Қазіргі таңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің бір бағыты – қаржылай емес қолдау көрсету. Еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар аудан орталықтарында жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында бизнеспен айналысуға қажетті кеңес беріп, арнайы құжат жинауға көмектеседі. Сонымен қатар, мамандар бизнес жоспар құрып, жобаның толық жүзеге асуына дейін сүйемелдейді.
Қызығушылық танытқан азаматтар Өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздерін үйрететін арнайы курстарды оқып, мамандардың көмегіне жүгіне алады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мекенжайын мына сілтеме арқылы алуға болады.