Бизнес-ойлау психологиясы


Өздік жұмыстың тапсырмасы



бет57/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

Өздік жұмыстың тапсырмасы

Өткен сабақта сіз өнімнің прототипін құрдыңыз (немесе MVP мәліметтерін әзірледіңіз). Сіздің мақсатты аудиторияңызға оның қаншалықты сұранысқа ие екендігіне қатысты дұрыс шешім қабылағаныңызды қалай білуге болады?


Әлбетте, ең тиімді нұсқа – мақсатты аудиториядан сұрау, оларға сіздің өніміңізді ұнай ма, оны сатып алуға дайын ба, қандай бағамен және т. б. сатып алуға дайын деген сұрақтарды қою.
Мақсатты аудиториямен байланысыңыз тиімді болуы үшін сұхбат ұғымымен және техникасымен танысу керек. Дәл осыны біз бүгінгі сабақта зерттейміз.



  1. Сұхбат дегеніміз не?

Сұхбат сұрау нысаны ретінде сұралушымен жеке қарым-қатынас жасалады, онда зерттеуші (интервьюер) сұрақ қояды және жауаптарды сұхбат бланкісіне белгілейді.
Маркетингтік зерттеу тұрғысынан алғанда интервьюер мен респондент тұлғалардың арасындағы жеке ақпарат алмасу сұхбаттың негізгі сипаттамасы болып табылады. Бұл ретте сұхбат әдетте ұсынылатын тауарларды сапалы бағалауға, сондай-ақ олардың бағаларына, сондай-ақ жарнамаға байланысты зерттелетін мәселе бойынша ерекше ақпарат алуға ұмтылады.
Сауалдаумен салыстырғанда сұхбат алудың артықшылығы, ол - зерттелетін мотивация-құбылыстың әлеуметтік-психологиядық механизмдерін, тұтынушылардың ұсынылатын тауарға, тауарлардың ассортименті мен сапасына қызығушылығын ашып талдауға мүмкіндік береді.
Сұхбат өткізудің ең тиімді әдістерін қарастырайық.
"Экспресс сұхбат" әдісі пайдаланушының айналасындағы жағдайды білу немесе нақтылау қажет болған кезде "Бақылау және тыңдау" режимін пайдалана отырып жүргізіледі.

  • Экспресс сұхбат "дәл осы жерде және қазір" режимінде бір мәселені сынау қажет болған кезде пайдалы.

  • Прототип әзірлеу немесе жаңартуларды тексеру кезінде бірнеше итерация жасағанда әдіс тиімді болуы мүмкін.

  • Экспресс сұхбат фото және видео ақпараттарды бірінші жинау кезінде қолайлы болады. Бірінші аналитикалық кезеңде деректерді бұрмалап, өз бетіңізше, өз түсінігіңізбен түсіндірмей, сұхбаттың осындай түрінің бақылауларын қолдана отырып қадағалаулардың дұрыстығы мен сенімділігін тексеруге сізде әрдайым мүмкіндік болады.

Дайындық:

  1. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылап жазу керек.

  2. Қарым-қатынас барысында түзетілуі және/немесе өзгертілуі мүмкін 5-10 негізгі сұрақтарды құрыңыз. Сұрақтар алдын-ала жоспарланбай, әңгімелесу барысында да пайда болуы мүмкін.

  3. Сұхбат кезінде белгілі бір адамға сұрақ қоюға байланысты оқиға ойлап табыңыз. Экспресс сұхбат кезінде адаммен өз "контексінде", мысалы, ол адам өз міндеттерін орындап жатқанда немесе жолда кетіп бара жатқанда сөйлесуге тура келетіндіктен, өзіңіздің оған хабарласқандағы мақсатыңызды айтып бергеніңіз жөн.

Өткізу:

  1. Әңгімелесудің барлық кезеңінде "иә, сосын", ""әрине" "келіңіз бірге көрейік" және басқалары сияқты сөз тіркестерін қолдана отырып өзін бейтарап позицияда ұстау маңызды.

  2. Пайдаланушыға әңгімелесу барысында қысым жасауға болмайды: егер адам ойындағысын айтқысы келсе, оған мүмкіндік беріңіз.

  3. Әңгіменің желісін сұрақ қоя отырып жалғастырып, әңгімелесушіні көңіл қойып тыңдаңыз.

  4. Пайдаланушының сіз берген тақырыптан басқа жаққа ауып кетпеуін қадағалаңыз.

Талдау:

  1. Бақылау нәтижелері мен жазбалары бар стикерлерді өз әріптестеріңіздің ұқсас материалымен біріктіріңіз.

  2. Бұл материал алынған деректерді талдауға қажет болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет