Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі 1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері



бет1/2
Дата05.10.2023
өлшемі26,89 Kb.
#183864
  1   2
Байланысты:
stud.kz-77619


  1. САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері

«Сауат ашудың негізгі мақсаты — оқу, жазу дағдысының негізін қалау; балаларды тындауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстык, құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту». Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы — фонетика болып табылады. Адам баласының тілі — дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары — әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі.


Егер сөздер — дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі:
1) қатынас құралы;
2) пікір алысу құралы;
3) танымдық құрал;
4) ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады. Тілдің дыбысталу жағы — сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. "Сөздік пен грамматикалык құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын", оның физикалық формасын құрайды деуге болады. Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел — дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі. Тілдегі лексикалық, грамматикалық кұбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық күбылыстармен әрдайым байланыста, карым-қатынаста, яғни бір дыбыс тірекесімен айтылады. Сонымен тілдің барлык жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады. Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нөтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру — ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді кажет етеді. Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялық нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады. Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін колданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады. Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау кызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, о, о, о, е, ы, і, ү, ү , е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. "У" дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау т.б.); ендеше, "у" бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады. Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа:
1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады;
2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады;
3) созып айтуға келеді.
Ал дауыссыздарды айтқанда ауа:
1) кедергіге ұшырайды;
2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады;
3) созып айтуға келмейді.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым — дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді — деп, айқындаған болатын. Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену — сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді. Мұғалім тілдің артқы тандайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар — дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, "р", "с"). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін ("д", "т"), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан ("һ") дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады. Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену — сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем кұрастырып, оз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды. Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан өріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, ө, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы , ү, ү, о, о, п , р, с, т, у, ф, х, һ, ц , ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ. Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (гр. Созі огіһоз — тура, дұрыс, ероз — сөйлеу) деп аталады. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылык жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді- Аманкедді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы- басшы, баралмай-бара алмай т.б.).Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп түрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен үяң дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық, буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы. Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ казақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен түйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б.). Сөздің ауыспалы, келтіріңкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдсрі аркылы беріліп отырады. Метафора (гр.— теі, орога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр.— теіопушіа атын ауыстыру) — заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай. Синекдоха (гр.—sупеkdосһа) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, Басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет