараптауы ауыстыруды және жаңартуды талап ететін жабдықтарды айқындауға көмектеседі.


Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Перспективті жаңалық енгізуді жоспарлауды ұйымдастырудың мәні неде?

  2. Болжау дегеніміз не және оның мәні?

  3. Болжаудың мақсаты неде?

  4. Ғылыми-техникалық болжау дегеніміз не?

  5. Болжау процесінің құрамына не кіреді?

  6. Тағайындау бойынша болжаулар қалай жіктеледі?

  7. Нормативтік (функционалды) болжау дегеніміз не және оның мәні?

  8. Зерттеушілік (пәндік) болжау дегеніміз не және оның мәні?

  9. Құрама болжау дегеніміз не және оның мәні?

  10. Тенденция дегеніміз не және оның мәні?

  11. Тенденциялар түрінің иерархиясын атаңыз.

  12. Жаңалық енгізу әдістерін болжау неге негізделеді?

  13. «Ми шабуылы» әдісінің мәні неде? Және оның негізін кім қалады?

  14. Үлгілеу әдістерін атаңыз және олардың мәні неде?

  15. Ғылыми-техникалық дамуды перспективті жоспарлау дегенді қалай түсінесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет