09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
4/15
пайда болды. Олардың өзекті екені өз алдына, кейбірінің мәнін түсінбейтініміз анық
көрінді.
«ХХ ғасырдағы тарихымыздың қасіретті тұстарын аттап өтіп, алға жүрейік» дейтін үндеулер
жиі айтылды. Бірақ олай болмайды.
Өткенді жылы жауып қойып, ХХ ғасырда еш қасірет
тартпағандай сыңай танытсақ, XXI ғасырда аяқ астынан
санасы азат ұлтқа, саяси және экономикалық тәуелсіз елге
айналуымыз мүмкін емес.
Тәуелсіздік алған отыз жыл бойы тарихымыз туралы әңгіме қозғап, өткенді саралауға
мұрша бермей, болып жатқан жағдайға баға беріп, ендігі жолымызды анықтауды да кейінге
қалдырғысы келгендер болғаны рас. Алайда, әлемде қазір болып жатқан жағдайдың өзі-ақ
өткен тарихты жылы жауып қоя салудың мүмкін емес екенін көрсетіп отыр.
Біз ХХ ғасырдағы тарихымызға оралуымыз керек, өйткені проблемаларымыз, тіпті еліміздің
қазіргі жағдайы да содан бастау алады. Бір кітапта отарлық және тоталитарлық
тарихымызға байланысты мәселенің барлық қырын қамти алмайтынымыз анық. Бірақ
қозғаған тақырыптар біздің өмірімізге отаршыл ойлаудың қаншалықты дендеп енгенін
түсінуге мүмкіндік береді. Бұл кітап оқырманға елімізде не және не себепті болып
жатқанын ой елегінен өткізіп, жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі деп сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: