6) Инновациялық жобаларды сервистік қолдау «Өндірімділік 2020» бағдарламасы 2011 ж. наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан «Өндірімділік 2020» бағдарламасы бекітілді, ол экономиканың болашағы бар салаларындағы өнеркәсіп орындарының бәсекеге қабілеттілігін еңбек өнімділігін арттыру жолымен көтеруге бағытталған. «ҰИҚ» АҚ бағдарламасы аясында қолдаудың 4 құралы оператор болып табылады:
Жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
Технологияларды алуға грант бөлу;
Біліктілігі жоғары шетелдік инженерлік-техникалық қызметкерлерді тарту;
Басқару және өндіріс технологияларын енгізу.
Гранттық қаржыландыру Инновациялық гранттар беру механизмі мемлекет тарапынан 2010-2014 жылға арналған жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын орындау аясында іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама басты мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады және инновацияларды дамыту есебінен экономиканың өсуін қамтамасыз етеді.
Алғаш рет 2010 жылы пилоттық режимде инновациялық гранттарды бөлу басталған болатын, жалпы көлемі 1,6 миллиард теңге (10 млн. АҚШ долларынан астам) сомасында 38 жоба қаржыландырылды.
2011 жылы инновациялық гранттарға бөлінген сома 7,3 миллиард теңгені (50 млн. АҚШ доллары) құрады.
Ағымдағы жылы бюджет 4,5 есе ұлғайтылды және соған сәйкес өткен жылдармен салыстырғанда берілген өтініштер де 2 есеге өскен.
Гранттар беріледі:
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен қолданбалы сипаттағы тәуекел бағдарламаларын орындауға;
шет мемлекеттерде және халықаралық патент ұйымдарында интеллектуалдық меншік объектісін патенттеуге;
инновациялық технологияларды алуға.
Технологиялық бизнес - инкубациялау Инновациялық қызметті жоғарыда атап өткен элементтер көмегімен қолдаудың негізгі құралдарының бірі технологиялық бизнес – инкубация болып табылады.
Мысалы, 2010 жылы 105 өтініш жиналды, олардың ішінде 64 жоба мақұлданды, 36 жобаны инкубациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.
2011 жылдың өзінде қазірге күнге дейін 210 өтініш жиналды. Аталмыщ процесске 7 аймақтық технопарк тартылып отыр. Бұдан ары қарай бизнес-инкубациялау үшін 40 жоба іріктелді.