Бизнес-ойлау психологиясы



бет165/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

5. Қоғамның алдында. Зауыттар өз қызметін жалғастыру үшін ауаны ластайтын көп отын жағады, нәтижесінде сол жердің барлық тұрғындары ластанған ауа жұтады. Сол себепті осындай зауыттың иесі тиісті салықтарды төлеумен қатар қоршаған ортаға аз зиян келтіретін өндіріс әдістерін ойластырып, енгізуі тиіс. Мысалы, күн батареяларын ішінара пайдалану, қоқысты лақтырмай, қайта өңдеу және т.б. Егер компания бір өңірде жұмыс істейтін болса, сол өңірдің тұрғындары компанияның негізгі жұмыс күшіне айналады. Сондықтан компания олардың өмір сүру деңгейі жақсарғанына мүдделі, себебі олай жақсы жұмыс істейтін болады. Сондықтан ірі компаниялар өздері жұмыс істеген жерде балабақшалар мен мектептер салады. Бұл олардың қызметіне тікелей қатысты болмағанымен, қызметкерлерінің өмірін айтарлықтай жақсартады, нәтижесінде болашақта компанияның табысты болуына үлесін қосады.
Осындай жауапкершіліктің үлгісі деп «Аналар үйі» жобасын келтіруге болады. Айдын Рахимбаевтың («BI-Group» холдингінің басшысы) бастамасымен өмірде қиын жағдайға тап болған, жүктіліктің соңғы айларындағы және жаңа туған нәрестелері бар әйелдерге арналған орталықтар желісі құрылды. Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың санын барынша азайту деген ниет еліміздің барлық өңірлерінде Аналар үйі деп аталатын үйі жоқ аналар үшін дағдарыстық орталықтардың ашылуына алып келді. Аналар үйлерінде бастапқыда өз баласынан бас тартуға және өміріндегі ең үлкен қателікті жасауға бел буған аналардың бәрін ойлануға, өз қатесін түсінуге, аналық бақытты сезінуге уақыты мен мүмкіндігі болады. «Аналар үйі» әлеуметтік жобасының идеясы үлкен қоғамдық резонанс тудырып, оған көптеген қазақстандық бизнесмендер қосылды. Олар жобаның демеушілеріне айналды.
Сондай-ақ «BI-Group» холдингінің қызметкерлері «BI-Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қорын – ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін оңалту орталықтарын ашқан. Холдингтің шамамен төрт мыңға жуық қызметкері осы жобаның демеушілері болып шықты.
Әйтсе де бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігі қоғамдық қорлар құру немесе қандай да бір нысандардың құрылысына, жөндеуге не ашуға қаражат аудару арқылы ғана көрініс таппайды. Тіпті кішігірім компаниялар да қоғам алдындағы өздерінің жауапкершілігін сезініп, оның дамуына үлес қоса алады. Олар тұтынушылардың ерекше тобына (зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға және т.б.) жеңілдіктер ұсына алады, оларға тегін консультациялар бере алады, жылына бір рет өз өнімінің бір бөлігін балалар үйлеріне немесе аз қамтылған отбасыларға тегін беруі мүмкін, жұмысқа мүмкіндігі шектеулі азаматтарды алуы мүмкін.
Осындай бастамаларды жасырмай, олар туралы әлеуметтік желілерде немесе компаниялардың корпоративтік сайттарында ашық айтудың маңызы зор. Біріншіден, тұтынушылар компания кірісінің бір бөлігі игі істерге жұмсалатынын біліп, бәсекелестердің емес, дәл осы компанияның өнімін көбірек сатып алатын болады. Қоғамда компанияның беделі артады. Екіншіден, басқа компаниялар оны өздеріне үлгі тұтады. Осылайша, уақыт өте келе Қазақстанда әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес және бизнесмендердің жетістіктерін мойындайтын қоғам қалыптасады.
Бизнестің қорларды ашуға немесе көмекке мұқтаж адамдарды іздеуге уақыты болмаған жағдайда, олар көмек қажет ететін адамдар туралы ақпараттарды қамтитын сайттарға өтініш айта алады. «Менің Атамекенім» ҚБ сайты (Atamekenim.kz) көмекке мұқтаж жандардың өтініштерін жариялайды, бұл ретте олардың жағдайы толық сипатталады және фотосуреттері бар. Кәсіпкерлер кімге көмектесетінін және бөлінетін соманы өздері таңдайды. Нәтижесінде, сайтта көмек көрсеткен компаниялар туралы ақпарат жарияланады, одан кейін бұл ақпарат басқа да ақпараттық ресурстарда және Қазнеттің әлеуметтік желілеріне шығады. Осылайша «Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» жобасы аясында алты баласы бар жалғызбасты анаға төрт бөлмелі үй тарту етті. Көптеген ірі бизнесмендер 2019 жылғы 24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен шағын бизнеске көмек көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет