әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі
«6М051700 - «Инновациялық менеджмент»
мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
Емтихан тақырыптарының тізімі
«Инновациялық менеджмент» пәні
1. Инновацияның мәні және инновациялық қызыметтің негізгі қасиеттері
Жалпы инновация түсiнiгi. Инновациялардың жіктелуі. Инновациялық қызметтің ерекшеліктері. Инновациялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары. Ғылыми-техникалық әлеуетті басқарудағы шығармашылықтың рөлі. Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқыны.
2.Инновациялық үрдіс және экономикалық даму
Инновациялық менеджмент басқару процесі ретінде. Инновациялық менеджмент: пайда болуы, қалыптасуы және мазмұны. Инновациялық процестің түсінігі және мазмұны. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері Инновациялық процестің казіргі кездегі құрылымының моделдері. Инновациялық процестерді ұйымдастырудың заманауи әдістері. Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер және ынталандырушы факторлар. Инновацияның дамуының ішкі және сыртқы факторлары.
3.Инновациялық қызмет және инновациялық жобалардың өмір циклі.
Инновациялық қызыметтің өмір циклінің кезеңдері. Жобаларды басқарудың негізгі түсініктері және концепциясы. «Инновациялық жоба» түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері. Инновациялық жобалардың өмірлік циклы. Инновациялық жобаны құрастыру және жүзеге асыру. Инновациялық жобаның бизнес-жоспары. Инновациялық жобаларды iрiктеу және бағалау критерилері..
Достарыңызбен бөлісу: |