09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
1/15
ВЛАСТЬ QAZAQSHA
5138
25 января 2023
Бейімбет Молдағали, Власть
Бейімбет Молдағали, Власть
«Біз онсыз да кешіккен
отарсыздануды тағы
да кейінге қалдырдық»
Қазақстандықтарға отарсыздану процесі неге сонша қиынға соқты?
Қазақстандықтарға отарсыздану процесі неге сонша қиынға соқты?
09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
2/15
Өткен жылдың соңында филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Айнаш Мұстояпованың (Керней) «Бұғауды бұзған қазақ даласы» кітабы екі тілде жарық көрді. Бұл
қазақтардың өміріндегі тарихи жəне мəдени маңызды оқиғаларды қозғап, Қазақстандағы отарсыздану
тақырыбында жазылған санаулы еңбектің бірі болды. Власть автормен кітап туралы, Қазақстандағы
отарсыздану процесі жəне кімдік туралы əңгімелесті.
Кітапты жазу барысында қалай жұмыс істегеніңіз туралы айтып берсеңіз?
Кітаптағы мақалалар мен оның жекелеген үзінділері 2019-2020 жылдары жазылған. Кейбірі
Facebook желісінде, ал кейбірі exclusive.kz ақпарат порталында жарияланған. Бұл
материалдардың өзіндік апробациясы болды. Кейбіреулер сұрақ қоя бастады, қандай да бір
тақырыпта жазуымды сұрады, ал кейбір мәтін әлеуметтік желідегі талқылауға үн қосу
ретінде жазылды. Сұрақ, талас-тартыс, пікірталас болды.
Екі жыл бұрын демеуші Тоғжан Қожалыдан (HAQ қоғамдық бірлестігінің жетекшісі) ұсыныс
түсті. Кітапты бірден екі тілде басып шығару керек деген талап қойдым. Оны аударуға
жарты жыл уақыт кетті. Содан кейін Қаңтар оқиғасы болды, Украинадағы соғыс басталды.
Кітапқа қарайтын мұрша болмады. Кітапты басып шығаратынымыз туралы айтуға да
қысылдым, өйткені болып жатқан оқиғалармен салыстырсақ, бұл түкке тұрмайтындай
болып көрінді. Ақша жинау туралы ойлаған едік, бірақ артынша айнып қалдық. Өйткені
адвокаттарға, қаза тапқандардың балаларына және тағы басқа көмекке мұқтаж адамдарға
жинадық. Бірақ өткен жылдың соңына қарай Тоғжан жобаны аяқтап, кітап басып шығаруды
ұсынды. Кітаптың ерекшелігі – Қазақстанның қазіргі жағдайында жазылғаны.
09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
3/15
Достарыңызбен бөлісу: |