Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. http://www.izden.kz/referattar/pedagogika/203 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz
4- Дәріс.Әдебиетті оқыту әдістері.
Сабақтың жоспары:
1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері.
Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)
-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)
-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)
-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969 ж.
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997 ж.
3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999 ж.
5- дәріс. Жоғары мектепте көркем шығарманы оқыту.
Сабақтың жоспары:
1.Көркем шығарманы оқыту
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
Сабақтың мақсаты:Жоғары мектепте көркем шығарманы оқыту жолдарын меңгеру.
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны
дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.
Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді .
М..А. Рыбникова.
Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқынаЖолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Өйткені,Ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті,психологиялық, тұғырламалық мәднеи – рухани көзқарастарға құрылса құндылықтарға құрылған.ұлттық таным, ұлттық рухани гуманистік сананы (адамгершілікке сананы қалыптастырса негіздеу) қалыптастырады.бірлесе отырып:қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету,Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы.
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
- көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
Образ бойынша;
Тақырыптық;
Тұтас;
Автор ізімен.
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауапберсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
6-дәріс. Студенттерді мәнерлеп оқуға төселдіру.
Сабақтың жоспары:
1.Мәнерлеп оқудың түрлері
2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.
Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
Қазақ тілі - әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті мүмкін дәл осы әуезділікке келіп тірелетін шығар... Жанымызды ерекше күйге бөлейтін музыка секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге апаратын құдіреті бар.
Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды, біреулер...... мәнерлеп оқиды. Осы сөзді мектеп қабырғасынан естіп, онымен таныс болсақ та, оны бәрінің ұғымындағы бір сөзбен айтып түсіндіре алмаспыз. Әркімнің түсінігінде ол әрқалай. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да өлеңді мәнерлеп оқимыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп оқу дегеніміздің өзі не? Ол да бір заңдылыққа бағынары даусыз.
Мәнерлеп оқу дегеніміз-дауыс интонациясы арқылыавтордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу,ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.Оқушылар шығарманың көркемдігін және әсерлігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай,жан-жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуі тиіс.Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін,оқушы шығарманы оқығанда,қалай демала білу керек,дауыс қалай шығуға тиіс,дикциян қандай болуы қажет-осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн.Өйткені,мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып,дұрыс дем ала білудің мәні зор.Өкпедегі ауаны сарықпай,оқу үрдісіндеүнемі дер кезінде дем алып,ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп,дұрыс оқи алуына жағдайы бар.
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын –интонация.Интонация дегеніміз-сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмен деуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |