Бизнес-ойлау психологиясы


Не қажет Бұл қанша тұрады (қаржы ресурстары)



бет102/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

Не қажет

Бұл қанша тұрады (қаржы ресурстары)

Кеңсені жалға алуға болады, қала шетінде, 3 адамға

айына 60-80 000 теңге

Машинасы барн жүргізуші- курьер немесе курьерлік компанияның қызметі

айына 80 000 теңге немесе тапсырысқа 500 теңге

Және т.б.






Зияткерлік ресурстар – бұл Сіздің қызметкерлеріңіздің білімі, біліктілігі, білім деңгейі, жаңа технологиялар, лицензиялар, авторлық құқық, бағдарламалық жасақтама, нарық, бәсекелестік туралы білім және т. б.
3-тапсырма
Алдымен сіздің бизнесіңізді ашу үшін Сізге қандай білім мен дағдылар қажет, (сіздің немесе сіздің әріптестеріңіздің), сондай-ақ, қандай технологиялар, және оларды қайдан алуға болады делік. Сізде мынадай кесте шығуы керек.



Білім (қайдан алу керек)

Дағдылар (қайдан алу керек)

Технологиялар (қайдан алу керек)




























Сондай-ақ зияткерлік ресурстарға мыналар жатады:



    • сауда маркалары – яғни тауарлардың белгілері - сөздік немесе графикалық. Бұл өнімдердің брендтері, логотиптер, слогандар;

  • авторлық құқықтар – сіздің шығармашылық қызметіңіздің нәтижесінде құрғаныңыз -бағдарламалар, фильмдер, музыка, веб-сайттар және т. б.;

  • сауда құпиялары – өндіріс құпиялары, құнды ұсыныстар, бірегей технологиялар, байланыстар, ингредиенттер; формулалар және т. б.;

    • келісім-шарттар – яғни сіз және сіздің серіктестер туралы барлық бизнес-ақпарат, бағалар, шарттар және т. б.;

  • патенттер – яғни сіздің өнертабыстарыңыз бен жаңа технологиялар.

Ресурстардың келесі түрі – адами, бірақ бұл туралы біз қызметкерлерді басқаруға арналған жеке сабақта сөз етеміз.


Бизнестің уақытша ресурстары немесе резервтері өте шектеулі. Бұл ресурс түрі бірегей: оны жинақтау мүмкін емес. Оны ішінара жұмсауға немесе пайдалану кезеңін созуға болмайды.
Ресурстардың соңғы түрі туралы нақты айту қиын болса да, уақыт – кез келген бизнестің негізгі ресурсы. «Уақыт – ақша» деген белгілі мәтел естеріңізде ме? Бизнестегі іс-әрекеттеріміздің әрбір нақты кезеңіне көп уақыт жұмсаған сайын, соғұрлым ол бізге қымбат. Не жақсырақ: екі апта ішінде жобаны 100 000 теңгеге оны қайта жасауға болмайтындай етіп жасайтын жақсы маманды жалға алу, немесе дәл сол жұмысты екі ай жасайтын 50 000 теңгеге делдал қызметкерді жалға алу керек пе? Арзанырақ болған сайын тиімді деп көрінуі мүмкін басында. Бірақ, әлеуметтік желілерде сіздің тауарыңызды жылжыту менайналысуға тиісті SMM-маманды жалдадық дейік. Кәсіби маманға 100 000 теңге төлеп, сіз бір аптадан соң тапсырыстар ала бастайсыз, сату басталады және пайда түседі. Екінші жағдайда сіз жұмыскерге төлем жасауда үнемдейсіз, бірақ сатылым тек қана екі айдан соң ғана басталады, сіз алуға тиісті ықтимал пайдадан айрыласыз. Нақты сол үшін осы немесе басқа ресурстардың қажеттілігі туралы барлық шешімдерді уақыт тұрғысынан тексеруге болады. Ол үшін өзіңізге үнемі сұрақтар қоясыз: «Қандайда-болмасын күндегі өнімдерді сатуға қанша уақыт кетті?», «Бұл уақыт бөлігінде және ілеспе шығындарда (кеңсені жалдау, жұмыскерлердің айлықтары және т.б.) пайдалы болды ма?», «осы уақыт ішінде жарнама қаншаға шықты?», «Бұл шығындар мен беруді салыстырғанда пайдалы болды ма?» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет