Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет66/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

10.2.2 Өндірістік корпорациялар
Венчурлық қаражат салу жүйесінде ірі өндірістік корпарацияларының орны бөлек. Әрбір ірі компания өзінің ұсақ және орта бизнестегі жетістіктеріне олардың бәсекелестері ие болып, ішкі және әлемдік рыногындағы күштерінің тепе-теңдігін өз пайдасын өзгертіп алу қаупінен үнемі бетпе бет кездеседі. Одан тыс ғылыми техникалық процестің жаңа салдарынан қалып қалу қаупі туындайды, оны бірақ бастапқы кезеңдерде қтеу оңайырақ. Венчурлық қаржыландыру корпарациялар үшін дәстүрлі бизнестің нашарлаған жағдайында диверсификация жолдарының бірі болып табылады. Ірі компаниялар кіші инновациялық ұйымдарында, егерде салыстырмалы түрде айтсақ, біраз ғана қаражат салғанына қарамастан тек қана жаңа технологияларға ие болып қалмай, сонымен қатар өз лабараторияларында да ұқсас зерттеулермен жобалардың ұйымдастырыулын біраз уақытқа дейін шегертіп мүмкіндікке ие болады.
Венчурлық инвестицияларды жасаған кезде ірі корпорациялар келесі ұйымдастыру формаларын пайдаланады [1].

  1. Мүмкіндігі шектелген серіктес ретінде венчурлық бизнес мамандары басқаратын және ұйымдастыратын қорларға қатысу. Ол үшін :

а). Үлкен қаражат салып, венчурлық операцияларды басқару дағдарысын білу.
б). 10- 15 кіші инновациялық ұйымдар ұйымдастырған жаңалықтарға қол жеткізу.
в). Қаралып, бірақ кейін әр түрлі себептер салдарынан венчурлық қорлар басқарушылар тарапынан қабылданбай қалған жобаларға ие болу.
д). Кейбір басқарушы, ғалым не жаңалық тапқыш адамдардың іскерлік мінез құлқын зерттеп, кейін өз ұйымдарына алып алу әрекеттерінің қажеті жоқ. Венчурлық инвестицияның осы түрінің кемшілігі оның белсендігінің төмендігінде, өйткені венчурлық қордың жұмысына араласу үлестік қатынастар салдарынан шектелген. Сол үшін инвестор басқарушылардың инвестициялық саясатын қажетті мөлшерде бақылап қаржыландырып отырған нысаналы ұйымдарында зерттелген жетістіктерді өзі ғана пайдалануға мүмкіндіктері жоқ.
2. Үлкен корпорацияның қаражатының арқасында құрылған тағы бір кішігірім венчурлық қор, оның басқарушылары ірі корпорацияның қызметкерлері болып келеді, не болмаса венчурлық инвестиция саласының мамандары. Бұл ұйым формасының кемшілігі- ол ұйым өзі жеке ұйымдастырылған болып саналса да , оның инвестициялық саласы ірі корпорацияның даму стратегиялық бағытына сәйкес болуы қажеттілігі, сонымен бірге жаңа шаруа бастап кету үшін олардың қайсысын таңдау қиыншылығы және кіші инновациялық ұйымды ұйымдастыру кезіндегі көмектің қажеттігі.
3. Кіші инновациялық ұйымдарға қаражатты тікелей құю формасы, инвестор үшін өте қауіпті, өйткені шаруаның сәтсіздікке ұшыраған жағдайында шығындарды басқаларға бөле алмайсың, екінші жағынан, шаруа сәтті болса, жоғары пайдаға ие болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет