Видеоролик «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)
2 жүргізуші: Рахат
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».
2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Сұрақ:
1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.
2. Кімді жиі ренжітеді?
Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.
3. Қаталдық көрсетудің себебі?
Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?
Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.
5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?
Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?
Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?
Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.
3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)
1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.
2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Біздің ойымызша ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі балаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.
3-топ:Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
«Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек.
1 жүргізуші: Жанэль
Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
4 сұрақ: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)
1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,
2-топ: жанұядағы мүшелердің бір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балаларына деген үлгі өнегесі, балаларының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.
3-топ: жанұяда ата дәстүрдің сақталуы, атаны тыңдау, әженің қадір қасиетін түсіну, ата-әжені ардақтау, әке ұлына, ана қызына дос, ақылшысы болса.
2 жүргізуші:Рахат
Егер әрбір отбасы осы қасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.
1 жүргізуші:
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. «Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Олай болса қазір балалар, «Бала құқығы» ағашын жасайық.
1) Ең бастысы – 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.
2) Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
3) Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.
4) Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
5) Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.
6) Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
7) Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
8) Бала мектепте кінәлі болғанда оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
Видео көрсету
1-топ: Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту, аяушылық таныту керек, достықта болу керек.
2-топ: Адамдар бір-бірін құрметтей білу, қайырымдылық көрсете білу керек.
3-топ: Адамдар бір-біріне шыдамдылық, төзімділік таныта білу керек.
2 жүргізуші: Рахат
Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.
III. Қорытынды. (слайд «Менің Қазақстаным» )
1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.
2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.
3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.
4. Елде бейбітшілік орнасын.
5. Данышпандардың саны көбейе берсін.
6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
7. Сыр елдермен достығымыз нығая берсін.
8. Экономикамыз өрге бассын.
9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.
10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.
11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.
12. Отандық өнер кәсіп дамысын.
13. Жастарымыз білімді, мықты болсын.
«Туған жер» атты ән. Орындайтын:
«Қатыгездік пен зорлық, зомбылықсыз бақытты балалық шақ»
атты тақырыбында өткен тәрбие сағатына анықтама.
Өткен күні:16.11.2023 жыл
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.
Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының барысында I. Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты үш топқа бөліп, «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастадық.
II. Негізгі бөлім.
1.Топтарға тапсырмалар беру арқылы «Бейбітшіл ел – Қазақстан» атты елдің моделі құрылды, ол үшін:
А) Күн : Бақытты балалық шақ деген не? Күн шуақтарына ойларын жазады.
Ә) Видеоролик көрсетілді. (жетім бала туралы). Оқушыларға өмірде қатыгез адамдардың бар екендігі түсіндірілді.
Б) Бұлттар: Зорлықтың қандай түрлері бар?
В) Ашық аспан: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не керек?
Г) Шаңырақ: Жанұяларыңыздың қандай болғанын қалайсындар?
Д) Тал: «Бала құқығы» ағашын жасаңдар, қаңдай құқықтарың бар?
2. 16 қараша – толлеранттылық күні екенін айта кетіп, «толерантты тұлға» қандай болу керек деген сұраққа жауап алу.
III. Қорытынды бөлім.
Міне, осындай болу керек Қазақстан! деп , «Менің Қазақстаным» атты слайдты көрсете отырып, Қазақстанның қандай ел болу керектігін оқушылар ойларын айтып қорытындылады.