Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Өндірістегі менеджмент пен инновациялық стратегиялар



бет62/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

9.4. Өндірістегі менеджмент пен инновациялық стратегиялар
Жоғарыда қарастырылып кеткен стратегиялармен қатар өнеркәсіпте жиі инновациялық стратегиялардың шектелген шеңберін қолданады, оған кіретіндер [6]:

  1. Дәстүрлі. Кәсіпорын көлік өнімдері мен қызметтерінің тек сапалық талаптарын сақтауға тырысады. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай стратегия міндетті түрде әуелі техника-технологиялық, кейін экономикалық қатынаста да артта қалуға алып келеді.

  2. Оппортунистік. Кәсіпорын нарықта монополиялық жағдайға талпына отырып, инновацияға көп шығын жұмсалмайтын қызмет түрін іздейді. Инновациялық менеджменттің бұл типі сондай «тұңғиықтарды» іздеуге негізделген, нарықтық жағдайда білімнің терең болуын, жоғары бейімделушілік қабілеттілікті және техника-технологиялық дамудың жоғарғы деңгейін қажет етеді. Алайда бұл жағдай да монополиялық жағдайды жоғалтып алу қаупі деңгейі біршама жоғары.

  3. Имитациялық. Кәсіпорын өзі жаңалықтар ашпайды, оны басқалардан лицензия сатып алу арқылы алады. Мұндай тәсілдің ерекшелігі мынаған негізделеді: лицензия сатып алуға жаңа затты ойластырып шығарғаннан гөрі шығын аз жұмсалады, тез ие болуға болады және сенімдірек қызмет етеді.

Мұндай стратегия жиі сәтті болады, алайда өзінің іске асырылуына жоғары деңгейді, арнайы мамандандырылуды және қол жеткізілген деңгейді қолдау үшін өнертабыстың бейімделуі мен соның негізінде басқа да өнім түрлері мен қызметтерді жасап шығару процессінде бірқатар шаралар кешенін өткізуді талап етеді.

  1. Қорғағыш. Зерттеу мен өңдеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілмейді, көлік қызметі нарығында алдыңғы орындарға таласатындай дәрежеде жүргізілмейді. Кәсіпорынның мақсаты өзгелерден техника-техникалық және ақпараттық салада артта қалып қоймау және қолайлы жағдай болғанда оның деңгейін арттыру. Инновациялық менедменттің бұл типі еңбекті көп қажет етеді және фирманың алып тұрған позициясынан айырылу қаупін жоғалтпайды.

  2. Тәуелді. Инновациялық менеджменттің бұл типі ірі корпорациялар өндіріс үшін қызметің жаңа түрі мен өндіріс тәсілдерін табыс ететін ұсақ фирмаларға тән.

  3. Шабуылдаушы. Көп артықшылықтарға ие. Бұл жағдайда фирманың басты мақсаты нарықта алдыңғы қатарлы болу болып табылады. Бұған келесі қамсыздандырулар қажет: жоғары мамандандырылу және төмендегілерді жобалайтын үлкен ұйымдастыру жұмысын жүргізу қажеттілігі:

  • Жақсы ұйымдасқан, тиімді инновациялық процесстің болуы;

  • Жаңашыл-жасампаздардың бар болуы;

  • Жаңа идеяларға бейім, тың ойлы басшының болуы;

  • Қауіпті бөлу мүмкіншілігі;

  • Нарықты жақсы білу және жақсы маркетингтік ұйым.

Фирма өзінің дамуының бастапқы сатысында әдетте шабуылдаушы стратегияны таңдай алмайды. Іске асатын стратегия болып стратегияның дәстүрлі типі болып табылады. Шабуылдаушы стратегияға көшу фирма дамуының келесі сатыларында даму деңгейіне, басқару деңгейіне, оның мүмкіндіктеріне және имитатор деңгейінен өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін пайдалана білу икемділігне байланысты. Шабуылдаушы стратегия үнемі бір ғана инновация емес, инновациялар жиынтығына негізделеді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге бағытталған және шешімі үлкен қауіппен және қиыншылықтармен байланысты күрделі басқару мәселесі болып табылады. Алайда ол жүзеге асқан жағдайда айтарлықтай нәтижеге алып келуі ықтимал. Тек шабуылдаушы стратегия динамикалық даму шарттарын қанағаттандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет