ҚАЖЕТТІ ІСКЕРЛІК
ҚҰЖАТТАР БАСҚА ДА ТУРАЛЫ
Бизнес-жоспардың құрылымы
Ұсынылып отырған бизнес жоспар құрылымы 8 бөлім және қосымшадан тұрады. Мұндай бизнес жоспардың
құрылымы ең қарапайым, әрі оңай түрі болып табылады. Сонымен бизнес жоспардың құрылымына қысқаша тоқталатын болсақ, ол:
Түйіндеме
Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері Обьектінің сипаттамасы
Маркетинг жоспары
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері Қаржы жоспары
Тәуекелділікті бағалау Қорытынды
Бизнес жоспар қысқаша ақпарат беретін түйіндемеден басталады. Негізінен түйіндеме әрқашанда бизнес жоспардың негізгі бөлімдері аяқталып болған соң жазылады. Бірақта бизнес жоспардың бастапқы бөлігі болып табылады. Түйіндемені жоба (жоспар) туралы жарнама ретінде де қарастыруға болады. Өйткені бұл бөлімде бизнес жоспардың негізгі қөрсеткіштері беріледі. Сондықтанда түйіндеме мынадай ақпараттарды қамтиды: қажетті қаржы (несие) көлемі, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, жобаның тиімділігі, жобадан түсетін пайда (жалпы тиімділігі) және т.б.
Бизнес жоспардың бұл бөлімінде қарастырылатын мәселелер: жобаның басталу мерзімі, кәсіпорынды тіркеу, несие алу, бизнеске қажетті орынды (ғимаратты) іздестіру, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді жолдау және маркетингтік іс-шараларды өткізу.