Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет1/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ


«Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз. Егер, бұл жағдайды түзетпесек, біз 20-25 жылдан соң әлем экономикасының көшінен қалып қоямыз!»

Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылы Евразия университетіндегі кездесуде сөйлеген сөзі





КІРІСПЕ

Әлемнің ғылыми-техникалық прогресі әрбір экономикаға түбегейлі өзгерістер әкеледі. Инновациялық менеджмент пәні Қазақстан Республикасының ЖОО-да оқытыла бастауы өмір талабымен еріксіз енгізілді. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңі ЖОО-ның студенттерінің және жүйелі білім алуларына талап қояды. Себебі болашақ мамандарға, әр түрлі мемлекеттік, жеке, біріккен және т.б. мекемелердің ұжым басшылары сапалы білімі бар, инновация нарығын сезінетін қызметкерлерді талап етеді. Ал қазіргі таңда, «Инновациялық менеджмент» пәні экономика және инновациялық бағыт бойынша мамандарды дайындау кезіндегі пәндер циклына кіреді және бұл кезеңде ЖОО-нда инновациялық менеджмент пәні бойынша мемлекеттік тілде шығарылған кітаптардың аздығы студенттерге бұл пәнді оқып үйрену үшін көп ыңғайсыздық әкеледі. Осы орайда біз инновациялық менеджмент пәніненен бұл оқу құралын шығарып отырмыз.


Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын пайда табу үшін басқа кәсіпкерлердің тауарына ұқсамайтын ерекше тауар шығаруға ұмтылады. Себебі, ашық нарықтық экономика жағдайында нарықта тауарлардың ассортименті өте үлкен және бәсекелестік соған сәйкес болады. Ал жаңа тауарларды шығару үшін нарықты жақсы білетін инновациялық менеджерлер талап етіледі.
Инновациялық менеджерлер ғылыми-техникалық және экономкиалық-психологиялық потенциалдың иесі болу керек және оларға инженерлік-экономикалық білім де қажет.
Инновациялық менеджерлер инновациялық үрдістің ілгері басуына себепкер болады, олар мүмкін болатын апаттарды болжай отырып, олардың шешілу жолдарын қарастырады.
Инновацияларды қолдану арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикасының үдемелі даму проблемасы бұрыннан бері экономист ғалымдардың көңілін өзіне аударды.
Шетелдік зерттеушілер Р.Кантильон, А.Тюрго, А.Смит, Ж.-Б.Сэй, Р.Акофф, В.Беренс, П.Друкер, Д.Кларк, Г.Менш, М.Портер, Р.Фостер, Й.Шумпетер өндірістік саладағы кәсіпкерлікте инновациялық сипаты бейнеленген заманауи экономикалық қатынастар теориясының іргесін салушылар болып саналады.
Ресейлік А.И. Абалкин, А.И. Анчишкин, Л.С. Бляхман, Т.У. Бунич, С.Ю. Глазерев, Р.А.Фатхутдинов және басқа ғалымдардың еңбектерінде енді қадыптасып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайындағы инновациялық бизнесті ұйымдастырудың сұрақтары қарастырылған.
Ал отандық ғалымдарымыздың арасынан инновациялық әлеуетті, инновациялық стратегияны, мемлекеттік, өңірлік және салалық инновациялық саясатты, инновациялық процестерді басқару мәселелерін зерттеу жұмыстары академиктер Р.Алшанов, У.Баймұратов, Ә.Сатыбалдин, К.Сағадиев, А.Қошанов, О.Сабден, сондай-ақ А.Марков, В.Гончаров, Ф.Днишев, К.Кажымұратов, Д.Мұқанов, С.Әбдіғаппарова, Н.Барлыбаева,А.Саттарова, және т.б. ғалымдардың жұмыстарынан көрініс табуда.
Оқырмандарға ұсынылып отырған «Инновациялық менеджмент» оқу құралы менеджмент саласындағы мамандарды дайындаудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Оның мақсаты – дүниежүзілік және отандық ғылым мен инновациялық үрдістерді басқарудағы жетістіктерді жинақтау арқылы, студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға, ғылыми зерттеу мекемелерінің жетекшілеріне және Қазақстан экономикасының өзге саласындағы мамандарға инновациялық менеджментті игеруге көмектесу. Инновациялық менеджмент пәнін оқып үйренуде саған сәттілік тілейміз – құрметті оқырман!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет