Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ



бет2/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Инновация және инновациялық менеджмент түсінігі, мәні, пәні мен әдістері
Инновация – бұл:
А) Кәсіпкерлік саласындағы әрдайым жаңару үрдісі
Б) Жаңа ойдың жаңа тауарлар мен қызметтерге айналуы
Инновация (жаңалық, жаңашылдық) – жаңа немесе жаңартылған өнімді жасау және нарыққа шығару негізінде туындаған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі немесе практикалық қызметте жаңа немесе жаңартылған технологиялардың пайдаланылуы.
«Инновация» термині латынның «innovus» сөзінен шыққан, мұндағы «in» - ішінде, «novus» - жаңа деген мағынаны білдіреді. ХХ ғасырда инновация технологиялық жаңалықтарды енгізумен түсіндірілді. Инновация терминін австриялық экономист-ғалым Й.А.Шумпетер (1883-1950 жж.) «Экономикалық даму теориясы» (1911) атты еңбегінде алғаш қолданды. Бұл кезде инновациялар туралы сөз айтылмаған, дегенмен бұл кезде инновация деп, дамудың жаңа комбинацияларындағы өзгерулер деп түсіндірілді.
Шумпетер 5 өзгеруді атап көрсетті:
1. жаңа техника, жаңа жаңа технологиялық үрдіс және өндірістің жаңа нарықтық қамтамасыз етілуі, яғни сату-сатып алу.
2. жаңа қасиеттері бар өнімді енгізу.
3. шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу.
4. өндірісті ұйымдастырудағы және оның материалдық-техникалық қамтылуындағы өзгерістер.
5. жаңа өткізу нарығына шығу.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Шумпетер инновация терминін кеңінен қолданды. Инновация – бұл өндірісте жаңа нарық және ұйымдастырылуы формасын, жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және транспорттық құралдарын қолдану және енгізу негізінде болған өзгерістер.
Инновациялық менеджменттің мақсаты – ғылымның, экономиканың және кәсіпорынның өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Инновация мақсаттарын төмендегідей көрсетуге болады:

  1. жаңа техникалық шешімдерді табу – ойлап шығару;

  2. ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ);

  3. өнімнің сериялық өндірісін ұйымдастыру;

  4. параллельді түрде өткізуді ұйымдастыру және дайындау;

  5. нарыққа жаңа өнім енгізу;

  6. үнемі технологияларды жетілдіру, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолымен жаңа нарықтарға шығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет