Біздің позиция:қостілділіктің қажеттілігі мен біз үшін жағымды жақтарын ашық жеткізу. Тілді білу оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды



бет2/4
Дата02.12.2022
өлшемі20,75 Kb.
#160889
1   2   3   4
Байланысты:
дебат аянат

Аргумент: Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Ә. Марғұлан сияқты талай тарландарымыз қанша жерден Ресей топырақтарында білім алып, сол империяның қысымын көрсе де, ана тілін көкке көтерген. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйретеді.
Сөзіміздің растығына көз жеткізу үшін ғаламтордан Дариха ҮМБЕТИЯРОВА журналистінің мақаласынан Жаңатас қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Тоғжан Әлиевамен мұғалімінен алған интервьюін мысалға алған болатынбыз.Сонда мұғалім осындай жауап қайтарған болатын:

  • Негізінде бала жастан тілді базалық деңгейде үйрене білсе, болашақта кәсіби деңгейде меңгеру оңайырақ болады. Бүгінде мектеп қабырғасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімдерін дамытып, тәжірибе шыңдауда. Босқа даурықпай нақты істерге көшетін кез келді. Тарих көшінен қалмас үшін сол кездегі өзгерістерге ере білу керек, -деп ашығын айтты.

Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесі заман сұранысына лайықты азаматтар тәрбиелеуді көздейді. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.
Қорытынды сөз: Шынымен де қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Әлем бойынша екінші ұстаз саналатын, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби 76 ұлттың тілі білгендігіне қалай тәнті болмассың. Ал, талай жалынды жырларымен рух берген, дауылпаз ақын Махамбет пен нағыз ұлт жанашыры Шоқанның да сауатты болғанын, бірнеше тілді еркін меңгергенін білеміз. Бір туар Абай орыс-қазақ тілдерімен қоса парсы, араб тілдерін де жетік меңгерген. Бірақ, олардың барлығы ең әуелі отбасыларынан алған қазақи рухпен сусындаған. Ұлттық рухани байлықтың, ана тілінің нәрлі уызына жетіліп өскен. Міне, осындай ортада қалыптасып өскен бала ешқашан өзге жерде жүрсе де, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазбайтын рухты болып өсері хақ.
Президенттің өзі, жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық ретінде тануы керек дейді. Мәселен, Швейцарияда таксидің әр жүргізушісі бес тіл білуі тиіс. Мұның өзі ештеңе емес, жастар меңгеруі тиіс екен. Міне, өзге тілді білу арқылы сол елдерге өз мақтаныштарымызды кеңінен танытуымыз керек дегенді білдіреді емес пе?!
Үш тілділікті қазақ тілін төмендету емес, керісінше, өсіру, қолдану аясын кеңейту, мерейін көтеру деп түсінгеніміз жөн болар.

Оппозиция:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет