1. Бизнес-жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.
Барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды. Инвестициялық шешімдер – ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді.
Инвестициялық шешімдер белгісіздікпен және тәуекелмен байланысты, сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдануды керек етеді(тәуекелдерді талдау).
Инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тәуекелдерінің минимизациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға неізделуі керек(шынайы және кешендік).
Достарыңызбен бөлісу: |