ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013
|
ПОӘК
«Әдебиеттіжоғары мектепте оқыту әдістемесі»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______ 2013 жылғы
№ 3 басылым
|
6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы»
Магистранттарға арналған
«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ 2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Магистранттардың өздік жұмысы
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин.
Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы. Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі.
Әдебиет теориясы - әдеби шығарманың табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.
Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар.
Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар).
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы.
Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.
Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбегі.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.
Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі.
Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.
Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру) – көркем өнер немесеәдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту.
Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғылым.
Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.
Инновациялық әдістеме - инновациялық әдіс-тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.
Модуль - оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік. Модульдік оқу - білім мазмүнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы мен әдісі.
Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін
(фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмұн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.
Эмфазалық екпін-сөзішінде дауысты дыбысты созып,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін құбылысын беретін жағдайды айтамыз.
1-дәріс.Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы.
Сабақ жоспары:
1. Әдебиетті оқыту тарихының даму кезеңдерін саралау;
2. Әдебиетті оқыту әдістері, оның түрлері мен әдістерді негіздейтін принциптерді ажырату.
Сабақтың мақсаты:Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы,әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында үш түрлі мектеп қатар өмір сүрді. Олар: Жадит мектебі, медресе, Ы.Алтынсарин мектебі. Ыбырай Алтынсарин мектебі демократиялық оқу-ағарту жүйесінен туған халық мектебі саналды. Ұлы ағартушының мектептері халық ағарту ісіндегі зор тарихи жаңалық болды. Оқу жүйесіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалықтың тарихи маңызы зор. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы орыс халқының прогресшіл педагогтары КД.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов, В.Я.Стоюнин тәжірибелерімен тығыз байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов, С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
1970 - жылдан мектепте әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен теориясының оқытылуы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық озат тәжірибе, оның халыққа таралуы, насихатталуы қолға алынып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруге байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүре бастады. Бұл істе "Қазақ мектебі", "Қазақтілі мен әдебиеті", "Білім" журналдары, "Қазақстан мұғалімі" газетінің ролі зор.
Қазіргі кезеңде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған ғылыми-методологиялық республикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізіліп отырады. Жаңа оқу бағдарламасына көшуге сай өткізілетін курс, семинарлардың маңызы да зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете оқытатын арнаулы мектептер, гимназия, лицей, атаулы мектептердің ашылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж.
Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995ж.
Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі, 50 б.
2-дәріс. Қазақ әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысы.
Сабақ жоспары:
1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы
4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдарымен байланысы.
Сабақтың мақсаты: қазақ әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысы жөнінде түсінік беру.
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік–экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар, серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге , бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мектептерде әр сыныпта сабақты түрлі пәндермен байланысты оқытудың жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру баланың ойлау белсенділігін арттырады, оқушыларды құбылыс мәніне терең үңілуге, мүмкіндіктерін нақты жағдайда қолдануға үйретеді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру оқушылардың шығармашыық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеру үнемі ғылымдар жүйесінің бір –бірімен тығыз байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланысты жан–жақты педагогикалық–психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр.
Бұл мәселемен көптеген ғалымдар: М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, В.Н. Малахов, Я.А. Коменский, Н.Г. Чернышевский шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қалыптастырған. Пәнаралық байланысты жан-жақты қарастырғандар: Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, М.Р. Львов, Н.Я.Велинкиндер болды.
Республикамызда пәнарлық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: Қ.Мұханов, С.Мұсабаев, А.А.Бейсенбаева, Р.Абасова тағы басқалар болды.
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттардың , құбылыстардың бірімен –бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен –бірі байланыста болады.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір –бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір- біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық, рухани ортақ белгілерін бір –бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір –бірімен салыстыру, ортақ заңдарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез –құлқының қағидасына айналуы керек.
Пәнаралық байланыстарды тәрбиелеу функциясы оқушыларды диалектикалық–материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Осыған сәйкес мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттеріне тоқталсақ.
1) Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2) Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру , пәнаралық байланысты орнату мүмкігндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану.
3) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі.
4) Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
5) Пәнаралық байланыс мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріп келеді. Осыған орай , ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етушімұғалімдердің ізденістері жүйеленген, қорытындыланған жаңа пәндердің оқу –тәрбие үрдісінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен көрінеді.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- ол оқыту үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.
Білім оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр алуан әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық қарым –қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады.
1) Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім.
2) Дүниені логикалық –танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің әдіс –тәсілдері туралы білім.
3) Оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.
Пәнаралық байланыстың қай түрін, қалай жүзеге асырудың жолдары алуан түрлі және оны талдау, көп жағдайда, мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне ізденісіне де байланысты.
Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Сауат ашу мен тіл дамыту, айналамен таныстыру пәндері о бастан –ақ бір–бірімен пәнаралық байланыста жүргізіледі.
Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалы басқа кейбір пәндердің тақырыптарымен өте тығыз байланыста болып келеді. Бұл жағдайда сабақтың өң бойында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқушыларды қоршап тұрған дүниені тану жолының бір көрінісі.
Міне осы жолмен қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет негіздерімен қаруландырып мұғалім өз оқушыларын өмірге дайындайды. Бір жерде тоқырап тұрып қалу немесе аршындап алға басу сабақ кезінде оқушыларға білімнің тиянақты жинақталуына байланысты екені даусыз нәрсе.
Әр сабақта оқушылар өздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен скерлікке ие болады. Сондықтан мұғалімдер мектепте оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетуі қажет.
Оқу пәндерінде қарастырылған табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді.Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарыс қызметі өте маңызды.
Адам баласының ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін қолы жеткен ғылыми табыстарының қорытынды нәтижелерімен танысады.
Сөйтіп, оқушылардың білімі молаяды, дүние танушылық қабілеті артады, ақыл-ойы парасаты дамиды, тәрбиеленеді.
Осының негізінде оқушылардың өз дәрежесіне сай адам қоғамы мен табиғат дүниесінің әр алуан сырларын біліп шығуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж.
2. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995ж.
3. Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі, 50 б.
3-дәріс.Жоғары мектепте сабақ өткізуге қойылатын талаптар.Дәріс, семинар сабақтары.
Сабақтың жоспары:
1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.
2. Дәріс, семинар сабақтары.
Сабақтың мақсаты:Жоғары мектепте сабақ өткізуге қойылатын талаптар. Дәріс, семинар сабақтары туралы түсінік беру.
Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру. Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с.) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады. Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек. Конспект мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайьщдалуда тірек материалдары ретінде көмек береді. Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студештерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіл жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Студенттерді қысқаша лекция жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы. Лекция мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады. Лекция сапалылыгын бағалау Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушыньщ лекцияны оқу сапасын бағалайды. Лекцияны бағалау критерилерінің негізгі түйіндері: оның мазмұны, әдісі, студенттер жұмысына жетекшілік, лекторлық дарын, лекцияньщ нәтижелілігі. 1. Лекцияның мазмұны: ғылымилығы - қазіргі кездегі ғылымның дамуына, жетістігіне сәйкестілігі; саяси бағытгылығы - дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрактарды ажырата біліп, оларды түсіндіру; ойлаудың белсенділігі - мәселелік сұрақтар қою және пәнаралық байланыстарды анықтау; Лекция мен окулық арасындағы байланыс, яғни оқулықта жоқ материалдар беріле ме, әлде оқулық бойынша айтылып жатыр ма? Қиын сұрақгарды талдау, ерекше токталу, жекеленген метериалдың бөлімдері бойышпа студенттерге өз бетінше тапсырма беру. Пәнішілік және пәнарлық байланыстар. 2. Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымы, қисыны (логикасы), жоспары, әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді беру, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытыңдылар, оларды ажырата білу, көрнекілік құралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану. Қорытындылауда сұрақтарды қайталау, бақылау, тексеру сұрақтары, лекцияның соңында бүкіл лекция материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау. 3. Студенттер жұмысына басшылық - лекция, конспектілерді жазуды талап ету, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру. Конспектілерді семинар сабағында, лекцияньщ соңында тексеріп отыру. Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану. 4. Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауысырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-езі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе'? білуі, аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі. 5. Лекцияның нәтижесі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа жетуі. Лекция оку барысындағы лектордың міндеті: - студенттердің танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау; материалды өңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау: Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады. Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген семинар Арнайы семинар Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады. ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін. Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі. Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді. Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын өткізгенде оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда: Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу; Оқытудың гылымшыгы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа техноло-гаялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру; Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу; Теорияның практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критерийлер: мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру; жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу; ұйымдастыру - пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттердің жауаптарына талдау жасау; семинарды жүргізу стилі - белсенді; оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара сын; топты басқару - оқытушыньщ топта өзін-өзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б. Оқытушының қорытындысы - кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше; Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше. Кептеген жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер ұйымдастырылады (мамандьщқа байланысты). Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар - оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын сипаттайды. "Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен анықталады. Кез-келген практикалық жұмыстьщ маңызды жағы жаттығу болып табылады, яғни негізінен есептерді шешу, графикалық жұмыстар, ғылымның негізгі ұғымдарын нактылау.
Достарыңызбен бөлісу: |