«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» Аналитический интернет-журнал Власть


Таптаурын көзқарастар туралы айтқанда, отарлаудың бір салдары ретінде өзіңе



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата11.11.2023
өлшемі5,66 Mb.
#191007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть

Таптаурын көзқарастар туралы айтқанда, отарлаудың бір салдары ретінде өзіңе
қатысты осындай таптаурындардың пайда болатынын айта кету керек. Көбінесе бұл
жалған болып келеді. Қазақтарда өзіне қатысты қандай жалған көзқарас жиі
кездеседі?
Мұндай таптаурын көзқарас көп. Мысалы, қазақтың жалқаулығы туралы. Мұның қайдан
шыққанын білесіз бе? Малшылардың өмірін бақылаған саяхатшылардан шыққан, олар
мұны ауыртпалық түсірмейтін жұмыс деп көрген болса керек.
Көшпендінің тұрмыс-тіршілігіне көз жүгіртсеңіз, оның табындары мен сан алуан отары
болуы үшін қаншама еңбек пен күш жұмсағанын көруге болады: көшіп қону, сауын, күзем,
төлдету, ет-сүт өнімдерін дайындау, киіз, киім-кешек, аяқкиім жасау. Қазақтар уақыты мен


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
10/15
күш-жігерін өте тиімді пайдаланды. Мал шаруашылығы пайдалы болды, өйткені азық-
түлікті, киім-кешекті, баспананы, бәрін мал беретін. Көшпенді қазақ өзінің шаруашылық
қызметінен қаншама нәрсе алғанын ескерсек, оның жұмысын өте тиімді деп есептеуге
болады. Жылдың әр мезгілі еңбекті қажет етті. Жалқаулық – бізге таңылған баға. Мұны
кеңестік кезеңде де санамызға сіңірді. Қазақстанға қоныс аударғандар саны көбейгенде,
әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін қазақтарды сол аш қалған
жылдары өздерін асырай алатын шахталар мен кеніштерден ығыстыра бастады. Көп
еңбекті қажет етпейтін (осындай көзқарас қалыптасып үлгерді) мал шаруашылығымен
айналысты.
Фото авторы Жанар Каримова
Әңгіме ол көзқарастардың қалай пайда болғанында. Кез келген құбылысты жағымды және
жағымсыз жағынан қарастыруға болады. Кеңестік кезеңде қазақтың әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері төмен бағаланды және жиіркенішті етіп көрсетілді. Қазақтарға таңылған
«понттарды» немесе жағымпаздықты алайық. Біріншісі – кеңес кезіндегі жоқшылықтан
кейін «аса ауыр еңбекпен тапқан» байлықты көрсетуге тырысқан байсымақтардың түсінігі


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
11/15
төмен болуының салдары. Бұлар көзге түсіп тұрады, сондықтан олардың қасиеті бүкіл
халыққа тарайды. Екіншісі – шенеуніктердің айрықша ерекшелігі, ең керек, сұранысқа ие
қасиеті деп айтуға болады. Билікте қалу үшін жағымпаз болуы керек. Бірен-саранын
қоспағанда, онда осындай адамдар ғана өмір сүреді. Жалпақтаудан, көзге түсуден қашып,
жүйеден кеткен мыңдаған адамды көрмейміз. Біз тек жағымпаздар жүйесінен аман
қалғандарды көреміз. Бізде меритократия жүйесі жұмыс істемейді. Оларға үйреншікті
болып кеткен «этикет», патологиялық ашкөздік халықтың оларға деген жеккөру сезімін
тудырады. Ұлтты шенеуніктерге қарап бағаламай-ақ қояйықшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет