Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



бет79/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

12.2 Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі таңда ҚР- ның ұлттық инновациялық жүйесін ұйымдастыру және даму жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты инновациялық жүйенің ашық түрін қалыптастыру, яғни отандық және шет елдік технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қарастырылған:

  1. Ғылымды дамыту

  2. Инновациялық инфроструктураны қалыптастыру

  3. Қаржы инфроструктурасының элементтерімен механизмін дамыту

  4. Ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің арасындағы өзара белсенді байланысты қалыптастыру.

  5. Инновациялық жұмыстың нормативті құқық базасы.

2005- 2007 жылдары ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру жоспарының бірінші бөлімі мемлекеттің белсенді араласуымен жүзеге асырылады. Бұл бөлім келесі мәселелерді қарастырады.

  • Ғылыми потенциалды дамыту, ғылыми технологияның даму приоритетін анықтау.

  • Инновациялық бизнес ортаны дамыту, жүйелі инновациялық жобаны, ядро кластерді, қажетті мемлекеттік ресурс концентрация.

  • Инновациялық инфраструктураның негізгі элементтерін қалыптастыру және дамыту

  • Отандық және шетелдік инвесторлардың көмегімен берілетін грант түрлерін көбейту және венчурлық фондтарды қалыптастыру арқылы қаржы инфраструктурасының негізгі элементтерін қалыптастыру және дамыту.

  • Ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің өзара байланыс механизмінің аяқталуын жобаның екінші бөлімін қарастырады.

Ол үшін қажет:

  • Бірінші бөлімде ұйымдастырылған ұлттық инновациялық жүйенің сапасын арттыру.

  • Инновациялық жүйелерді қаржыландыру.

  • Кластерлі кооперация қатысушыларының инновациялық қызметін дамыту.

  • Жергілікті және әлемдік технологиялар альянсы

Жобаның үшінші бөлімі ұлттық инновациялық жүйенің тұрақты дамуын, инновациялық жобаларды қаржыландыруда мемлекеттік шығынның келіп, жекеменшік инвестиция құюдың артуын қамтамасыз етуі керек
Жобаның төртінші бөлімі мемлекет инновациялық жобаларды қаржыландырудан мүлдем шығып ұлттық инновациялық жүйенің дамуы жекеменшік негізде болады.
2005- 2015 жылдардағы жобаларды қаржыландыруға барлығы 139,8 трлн теңге бөлінген, оның 77,3 трлн теңге қаржысы республикалық бюджеттен, ал 2,1 трлн. тг жергілікті бюджеттен бөлінген. Сонымен қатар 60,4 трлн теңге көлеміндегі жеке меншік отандық және шетелдік капиталдар қаржысын да қарастыру жоспарланған. Бұл жоба жүзеге асқаннан кейін мынадай қорытынды күтілуде:

  • Ғылыми және ғылыми- инновациялық қызмет үлес салмағының 0,8%-тен 2015 жылы 1,7% - ке

  • 2003 жылмен салыстырғанда 2015 жылы инновация мен ғылыми зерттеу жұмыстарға шет елдік инвестиция салуды 15- 20 есе өсіру.

  • ҚР-ның инновациялық қызметінің ақпараттық базасын қосқан белсенді инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру.

  • Ұлттық және аймақтық технологиялық парктерді қалыптастыру.

А) аппараттық технологиялар паркі
Б) ядролық технологиялар паркі
С) биотехнологиялық паркі
Д) индустриалды мұнай химия технопаркі
Е) жаңа материалдар паркі
- жобаны жүзеге асырудың бірінші бөлімінде 7 жергілікті технопарк құру;
- ірі технологиялық университеттер мен технопарктер жанынан 12 технологиялық бизнес-клуб және 8 оқу центрін технопарк жанынан ұйымдастыру;
- отандық және шет елдік инвесторлар қатысуымен қаржыландырудың жүйесін құру;
- нарықта жас технологиялық компаниялар мен қорлардың бағалы қағаздарын құру
- инновациялық менеджмент деңгейін көтеру
Инновациялық даму институттарының тiзбесi [1]: 1. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ; 2. "Ғылым қоры"АҚ; 3. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы"АҚ; 4. "ҚазАгроИнновация" АҚ; 5. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ.
Инновациялық даму институттарының ішіндегі ең ірісі «Ұлттық Инновациялық қор» Акционерлік Қоғам ісінің негізгі мақсаты инновациялық дамудың координациясын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және мемлекеттік колдау шараларын ұйымдастыру.
Қор өзінің қызметін негізгі ұзакмерзімді және қысқамерзімді мемлекеттік бағдарлама құжаттары базасында жүзеге асырады, олар: Мемлекетті жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамытудың 2010-2014 ж.ж арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасын 2010-2014 ж.ж инновацилық дамыту және технологиялық модернизацияға көмектесу бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының Салааралық жоспары » және т.б.
Қордың кызметі төмендегідей негізгі бағыттармен анықталады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет