6. АГРЕССИВТІ МАРКЕТИНГ Егер бизнесті кеңейту кезінде компания агрессивті маркетингке баса назар аударса, демек бюджетінің едәуір бөлігі жарнамаға және әртүрлі назар аударту тәсілдеріне жұмсалады. Мұндай тәсілдің мәні медиа-ортада аталған брендтің көпшілік арасында танылуына ықпал ететін және адамдарды белгілі бір өнімді сатып алуға итермелейтін тікелей жарнаманың көп болуында жатыр. Яғни адам бірнеше тауардан өзіне таныс тауарды алады. Бұл орайда жарнамалық материалдардың қызықты әрі айрықша болғаны өте маңызды. Аталған стратегияны қолдану тиімділігі оң болғанымен, ұзақ уақытқа бармайды.
Бизнесті кеңейту: қадамдардың сабақтастығы Кәсіп иесінің компанияның негізгі жұмыстарына көп қатыспаған жағдайында ғана бизнесті жеңіл кеңейтуге болады. Сондықтан кәсіпорынды кеңейтпес бұрын өкілеттіктерді беруді үйрену керек. Қалған қызметкерлер ағымдағы тапсырмаларды орындап жатқан кезде басшының күрделі стратегиялық мәселелерді пысықтауға, өндірістің даму жоспарымен жұмыс істеуге, маркетингтік жоспарларды ойластыруға және т.б. уақыты жеткілікті болады. Бизнесін кеңейтуді жоспарлайтын кәсіпкер өз жұмысын белгілі бір уақытқа басқа біреуге табыстау керек. Егер бұл жағдайда бөлімдердің барлығы жүйелі жұмыс істейтін болса, ал кірісті көбейту қарқыны бәсеңдемесе, бизнесті кеңейтуге болады.
Бұл процесс бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Мақсаттар мен міндеттерді айқындау. Бұл жерде кәсіпкер филиалдардың дамуынан немесе франшизаларды сатудан бастап қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетінін түсіну керек.
2. Кәсіпорындарды алдын ала талдау. Зерттеу барысында бизнесті кеңейту тиімділігіне әсер ететін көптеген факторлар ескеріледі. Фирманың құрылымында әлі де пысықтауды талап ететін осал жерлері болуы мүмкін.
3. Кеңейтудің ыңғайлы тәсілдерін іздеу. Бұл кезеңде кәсіпорынды кеңейтудің бар тәсілдерінің қайсылары нақты жағдай үшін жарайтынын түсіну керек және іс-шаралардың ортақ жоспарын әзірлеу қажет.
4. Жоспарды жүзеге асыру. Басшы таңдалған стратегияның іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылауы тиіс. Бұл жұмыстың біртіндеп өтуі маңызды, себебі кәсіпорын қызметінің принциптеріндегі түбегейлі өзгерістер көлемнің барынша көбеюіне және ағымдағы міндеттердің күрделілігіне алып келеді.
5. Негізгі көрсеткіштерді талдау арқылы өткізілген іс-шаралардың тиімділігін айқындау.
Егер барлығы дұрыс жасалған болса, компания тез дами бастайды. Бұл кезеңде ұйымдағы бүкіл менеджмент және маркетинг жүйесін қайта қарауға тура келетініне дайын болу керек. Кейбір жағдайларда жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу, ал жаңа құрылымда тиімсіз жұмыс істейтіндерді жұмыстан шығару керек. Бұл бизнесті кеңейту компанияның көлемін көбейтіпқана қоймай, кәсіпкерлік қызметтің мүлдем жаңа философиясын жасайтындығымен байланысты.
Кеңейтудің ең маңызды кезеңдерінің бірі брендтеу болып табылады. Бұл процесс компанияның миссиясы мен негізгі құндылықтарын айқындаумен және фирмалық стильді қалыптастырумен байланысты. Бұл сондай-ақ жаңа филиалдарды ашу және франчайзинг схемасы бойынша жұмыс істеу үшін де қажет. Брендтеу барысында компания жаңа бағдарларға ие болады: кірісті алудан басқа клиенттердің қалауын, қызығушылығын және дүниетанымын түсіну және оларға сай болу аса маңызды. Егер бұрын сіз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сатып алынатын тауарды шығарған болсаңыз, енді өніміңіз өмірдің белгілі бір деңгейінің нышанына айналуы тиіс.
Бәсекелестік күшейген кезде бизнесті кеңейту кәсіпорынды сақтап қалудың жалғыз амалы болып табылады. Желіңізді кеңейткен кезде тіпті франшизаларды сату туралы сөз болса да, сіз нарықтағы орныңызды нығайтасыз. Ал бұны жасамаған фирмаларға уақыт өте келе, басқа ірі ұйымдармен бәсекелестікке түсу өте қиын болады.
Кеңейтудың мәні, оның артықшылықтары және туындауы мүмкін қиындықтар туралы түсінігіңіз болған кезде сіз бұл мүмкіндікті алдын ала қарастыра аласыз. Ол үшін бизнестің жалпы стратегиясын жоспарлау және қалыптастыру кезеңінде оны болашақта әрі қарай кеңейтуді ескеру керек.