Бәсекелестерді талдау Шағын бизнесті ашудың барлық оң және теріс жақтарын өлшеу және өз ісін ашу туралы соңғы шешім қабылдағаннан кейін, таңдалған саланы талдауға көшу керек. Осы кезеңде, сіздің бәсекелестеріңіз турады толық ақпарат жинау керек.
Бұл үшін әрбір бәсекелестің карточкасын құрастыру керек. Мұнда сіз өзіңіз үшін маңызды тармақтарды жазып отырасыз. Ағылшын тілі мектебі үшін карточкаға: орналасқан орны, жұмыс жасаған уақыты, тілдер саны, оқытушылар саны және т.б. жазылады.
Есте сақтаңыз: жергілікті жердегі барлау ғана сізге бәсекелес туралы толық түсінік береді. Осы кезеңде барлық мектептерге барып, өзіңізге қажетті ақпаратты біле аласыз. Кемшіліктері мен мықты жақтарын анықтау үшін әр мектептегі бірнеше сабаққа қатысқан дұрыс.