«Біздің тұңғыш Президентіміз» сценарий. 1- жүргізуші Азамат



бет2/4
Дата26.02.2022
өлшемі19,54 Kb.
#133463
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
0003504f-1456efe7 (1) (2) (1)

1 АЗАМАТ Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. ҚР Гимні орындалсын.

2- ШАХРИЗАДА Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз Сәулет құрылыс және көлік факултетінің Тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Артықбаев Дархан Жақсылықұлына беріледі. ( кезек кезек айтып кетесндер сразу)

1-АЗАМАТ. Деканымыздың орынбасары: Жақсылықов Нұржанға беріледі.
2-ШАХРИЗАДА Сәулет құрылыс және көлік кафедрасының меңгерушіс:Шапалов Шермахан Құттыбайұлына беріледі.

1-АЗАМАТ:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Елбасымыз жайында топ студенті Қарақат баяндайды ( прзентация)
МӘНЕРЛЕП ОҚУ: Амирхан Аяулым және Жетибаев Адилхан

2-ШАХРИЗАДА
Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған қазақ тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын адамның сұрақтары да сол туралы болады.
Елбасының жүрген жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.
1-Азамат
Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы туралы Бекасыл пен Жанерке баяндап береді.
Бекасыл 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)
Жанерке.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Бекасыл.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдайды (3-слайд)
Жанерке.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (4-слайд)
Шахризада

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет