Әлеуметтік бағыттылығы мен даму мүмкіндіктері:
Жергілікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жобаның маңызы көрсетілуі тиіс; Даму мүмкіндіктері яғни басқа өңірлерге және шет ел нарығына шығу мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.
Нарық пен маркетинг кезкелген бизнес үшін шешуші фактор болып табылады. Өйткені тұтынушы болмаса өнім өндірудің де мағынасы да жоқ. Сондықтан да бизнесті бастамастан бұрын нарықты зерттеу ең басты мәселе болып табылады. Осы себептен бизнес жоспардың бұл бөлімі ең күрделі әрі көлемді бөлім болып табылады.
Бірінші кезекте нарықтың сиымдылығы мен тауардың жалпы құны туралы мәліметтерді жинап өңдеуді талап етеді. Өйткені ұсынылып отырған тауар немесе қызмет көрсетуге қатысты сұранысқа тауардың бағадан өзге әсер ететін факторлар бар. Мысалы, тұтынушылардың демографиялық, әлеуметтік, мәдени сонымен қатар экономикалық (инфляция, халықтың табысы мен тұтыну шығындарының деңгейі және т.б.) жағдайы секілді факторлар. Екінші кезекте, сатылатын тауар немесе қызмет көрсетуден түсетін табыстар мен бизнесті ұйымдастыру және жүргізуге қатысты шығындардың өтелуі мәселесі. Сондықтан да осы және нарыққа қатысты өзгеде ақпаратты экономикалық талдау мен жоспарлау бизнесті жүргізудің анықтаушысы болып табылады.
Бұл бөлімде бизнеске қажетті құрал-жабдықтар туралы акпарат беріледі. Дәлірек айтқанда, олардың техникалық көрсеткіштері, өндірістік мүмкіншіліктері мен қуаты сипатталады. Бизнесті (өндірісті немесе қызмет көрсетуді) ұйымдастыру мен жүргізуде қолданатын барлық құралдардың саны мен құны көрсетіледі.
Бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымдастырылып отырған істің қаржысы туралы мәлімет беріледі. Ол, түсетін табыс көлемінің болжамын, капиталдық және ағымдағы шығындардың көлемі, ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды.
Бұл бөлімнің мақсаты бизнесті жүргізу барысында кездейсоқ тап болатын тәуекелдерді алдын ала анықтап, олардың шешу жолдарын көрсету болып табылады. Мысалы, нарықтағы жағдайдың өзгеруінің нәтижесінде өндіріліп немесе көрсетіліп отырылған қызметке деген сұраныс төмендеуі мүмкін. Сондықтанда кәсіпорын үшін тауардың немесе қызметтің болама түрін ойластыру қажет.
Жобаның бұл бөлімінде бизнес жоспар туралы қорытынды мәлімет беріледі. Жобаның экономикалық, әлеуметтік маңызы көрсетіледі.
Бизнес жоспардың қосымшасында келісім шарттардың көшірмелері, сертификаттар, патенттер, өндіріс (қызмет көрсету) технологиясын сипаттайтын техникалық құжаттардың көшірмелері, сызбалар, үлкен көлемді кестелер, суреттер, экономикалық-қаржылық есептеулер мен қарастырылып отырған бизнес жобаға қатысы бар басқада құжаттар беріледі.
© 2018 www.buisness.startinfo.kz
Сайт материалдары авторлық құқық заңымен қорғалады..
www.buisness.startinfo.kz сайттын материалдарын пайдаланған жағдайда тікелей, активті, көрінетін іздеуіш сілтемені қолдану МІНДЕТТІ
kazstartinfo@mail.ru Коммерциялық ұсыныстар үшін тел.
Сайттың контентінде 18 жасқа толмағандарға арналмаған материалдар болуы мүмкін.
https://startinfo.kz/buisness/biznes_jospardin_kurylymy/
/3
Достарыңызбен бөлісу: |