1. Өнімге шолу жасау
|
Өнімнің / қызметтің артықшылықтары туралы әлеуетті клиенттерге арналған қысқаша әңгіме.
|
2. Өнімдерді салыстыру
|
Өнімді / қызметті ұқсас өніммен салыстыру. Бұл жағдайда ұқсас өнімнің кемшіліктері туралы айтуға болмайды, одан гөрі компания өз өнімдерінің / қызметтерінің артықшылықтарына назар аудартуы керек.
|
3. Өнім тесті
|
Әлеуетті клиенттерге осы өнімнің басты артықшылықтарын көрсететін тест өткізу керек.
|
4. Өнімді пайдалану мысалдары
|
Өнімнің қолайлылығы мен тиімділігін көрсету үшін өнімді қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсету немесе айтып беру.
|
5. Компания жаңалықтары
|
Клиенттік ниеттестікті арттыру мақсатында әлеуетті клиенттерді компанияның соңғы жаңалықтарымен таныстыруға болады.
|
6. Компания персонасы
|
Клиенттік ниеттестікті арттыру мақсатында клиенттерге компанияның ең жарқын және көрнекті өкілдері туралы айтуға болады.
|
7. Компания туралы деректер
|
Клиенттік ниеттестікті арттыру мақсатында әлеуетті клиенттерді компания тарихынан алынған қызықты фактілермен таныстыруға болады.
|
8. Кейстер
|
Аккаунттың танымалдығын арттыру мақсатында әлеуетті клиенттерді компанияның жұмысы саласындағы қызықты бизнес-кейстермен таныстыруға болады.
|
9. Акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер
|
Өнімді / қызметтерді сату көлемін ұлғайту мақсатында, сондай-ақ әлеуетті клиенттік базаны ұлғайту үшін парақшада түрлі ұтыс ойындар, акциялар өткізуге, клиенттерге жеңілдіктер беруге болады.
|
|