Біздің позиция:қостілділіктің қажеттілігі мен біз үшін жағымды жақтарын ашық жеткізу. Тілді білу оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды



бет4/4
Дата02.12.2022
өлшемі20,75 Kb.
#160889
1   2   3   4
Байланысты:
дебат аянат

Аргумент: Мәжбүрлі түрдегі қостілділік ұлтаралық алауыздықтарды қоздырып, оның қайнар көзіне айналады; қоғамдағы антогонистік қайшылықтарды күшейтіп, бір ұлттың екінші бір ұлтқа басымдығын жүзеге асырып отырады. Мұның соңы сөйлеушілердің бір бөлігінің, немесе толықтай ана тілін тастап, екінші тілге ауысуына, мұның аяғы өз тілінің жойылуына, ұлтының ассимлияцияға ұшырауына алып келеді. Демек, қостілділік ана тілінен екінші бір тілге, яғни өз ұлтынан басқа бір ұлттың рухани әлеміне өткеріп жіберетін көпір рөлін атқарады. Ғалым Дэвид Кристал «Тіл ажалы» атты кітабында бір тілді, немесе ұлтты жоқ қылып жіберу үшін оларға қостілділікті енгізсе, жетіп жатыр деп, жазыпты. Сонда сөйлеушілерінің саны көп басым, яғни басқыншы тіл өзінен әлсіз тілді ассимилициялап, жұтып жібереді екен.
Ал бізде ше, «Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын» деген Сұлтанмахмұт Торайғыров бүгінде бізбен болса не етер еді ?! Тіл мәселесіне бей-жай қарауға болмайды. Украинадағы саяси жағдайларға назар салсақ бұл ұлттық дәрежедегі мәселе екенін байқаймыз.
Қорытынды сөз: Сонымен бірге, қазіргі заманымыздағы өзіміздің мемлекетімізді басқарып отырған депутаттарды мысалға алайық. Кез келге мәжіліс немесе республикалық жиналыстарда ондағы депутат кеңесшілер өз ойын орыс тілінде білдіреді. Әрине, орыс тілі ресми тіл болып табылады. Бірақ дәл осы сәттерде қазақ елі үшін неге толықтай қазақ тілінде сөйлесмеске? Сонымен қатар, қазіргі қоғамда медициналық көмек немесе оқуға баратын болсаң, қала транспорттарына отыратын болсаң, айналаңдағы адамдардың барлығы тек орысша сөйлеп,жауап береді. Неліктен айналамызда мұндай жағдайларға тап боламыз? Сондағысы қарапайым халық пен қоғам өзінің ана тілінде сөйлеуге ұялғаны ма? Немесе өзге тілдерді құрметтеп, соны дәріптеуі ма? Міне осындай қарапайым мысалдарды айта отырып, еліміздегі өзекті тіл мәселесін ұзақ тақырыптарға дейін ашуға болады.
Егер осы бағытта барлығы жалғасып, қоғамда көптілділікті қолдап, жоғары қоятын болса, еліміздің патриоттық сезіміне, дамуына, қазақ тіліміздің өзге мемлекеттерге танылуына да жол болмай, қазақ тіліміздің мүлдем жойылып кету мүмкіндігі ашылады. Ал тіл болмаса, ұлт та жойылып кетеді.
Ахмет Байтұрсыновша айтқандай «Халықты құрту үшін алдымен оның тілін құртады» деген сөзі манадан бері шиыршықтап отырған сөздерімізге бір-ақ ауыз жауап емес пе?!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет