Бизнес сабақтары



Pdf көрінісі
бет4/149
Дата23.12.2021
өлшемі5,44 Mb.
#127958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
biznes-uroki

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы         У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
 
 
 
www.palata.kz
                                             
                             
 
контакт-центр 59-79-60
 
6
 
I
 
БИЗНЕС НЕДЕН БАСТАЛАДЫ? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Экпресс-курсты  оқудың  алдында,  бір  сәт  аялдап,  бизнесіңіздің  идеясы  туралы  ойланыңыз,Сіз 
қандай  мақсатты  кӛздеп  отырсыз,  неге  қол  жеткіңіз  келеді  осыны  айқындадыңыз  ба?Нарықта 
сіздің  қызметіңіз  қалай  орнығу  керектігі  туралы  ойландыңыз  ба?  Сіздің  қызметіңіз  болмаса 
шығарған  тауарыңыз  кімге  арналады?  Сіз бәсекелестеріңізді  білесіз  бе?  Сіздің  тауарыңыздың 
ӛндірісі  немесе  қызмет  аяңыз  кімге  бағытталады  және  қалай  ұйымдастырылады?  Сіздің 
бизнесіңіздің келешегі қандай?  
 
Қызметтің мақсаты туралы толыққанды түсінік жұмысты жоспарлау барысында аса қажет. Егер 
сіз  нені  діттегеніңізді  анық  білетін  болсаңыз,  қарым-қабілетіңізді  орнымен  керек  жерінде 
пайдалана аласыз, жетістіктің кілті осында. 
 
Жетістікке  жету  үшін  сізге  Кәсіпкерлікті  қолдау  орталығының  білікті  қызметкерлері  мен  біздің 
Экспресс курс кӛмекке келеді. Кӛп жылдық тәжірибемізге жүгіне отырып біз сізге мынаны айта 
аламыз,  кәсіпкерлік  еңбек  бұл-  ӛте  қиын,  кӛпсалалы  ,  соған  қарамастан  сізге    материалдық 
және  моралдық  қанағат  сезімін  сыйлай  алады.  Ал,  біз  сізге  алғашқы  адымыңыздан  бастап 
қолдау кӛрсетуге дайынбыз.   
 
Кәсіпкер басқа адамдардан қалай ерекшеленеді? Егер сіз ешқандай ерекшелігі де 
айырмашылығы да жоқ десеңіз, жаңылысасыз. Келесі азат жолды оқығанша ойлануға 
мүмкіндігіңіз бар. Табысты кәсіпкер дегеніміз бұл- діттегеніне жете білетін, ынталы, іске 
құлшына кірісетін, епті жан. 
 
Егер  сіз  кәсіпкер  бола  тұра  мұндай  анықтамаға    адамдардың  аз  ғана  тобы  лайық  деп 
ойласаңыз; қалған адамдар ӛз ісін бастамау үшін мың сылтау ойлап табады:  

 
Істі бастап алып, ештеңе шығара алмай қалсам ше? 

 
Оны кім сатып алады дейсің, әлеуетті клиенттердің ақшасы жоқ. 

 
Салық органдары кез-келген бастаманы тұншықтырып тастайды. 

 
Елде дағдарыс болып жатқанда. 

 
Істі бастауға капитал жоқ. 

 
Криминалдық қысым жасау қаупі бар.  
 
Шынында  солай  ма?  Кейде  қате  пікірлер    адамдардың  тағдырына  кері  әсерін  тигізетінін 
ескеріңіз.  Қауіп  туралы  ойлағанда  неге  тәуекелге  бел  буып  ӛз  ісін  ашып,  командасын  құрып, 
бәсекеге  тӛтеп  беріп,  жаңа  идеяларын  жүзеге  асырып,  нәтижеде  табыс  тауып  отырған 
таныстарыңыз туралы ойламасқа. Бизнестің ең басты мақсаты- табыс  табу емес пе. 


Б И З Н Е С   С А Б А Қ Т А Р Ы        У Р О К И   Б И З Н Е С А
 
www.palata.kz
 
                                                 
                                 
контакт-центр 59-79-60
7
 
 
Жоғарыда  аталған  себептер  кәсіпкерлік  қызметі  азаматтардың  ӛзіндік  бастамасымен  немесе 
бірлестік  құру  арқылы  мүліктік  жауапкершілікті  ала  отырып  табыс  табуға  бағыттағанда 
туындауы мүмкін. Жалпы жеке істі бастаудың себептері әртүрлі. Кейбіреулер ӛзінің кәсіпкерлік  
 
талантын  кӛрсеткісі  келеді,  ал  біреулер,  жеке  идеясын  жүзеге  асырады,  тағы  біреулер 
жұмыссыздықтың  алдын  алады.  Ал,  сіздің  қалауыңыз  не?  Сіз  еркіндігіңізді  ақша  табу  үшін 
шектей аласыз ба? 
 
Шындығында  басқа  да  кәсіптер  сияқты,  жеке  бизнесіңді  бастауда  да  ӛзіндік  арртықшылықтар 
мен кемшіліктер болады: 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет