Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек



бет3/6
Дата27.11.2023
өлшемі32,49 Kb.
#193709
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f60a346bd2d5dd

5. Маркетинг жоспары
Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:

  • шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ); өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;

  • бәсекелестердің қандай әрекеттерінен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттің стратегиясының басты элементтері;

  • технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер); ұсынылған өнімге бәсекелес болатын жаңа өнімдерді жасау туралы деректер;

  • өнім бағасын негіздеу (сапа талаптарын, өзіндік құн талдауын есепке ала отырып );

  • өнімді өткізуді ұйымдастыру : өнімді тарату каналдары, өткізу жүйесін тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;

  • тауарды өткіщзу туралы келісім-шарттар мен ниет шарттарының бар екені;

  • өнімді өндірер алдында, өндіріс басталғанда және өткізу кезеңдерінде жарнамалау бағдарламасы;

  • жарнамаға, өнімді тарату және өткізуге қажет шығындарды бағалау.

6. Өндіріс жоспары
Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.
Бөлімді жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :

  • заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндірістік әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі және т.б.);

  • жобаны жасау және іске асыру тарихы, оның маңызды күндері;

  • жүргізілген зерттеулер мен ізденулер (қашан, кім, кіммен, кімнің тапсырысы бойынша);

  • жобаны іске асырудың барысы бойынша, қазіргі жағдайы туралы ақпарат, оның неліктен бітпегендігін түсіндіру;

  • дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен ізденулерге қажет шығындар туралы ақпарат – егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтін болса.

Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет :

  • жобаны жүзеге асыру жері ( таңдауды негіздей отырып) және құрылыс алаңы, олардың ерекшеліктері, климат, көліктік, инженерлік, әлеуметтік, инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндіріс алаңдарының барлығы және олардың жағдайы, фискалды және заңдық тәртіп және т.б.;

  • өндіріс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндіріс технологиясы және оны таңдаудың негіздемесі, керек инженерлік құрылыстар, өндірістік активтердің басты басты түрлері (жабдықта және т.б.), оны жеткізушілер, жеткізу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы;

  • материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикізат, қосымша материалдар, бөлщектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.), қорларды жеткіщушілер, оларды таңдау негіздері, жеткізу шарттары, шамалы бағалары, басқа да ықтимал шикізат пен материал қорлары;

  • ұйымдық құрылым мен басқарудың басты элементтері;

  • жұмыс күшінің қажетті құрамы, саны, құрылымы, адам ресурстарының барлығы және құны, кәсіби даярлаудың қажеттігі және мұмкіндігі;

  • жоба бойынша жұмыстардың сметалық құны, оларды жоспарлау – құрылыс, монтаждау, эксплуатацияға енгізу және жабдықты жобалық қуатқа жеткізу мерзімі (әр кезеңді іске асыруға кетеін шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспар);

  • жобаны уақытында жүзеге асыруға арналған маңызды шаралар;

  • қарастырылып отырған тауардың сапасы бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жасау, сапа мен сенімділіктің қажетті деңгейіне жетудің нақты сипаттамасы;

  • шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару және негіздеу;

  • жобаны іске асырудың экологиялық салдары, экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет